Орындалмас арманға, алдамшы мақсатқа қол созды. ~ Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе, Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе. Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып, Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе? Абай. ~ Мұның атын… Әлгі не деуші еді… ә, жастық романтика. Есейген соң қалады ол. Кәдімгі сағым сияқты ыдырап кетеді. Сағым қуып қайтесің, Ләзтай?! Т.Ахт. ~ Мына күмбезді кім салдырса да бір-ақ мақсаты болған. Қайтсе де ел ішінде Айша беделі арқылы өз әмірін жүргізу, өз үстемдігін нығайту. Сағым қуаламаңыз сіз одан. С.Шай.

