Ойын нақыталй түсу үшін қолданатын қыстырма сөз. * Бірақ соның жақсылығын шынымды айтсам, әлі көргем жоқ. Т.Әбдік. * Шынын айтсам, бұл о баста Қожа емес, Қожаберген екен. Б.Соқп.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ШЫМЫЛДЫҒЫ ЖЕЛБІРЕП ТҰР
Күйеуге кеткелі отырған, не жаңа ғана келін боп түскен әйел туралы. * Сол шақта тепсеңдегі елден де хабар жетті: «Ұмсындық қызды күйеу жұрты алып-қашып кетіпті!» – деген. Бұл хабарға онша да таң қалмаған-ды, өзі де шымылдығы желбіреп тұрған бойжеткеннің ерте жарықта кеткені де дұрыс шығар деп түйген. Ш.Құм. ~ – Қандай ақымақ болғанбыз! – деп күлетінбіз. – Дариға жеңгеміздің ақ шымылдығы желбіреп тұрған кезі еді ғой! Нұрағаңның «әй, күшіктер!» дегені – үй леріңе қайтпайсыңдар ма дегені екен-ау! Ә.Тар. * «Ал тездетейік» деп сағатына қарағыштап Тегешбай ағамыз тызақтайды. «Ау, қайда асығасыз. Құдайға шүкір, үйдегі жеңгей шымылдығы желбіреп, кеше түскен келіншек емес қой» дейміз әзілдеп. Ә.Ізбай. * Мәселен, біздің ауылда Іңкәшай деген жақын жеңгеміз де бүгін келін боп түсіп, ертеңіне ағамыз соғысқа аттанып кетті. Шымылдығы желбіреп жас қалды. Өле-өлгенше ерінің жолын тосумен өтті, жарықтық… М.Жолд. * Шымылдығы желбіреп отырған Уәсиласы түскір Әлиге айтпай ауданға барыпты. Отан үшін жанын да, тәнін де аямаған еріне қызмет сұрапты. Р.От.
ШЫНЫН ҚУҒАНДА
~ Әй, Қанат, батаны сен жасайсың. Алыстан келген қонақсың. Оның бер жағында, Ақтоты жеңгеміздің қолында өскеніңмен, шынын қуғанда құдасың. Жас секратар бас жейді. Бата сенен болады. Мұсылманбыз ғой? — деп отағасы көзін қысты. Т.Рыс. Ақиқатын айтса, шынына келсек. ~ Ал мынау адам баласы құдайды ұмытқан. Өздерін сонша ақылды, керемет санағанымен, шынын қуғанда қандай қораш! Қандай лат!Құс құрлы махаббат, құс құрлы опа болмады-ау бізде!.. — деп зарлап қоя берді. Ж.Сәм. * Әй, Қанат, батаны сен жасайсың. Алыстан келген қонақсың. Оның бер жағында, Ақтоты жеңгеміздің қолында өскеніңмен, шынын қуғанда құдасың. Т.Рыск.
ПОДБИТЫЙ ВЕТРОМ
1. Плохо предохраняющий от холода. — желең киім. 2.Вертопрах; пустой, легкомысленный, ветреный ч-к.
ШЫЛБЫР СҮЙРЕТУ
Алыстап кету?. ~ Қыл шылбырын сүйретіп, Қай шумағың шашау жүр? Әбден сені үйретіп Алдық білем, асау жыр. Қ.М-Әлі. ~ Сұңқар да бірақ бір кісілік әлі бар, шылбыр сүйретіп, асау үйретіп, көкпар тартып жүрген жан. Тақымы тегеуірінді. А.Алт. ~ «Ал, қалай?» – дейді екеуі. Сонда шолақ қол айтады: — Менде мынадай өнер бар, – дейді. — Мен шылбырын сүйреткен тайпалған қара жорға боламын, – дейді. ҚЕ.
ШЫЖЫМЫНА ОРАЛДЫ
~ "Шыжымына оралып, итжемеде өлетін болды-ау", — деп, Көкжендетін аяған Сері: "Бопым, Бопымдап" шақырып, көрінген тоғай құсының шаңқылдаған даусына елегізіп жүре-жүре, тас қараңғы орманға қалай бойлай кіргенін де аңғармады. С.Жүн.
ШЫЛБЫР ТАСТАДЫ
~ Иә, ел еркіндігі, ел азаттығы туралы заңдар қабылданған тұстарда жарғақ құлағы жастыққа тиіп жарымағандар санатынан Сафуан жиі көрінді. Жас жазушының шығармасына шылбыр тастау, классик жазушының музейін ашқызу, мазарын көтерту — бәрі де оны мазалайды. Х.Ерғ. ~ Мен жақсылап жүргенде, Ол жамандап үлгірді. Талай тастап шылбырды, Сүйреп едім құрғырды, Есін жинап алған соң Жігерімді құм қылды. Х.Ерғ.
ШЫҚ БЕРМЕС ШЫҒАЙБАЙ
~ Қ а л и. Бұл заманның шық бермес шығайбайы үйінде ме, көрсетші көзіме! Орынбасар. Арқасымен қарсы алып міне тұр, тақсыр! Ғ.Мұст. ~ Оймауыт даласынан Нарқамысқа қарай шұбырған аш ел Құлатайдікіне соғып түней -түстене өтеді екен. Құлатай сол жылдары "шық бермес Шығайбайдан" асып түседі. С.Ел.
ШЫЛБЫР ТАСТАР ЖЕР
жАҚЫН ЖЕР.
ШЫҚҚАН КҮНДЕЙ ШЫНДЫҚ
* Ұрлап кетсе, күйеуіне күшпен қосқан болса – екі арада анау айтқан махаббат та болмаған ғой… Иә, қайдан болсын, ол жағы шыққан күндей шындық. Ә.Асқ.
