Posted in

ТҮРПІДЕЙ ТИДІ (КӨРІНДІ)

Ауыр тиді, жанын жаралады; тым өрескел көрінді. ~ Мәкіш өзінің Абайға қатты батқан сөзінен қысылып қалды. Ыңғайсызданып күлді де: – Япырай, сөзім саған түрпідей тиді-ау, Абай. Ділдә байғұстың не жазығы бар еді? М.Әу. ~ Жарайды, жарайды, – деп ыңғайсызданды Шой езуінің жылуын тез жиып ап, бізді терезеге қарай итермелеп (Сірә, Мергеннің кімге де болса түрпідей тиетін тік мінезінен тіксініп қалған- ды). З.Қаб. ~ Шал қанша “берік болайын” десе де, тосын қаза еңсе көтертпей қойды. Содан талай күн үйінде бүк түсіп жатып алған. Найзабайдың өстіп бүк түскені ауылдағы кей үлкендерге түрпідей тиіп еді. Қ.Найм. ~ Қысқа қарай, әлде келер көктемде, Мұқан аға өзі жаздырып алатын, қызықсыз деп мен оқымайтын «Социалистік Қазақстан» газетінде «Ақын ағаны» ұнатпай, кінәлап жатыр деген жайсыз хабар айтып еді. Маған түрпідей көрінген. М.Мағ.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *