Артына қарауға мұрша бермей, дірдектетіп қуды. * Қырсығы шаш-етектен сол қыңыр қысты мына көктем, алтын күрек көктем құйрыққа теуіп, ауладан айдап шығып, ақ бас таудың сауырынан сыпырып түсіріп, кішкене қаланың көшелеріне табан тіретпей, әйда, алыс-алыс қырға тырқыратып қуып барады. М.Қаб. ~ Екі кісінің басы қосылса: «Немістерді тырқыратып қуып барамыз, алды– артымызға қарамаймыз; менің қолымда снайперский мылтық; окопта аңдып жатырмын, қылт еткен немісті жібермей басып қалып жалп еткізіп, тымақтай ұшырып түсіремін… О.Бөк. ~ Соның өзінде төбелессіз, жанжалсыз қайтқан кештер сирек. Еруліге қарулы дегендей, жалғыз– жарым қаңғыған қалалықты көрсе бұлар да тырқыратып қуып беруді шығарды. Ә.Асқ.
