Күш-қуаты сарқылмаған, қауқарлы д.м. * «Жұттан аман қалар ел бар ма? Қазірде тың тұяқ тұрған кімдер?» дескен уақытта, Базаралы: – Ат төбеліндей аз ауылдар аман болар. Ырғызбай, Көтібақ, Жігітек, Бөкенші ішінде жақсы қыстау алып, жерді мол басқан ауылдар әзір қысылған жоқ, – деді. М.Әу. * Заманнан заман озғанда, пәлен ғасыр, неше жүз, әлденеше мың жылдан соң, ата жұртта, шын еркіндікте күн кешіп жатқан жаңа бір әулет, тың тұяғымның түсіне кірем, яғни ешқашан өлмеймін, ұрпақтан ұрпақтың санасына өтіп, қанша мәрте, бәлкім, мәңгіге қайта тірілуге мүмкіндігім бар деген жіптік сәуле ғана көңілге медеу. М.Мағ. ~ Сыртына шығарып айтпаса да Несіпбай сонда: "Құлжатай байғұс босқа еңбек етіп жүр ғой, басқа тың тұяқтау біреуді асырасайшы. Мынау сынып кетіпті, ісік мынау. Орнынан тұрудан қалыпты. Не болар дейсің?" – деп еді. М.Әу.
