Posted in

ТҰЯҚ ІЛІКТІРДІ (ІЛДІ)

Көздеген жеріне келіп жетті; мақсатына қол жеткізді. ~ Үстірттің тақтай жазығымен салдыртып отырып, көш араға апта салып Өкім-Қиықтың сорына құлап, екінші апта Самның құмына да тұяқ іліктірді. С.Ел. ~Үн-түнсіз жоғалып кету тағы ыңғайсыз. Оның үстіне Қарасай кеудесін сүйретіп, соңғы курске әрең тұяқ іліктірген көптің бірі болса сөз бар ма! Оқу озаты. Қ.Жиенб. ~ Қара құрттай қаптап саудырап жылжыған қара қойлар шағыл етегіне тұяқ ілісімен шашырай байыздап, тоқтай жайылады. С.Ел.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *