Posted in

ТЫП-ТИПЫЛ ҚЫЛДЫ (ЕТТІ, БОЛДЫ)

Түгін қалдырмады; жермен-жексен қылды. * Ақ шашы жалбыраған Матрена апай иконаның алдына тізерлей отырып алып, шоқынып жатыр. — Не жаздық? Айтшы сен, Мария – қудай анасы. Қайыр сұрап кеткеннен басқа неміз қалды!.. Өлімімді қалайсың ба?.. Ұрлады… Тыптипыл қылып кетті! С.Смат. * — Әй, албасты қатын! Ана қойларыңды неге егіске қаптатып қоя бердіңдер-ей, а? Қарашы, әне, қарашы, топалаң келгірлер көкпеңбек егісті таптап, отап, тып-типыл қып барады ғой, әне. Өй, әкеңнің көрін… Д.Әш. * Өзімде қаныма қарайып жүр едім, кек қайтқандай болды.Бәрін қиратып, тып-типыл етіп, сол 500-дей адам-мен Ковпакқа келдік. А.Жақс.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *