~ Көкем де ебелек қағып «Саламалайкүмін» жолай айтып ат шылауына жармасып жатыр. Б.Мом. ~ – Әрине, сгенің үшін жазықты емессің. Бірақ шылауыма жармасқаның көргенсіздік! О.Сәрс. ~ Жұрт түгел не болып, не қоятынын жөнді білмей, дүбараланып қалған. Бастық бала орнында екен, шылауына жармаса кеттім. Н.Дәу.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ШЫДАС БЕРДІ
Төтеп берді; қирамады; шыдай алды. * Заңсыз салынған үйлердің орналасқан аумағы табиғи апаттарға шыдас бере алмайтынын тағы бір мәрте көз көрді. БАҚ * Зымыраннан шыққан от жалынына саз балшық керамикасы ғана шыдас береді.
ШЫЛАУЫНА ІЛЕСТІ
~ Әйтсе де, Демежан өзге дүниені өзгерте алмағанымен, ақ көз ағайынның шылауына ілесіп, жетегінде кете алмас. Қ.Жұм.
ШЫДАС БЕРМЕДІ
Қиындыққа шыдамады, жауына төтеп бере алмады, жеңілді, ықты. ~ Түу ит арқасы қияннан басын қауіпке тігіп сен болмасаң, қай екі туып, бір қалғаным іздеп келеді, – деп желдей есті. – Жүйрікке де біртомар, жаны патшалық қанша шыдас берер дейсің. О.Бөк. ~ Байлархан да аттан құлады. Қимылдауға аяғының ауырғаны шыдас бермеген. АҚ. "Арпалыспен…"
ШЫЛАУЫНА ОРАЛДЫ
~ Иә, Мұқажан, сен Мырзабайдың баласы едім де, дұрыс,— деп атынан түсті. Мұқажан болса шылауына орала кетті. Атты белдеуге емес, анадай жердегі кісі бойындай биік қазыққа байлады. С.Бақб. ~ Назарқұл Сұранышбектің үйіне келіп түсті. Түскен жоқ– ау, көкшолақтың үстінде шіреніп: – Сөйлес– ау! – деді. Жолаушының шылауына оралған жан болмады. Т.Әл.
ШЫЖАҚ ҚАҚТЫ
* Шәрбан балапанын жылан жұтқалы тұрған әлсіз қарлығаштай шыжақ қақты. Ж.Ш.
ШЫЛАУЫНДА КЕТТІ
~ Әлемдік сурет өнері үлгілеріне иек арта отырып, олардың шылауында кетпей, қазақ көркемсуретіне ұлттық дәстүрлерді молынан енгізуді, ұлттық болмыстың құндылықтарын барынша паш етуді мақсат еттім. Ә.Асқ.
ШЫЖАЛАҚ ҚАҚТЫ
* ـــ Құлдығым, ау, батыр! Баланы өлтіріп аламыз ғой, ـــ деді шыжалақ қаққан батырдың әйелі де жалбарына. Б.Жұм.
ШЫЛБЫР-ТІЗГІНІН УЫСЫНА ҰСТАДЫ
Билікті ешкімге бермеді. * «Бұйырған жоқ, жасы үлкен аға әрі бір кафедраның шылбыр-тізгінін уысында ұстаған профессор басымен өтінгенде, бұлданып бес күндік арам терімді қимағаным азаматтыққа сын емес пе» дейтін. Т.Сәу. * Шылбар-тізгінін уысында ұстаған ұлұғ мәртебелінің дегенін екі етуге әддісі қане. Иек изеген жағына дедектей жөнелген. Т.Сәу.
ШЫЖБЫҚ ҚАҚҚАН
Жеңіл мінезді, ұшып-қонба, жеңілтек, шоштаңдаған.
