Posted in

ТҮЛКІ БҰЛАҢҒА САЛДЫ

Алдамшы іс-әрекетке басты. ~ «Алып қашты» деген не сөз? Қарындасыңды бермейтін болған соң, арт жақты қыстық емес пе? ― Жә, түлкі бұлаңға салма! Іздеріңді кесіп келіп отырмыз. Тайға таңба басқандай сайрап жатыр! Б.Тоғ. ~ Мұндайда түлкі бұлаңға салып құйрықты ұстатпай кеткен ләзім. Д.Дос. ~ … жауапты тексерушілерді түлкі-бұлаңға салмау үшін саяси тұрғыдан аса сақ болып, жан-жақтарыңызға көздеріңізді ашып дұрыстап қарауларыңызды сұраймын, – деп бір тоқтап, қолын түсірді. М.Қан. ~ Күндер өте берді, қанша таң атып, қанша күн батқанынан өзі де шатаса бастады. Түлкі бұлаңға салған із жеткізер емес, жөңкіліп кетіп барады. М.Рам. ~ Амалсыз кідіре тұруға тура келді. Осы қалыпсыз күйін сезсе керек: Ол қандай мән еді? – деді серігі әңгіменің аяғын қалжыңға айналдармақ боп, қулана сықылықтап. Қу іші сезіп тұрса да, өзіне жуытқысы келмейді. Түлкі бұлаңға салып, жалтарып кетпек болады. С.Үс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *