Есін жимай құлап түсті; тоңқалаң асты; аяғы аспаннан келді. ~ Оның алдында қолдарында құманы, орамалы жалаң қағып, екі-үш қатын жүр. Дәуде болса, Әлімбайдың кемпірі тырапай асқан болар. Ж.Айм. ~ Өстіп жүргенде, қалай екенін тағы ешкім білмейді, жер шарын тітіретіп, жарты әлемді табанына басып тұрған советтік жойқын мемлекетіміз тырапай асып құлады. М.Мағ. ~ Сенбейтіндері – шалдары. Олар менің қулығыма құрық бойлатамыз деп жүріп ертең тырапай асады да, сенгіш жастары қалады. Ғ.Қаб. ~… білек сыбана Отанға қызмет етейік деп құлшынып жүргенде, Совет үкіметі бар болғыр, бұршақ ұрған көтерем тоқтыдай, бір-ақ күнде тыраң етіп тырапай асқаны Құдай атып! Т.Сәу. ~ Батыр тартқан жебенің кері серпіген тепкісінен Тайбурыл теңселіп кетті, жай оғындай жарқыраған қызыл жебе арқардың жүрегін көктей өтіп, жеті қат жер астына сіңіп жоғалды. Арқар тырапай асты. М.Қаб.
