Posted in

ТҮКІРІГІ ЖЕРГЕ ТҮСПЕДІ

Беделі өсіп, билігі жүріп тұрды. * … Бас агрономның қазір "тіфу" деген түкірігі жерге түспей, дәуірлеп тұрған шағы. О.Сәрс. * Алыс-жақынға аса беделді, «тү» деген түкірігі жерге түспей тұрған облыстық соттың бастығы Қоқымбайдың әйелі Гүлиша аймақтағы партия мектебінен, бір жылдық саяси курстан көңілді оралды. Ж.Самит.* Қазақстан қайдасың деп тарта бер енді. Жолыңа кім көлденең түсер екен кәнеки. Жерлік патша ғой ауыл секратары. Ту деген түкірігі жерге түспей тұрған жас, жаңа бастық. Жоғардағы артқы тірегі де жойқын мықты көрінеді, – деп еді. Т.Рыск.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *