Қиқу салып шешімтал әрекетке (ұрлық, барымта, қыз алып қашу т.с.с.) баратын кез. ~ Ақтабан болып шұбырып, Сұларда жолдан жырылып, Көз аша алмай шаңнан біз, Жоғалса бала, кәріміз, Жоқ іздеп тірі – бәріміз, Түрт те қаш түнде алаулап, Шекпенді шидем жалаулап, Қиқулап самала салғанбыз. Я.Аманд. ~ «Үйде- тұғымыз.Көзіміз жаңа ілінген. Ат кетті!Ат кетті! деген ащы дауыстан атқып шықтық. Ұста да ұста! Ұмытыл да ұмтыл! Жайдақ атқа мініп мен қуайын. Беталды шаптық.Түрт те қаш түн, қайдан ұстайсың?! Салбырап оралдық.Қарауылы екеу еді, не қара басқанын?!» Ес.Тоқтасын.
