Posted in

ТЫНШУ БЕРМЕДІ

Мазалай беріп, тынышын алды. ~ Әншейін адамның кейбір кездері ойға оралып, тыншу бермейді, – деп, екіұштылау сөйлеп, шын айтар сөзін ішке бүкті. А.Жақ. ~ Қамықпаңыз, Махмұт аға, Бағиланың сізге деген ықыласы оң. Тыншу бермей сізді қинап жүрген сезім оның басында да бар. Түбі қайырлы болсын деңіз. О.Бөк. ~ Тайжан қабақ астымен анасының әр қимылын бағатын бір әдет шығарып алғанын өзі де аңғармап еді. Тек өрмекші торына түсіп, бебеу қаққан шыбындай шыжбалақтаған елбек ой бұған іштей тыншу бермейді. П.Дүй. ~ Міне, осы бір тастаяқтай қақтығысып тыншу бермейтін түпсіз ой Махмұт жүрегіне ақпанды азынатып жүрген. О.Бөк.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *