Ештеңе ұқпадым д.м. * Теріс айналды. Доскей дастарқан мәзірі үстінде қолынан кесесін түсіріп алған қонақтай, аңқиып, ыңғайсызданып қалды. Ішінен: «Түк түсінсем бұйырмасын» деп ойлады. Д.Досж. ~ – Әй, Бөден, сенің бүгін кеңседе қалғаның есте қалар іс болды. Мен қамалып қалыппын, есігімді ашып жіберші, – дейді өмірі түстен кейін орнынан таптырмайтын орынбасарымыз. — Есігі несі, жеңгеміз қайда? – деймін. Түкке түсінсем бұйырмасын. О.Әуб.
