Posted in

ТАҢДАЙҒА ТЕПТІ

Дәмі бірден сезілді. ~ — Баяғыда, студент кезімізде осы ливер колбасасы майы шығып, таңдайға теуіп тұрушы еді, осы күні дәм-сөлінен айрылған бірдеме, — дейді Шұғайып. Д.Дос.

Posted in

ТАҢҚЫ ТАНАУ

Шолтиған, бетіне жабысқан келте, кең мұрын ~ Ал таңқы танау қонақтың былқ етер түрі жоқ. Быжылдаған қара шайнектен мұрныңды жарып әдемі хош иіс бұрқырайды. Ә,Кек, ~ Сіңлісінің аты Роза, күйеуі Сергей: ашаң жүзді, таңқы танау, көк көзді, өзін Сергей Сергеевич деп таныстырды. В.Шук.~ Оның балағынан сорғалап қан жосиды. — Қасықтай қанымды қиыңдар! Жаңылдым, жаздым… Шаршы денелі, таңқы танау, бидай өңді, қаулап өскен қалың қара сақалды Манапхан қалш- қалш етеді. Т.Рыск. ~ Үңірейген таңқы танау мен көп қайнап сілікпесі шыққан кәрі қойдың шеке құйқасындай жықпыл- жықпыл боп төбесіне қарай жиырылып қалған тәйкі маңдай бұлыңғыр сәулеге ілесе жылт етті де жоқ болды. К.Сег.

Posted in

ТАҢДАЙДЫ (БІРЖОЛА) АҒАРТТЫ

Түбіне жетті; аштай қатырды д.м. * Енді бірі: көк биенің бауыры астаудай болып ісіп, сенделіп келгенде «таңдайды біржола ағартайын дегені ғой» деп, тағы да егіліп, зарланып жылап жіберді. Ол жылаған соң, әжесі де солқылдап жылады. Үйді айнала беріп, Қартқожа да жылады. Ж.Айм.

Posted in

ТАҢДАЙЫН ЖІБІТТІ

Азын-аулақ ақ (су) ішіп, шөлін басты; ішіне ел қонды. * Жылдан жылға Жұман үйінің шаруасы тұжырылып, тұқыра берді. Таңдайын жібітіп отыратын «бір бие бұлақтың басы, екі бие елдің асы» деп дәтке қуат қылатын, жалғыз көк бие еді. Ж.Айм. * Айнала сиырдың жапасы, қой-ешкінің құмалағы. Жақын маңның таңдайын жібіткен жалғыз бұлақ осы болса керек. Т.Сәу. * Коктейльге қалай қарайсыз? — дедім. — Таңдайымды жібітуім керек. — Қаласаңыз вагон-ресторанға барайық. Жүріңіз. Дж. Сэл.

Posted in

ТАҢНЫҢ АТЫСЫ, КҮННІҢ БАТЫСЫ

Ерте таңнан кеш батқанша. * Орақтың қызған кезі. Ауылдың шығыс тұсындағы қырман басы таңның атысы, күннің батысы толассыз қарбалас. С.Елу. ~ Таңның атысы, күннің батысы, бір дамыл жоқ, бұта мен тікен іліп жыртқан киімі де алба- жұлба. Сәйгүлік те арықтап бітті. А.См. ~ Таңның атысы, күннің батысы көк теңіздің үстінде тынбай теңселіп тұрған кеме — әрі жатағы, әрі жұмыс орны. Ү.Жәл.

Posted in

ТАҢДАЙЫ АҒАРДЫ

Мал бітіп, аққа қолы жетті. * Иә, бұл — Бақтыбай көрші. Маңдайына жүздеген ақтылықаралы мал бітіп — шала байып, таңдайы ағарғалы оның қан жайлауға тұңғыш шығуы. С.Жүн.

Posted in

ТАҢДАЙЫН САУДЫ

Тіл мен жаққа сүйенді. ~ Есіктегі иттей жасынан сұқ көз болып сүйекке телмірген қажының қабаданшылы. Таңдайын сауып, тоқсан түрлі құбылып, тоғыз саққа жүгіріп отыратын жез таңдай, қу құйрық. І.Жанс.

Posted in

ТАҢДАЙЫ АҒАРМАС

Жарымас, оңалмас д.м. * Аттың тұрысынан-ақ шын жүйрікті таныған сұңғыла батыр: «Аһ, атаңа нәлет, сендей тұлпарлар тұқым алмай қалған еліңнің екі дүниеде таңдайы ағармас» деп тістеніп, басын шайқады. С.Жүн.

Posted in

ТАҢДАЙЫНА БАСТЫ

Аузына салды. ~ Үйірсек аттай емпеңдей берсең — ағайынға қадірің болмайды, — деп, Байсұлтан бір тілім қазыны таңдайына басты. Ә.Асқ. ~ Бастық жақсы көрді. Сенді. Басқадан шоқтығым биік жүрді. Бұл жаман ба?! — Ол шоқтықтан не пайда, таңдайыңа басқан дәнемең жоқ! Ж.Алтайб.