* Бүкіл ауыл шу-шұрқан болып, құстың шуылы зәремізді алды. Ы.Дәбей
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ШӨҢГЕДЕЙ ҚАДАЛДЫ
Жүрегін удай ашытты. * Әрі жүрегіне шөңгедей қадалған, сорып, шаншып мазалайтын өзгеге ұсақ, өзіне ұлы қасіреті бар-ды, сол оянды. Ж.Нәжім.
ШУ-ШҰРҚАН ҚЫЛДЫ (БОЛДЫ)
* Аттылар дегенмен ат үстінде екенін пайдаланып, омыраулатып, ауылдағы бірлі-жарымды араға түскен әйелдерді, топты тамашалап келген қаратабан, қызылжұдырық балаларды бақыртып, ат ойнатып жұртты шу-шұрқан қылды. Б.Қыд. * Енді бұдан кейін қысылмай көр. Өзің сағынып туған аулыңа қолың зорға тиіп пәлен жылда бір келсең олар қызыл тақия киісіп, шу-шұрқан болып жатса, бұған қалай ренжімессің. Б.Қыд.
ШӨП БАСЫН СЫНДЫРМАДЫ
Түк бітірмеді. * Арада жыл өтіп барады. Таққа отырған Болат ойраттарға да, орыстарға да шөп басын сындырған жоқ. Ә.Кек. * Ол жан қинап жұмыс жасамайтын кежір*, шөп басын сындырмайтын кер жалқау кісі екен. Ү.Жәл. ~ Бастық шақырып алып тапсырма бермейінше шөп басын сындырмай отырады ғой, байқадың ба? Ғ.Қабыш. ~ Солай. Өміріміздің бар үміті деген ұлы мен қызы қазір әке-шешелерінің қолынан жұмыс алмақ түгілі оларға қосымша жұмыс болып, сәнділігінен көз сүрінетін сарай-үйлерінің әрқайсысы бір бөлмесін алып «шөптің басын сындыруға» да жарамай жатыр. Е.Әлім.
ШУ АЯҚ
~ —Байғұс-ау, өзгенікі өзге, пұшық қайтеді оны? Біреудің малын бақпақ түгіл өзінің аяғын алып жүре алмайтын шу аяқ сорлы. «Қашарыңда қашарсың, лақтарыңда қайтерсің» деп, алмақтың да салмағы бар емес пе… І.Жан. ~ Шешеңді менен сұрасаң, Сары үйсіннің күңі еді. Олжалап әкеп Досымбек Шу аяқ күң қып жүр еді. "Жәнібек б." * —Байғұс-ау, өзгенікі өзге, пұшық қайтеді оны? Біреудің малын бақпақ түгіл өзінің аяғын алып жүре алмайтын шу аяқ сорлы. «Қашарыңда қашарсың, лақтарыңда қайтерсің» деп, алмақтың да салмағы бар емес пе… І.Жанс.
ШӨП ЕТКІЗІП СҮЙДІ
~ Әжемнің әжімді маңдайынан шөп еткізіп, бір сүйдім де, жүгіріп тысқа шығып кеттім. Шіркін, бүгінгі кеш қандай әсем еді. Б.Соқ. ~ Жүрегі тарсылдап соққан жігіт көзін жұма түсті, қазір келеді де, шөп еткізіп мұның бетінен сүйеді. С.Шай. ~ Намысың бар екен, − деп, қыз бетімнен шөп еткізіп бір сүйді. Сүюге сүюмен жауап беру керек пе деп бата алмай тұрғанымда, қоңырау зарлап қоя берді. Ш.Мұр.
ШУ ДЕГЕННЕН (ДЕГЕНДЕ)
Бірден, салған жерден. ~ Сенің осал жағыңды тауып алып сығалап, ішіңе кіріп кетеді. Міне, сендер, шу дегеннен оларды бойларыңа дарытпауларың керек; алдауына түспеу керек… Ж.Айм. ~ Оның үстіне мен оған елінің азаттығы үшін күресіп жүрген бір батыр жігіт боп көрінген тәріздімін. Қысқасы, біз шу дегеннен тіл таптық. Сөйтіп, бір-екі кездескеннен кейін, екеуміз қол ұстасып елге қашпақ болдық. І.Ес. ~ «Біздің осылай уәделескенімізді Фондерсонға айтып едім, ол шу дегенде жаман ашуланды. І.Ес.
ШӨП ЖЕЛКЕ
~ Сізді бір күн демалсын деп әдейі мазаламадым. Телевезер шіркін анық көрсетті, патшаның өзі тура кеп құшақтап, бауырына басты ғой. Неге төрге отырғызбағанын қайдам. Бірақ, төрге отырған шөп желке көк¬-көздерден абыройыңыз асып кетті, — деп бір тоқтады. Қ.Түм. ~ Бұл институтта оқитын қыздар ауылдан келгендер жəне жұрттың аңыздауына қарағанда, қаланың ұшып– қонған шөпжелке «сəкəкулері» емес, даланың талшыбықтай бұралған сұлу, шетінен салиқалы, ибалы, Абайша айтқанда: «Білектей арқасында өрген бұрым, шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын» есіңнен тандыратын арулар. Демек, ылғи Тоғжандар… З.Қаб. * Бағданның төбесінен жай түскендей дүйім жұрттың аузында жүрген, «талантты суретші» деген атақ әперіп, мұны даңққа бөлеп келе жатқан картина мына бір шөп желкеге ұнамайды. Кім өзі бұл соншама?! С.Шайм.
ШУАҚҚА БӨЛЕДІ
* Әсіресе, жазушының "Ақбілек" романы — бастан- аяқ ішкі ұйқасы, ішкі сазы, ішкі үндестігі бар, ақ өлеңдей қабыл- данатын ғажап, көркем дүние. Мұндағы Алтай тауының табиғаты оқушының көзінің жауын алып, көңілін шуаққа бөлейді. С.Дәуіт. * Бұл қызды білгенім де кеше ғана ғой… Сонда қалай болғаны? Бір күн ішінде Гүлзина жүрегімді баурап, жан дүниемді шуаққа бөлегені несі? Ә.Асқ. * Көріпкелге қарсы ешкім де жауап қатқан жоқ. Ол көкке қараған қалпы әлденелерді айтып, жалбарынды. Көктен ерекше нұр құйылды. Көріпкел мен Жерді ерекше шуаққа бөлеп бара жатты. М.Рамаз. * Қара жартастың сол жақ бауырынан енді ғана көтерілген күн көзі жер — дүниені шуаққа бөлеп, баяу жылжып келеді. Қ.Жұм.
ШӨП ҚОРЫҒАН ИТТЕЙ
~ Таласпаймын. Сенікі дұрыс, Бектемір. Сендейлердің колхозда көп болғаны да дұрыс. Шөп қорыған төбеттей біріңді бірің аңдисыңдар. С.Смат. ~ Әрине мен Бектемірді ит етінен жек көрем. Шөп қорыған төбет қой ол. Өзі де жемейді, өзгені де жолатпайды. С.Смат.
