Posted in

ТҮЙЕ ӨРКЕШ

Түйенің өркешіндей болып дөңкиіп, төбе-төбе болып жатқан дөң, адырлар туралы. * Сеңгір-сеңгір таулардан, үңгір-үңгір құздардан, түйе өркешті шыңдардан, қыз емшекті тастардан өтіп, бұраң-бұраң сүрлеумен бес атты кісі бес құмырсқа боп өрмелеп, Алтайдың басына шықты. Ж.Айм. ~ Маратбектің көздеген нысанасы – қарсысындағы қос шоқының түйе өркеші. Одан әрі ирелеңдеп басталатын сай тереңдеп ұзап, ақар-шақар тірескен көп төбенің шатқалына ұласады. Төбе сайын қорым тас. С.См. * Түйе өркештенген адырлар бітіп, алдарынан далиып кең жазық ашылды. О.Бөк.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *