~ Сөмпиіп елге қайтып бару — өлімнен де қиын. Сөйтіп жүргенде ғой Жалмаңгүлдің бұны шуда жүндей илеуге алғаны. Ә.Тар.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ШӨПКЕ ОТЫРАР
* Жарайды Омарбек келмей-ақ қойсын, мына осындағы Дулат — Шапыраштының бұрынғы шөпке отырар, мен тәуірмін дегендерінің ақылы кеткен, олар неге келіп қажының қолын алмайды, қалай-ақ осынша тобырдың ішінде Шалтабайдың Омарбектен өлсе өлігі артық болатынын білегін бір адам қалмады екен? Б.Қыд.
ШӨЛІН БАСТЫ
ШӨЛІН БАСТЫСусындады. * Мен бергі бетке тура үстерінен басып өттім, қаперсіз ұйықтап жатты. Тіпті, өздері қайнатып ішкен шәугімдеріндегі шайдан ұрттап, шөлімді бастым. Мұншалықты саппас болар ма. О.Бөк.
ШӨПТІҢ СОНЫСЫ, СУДЫҢ ТҰНЫҒЫ (БАР)
Жанға жайлы, малға ыңғайлы жер. * Бірақ, терминдер өзгергенмен, оның мән-мағынасы сол күйінде қалды. Бәрібір сол отырықшылар «өркениетті жасаушы мәдениетті халықтар» да, көшпелілер малдың соңынан еріп, қайда шөптің сонысы, судың тұнығы бар деп жүрген дала кезбелері болып есептелінді. Қ.Салғар.
ШӨЛІН ҚАНДЫРДЫ (ШӨЛІ ҚАНДЫ)
1. Әбден шөліркеп, өзегі кепкен адамның армансыз сусындап, шөлін басуы туралы. * Өзі де сол аттың бауырына түсе еңкейген қалпымен, алақанымен көсіп-көсіп уысына ілінген суды ұрттап шөлін қандырған. О.Бөк. * Иен түзде жаяу қалған Малтакең етегіне малтығып, өкшесі тесіліп, кенезесі кесіліп жүріп, Жіңішкенің бойына жеткенде су ішіп, шөлін қандырады. Ғ.Біл. * Қожайын шаңқай түс бола зорға тұрады, одан жайланып отырып шай ішеді де, шөлі қанған соң тағы да өзінің фокусын бастайды. Чехов. 2. Аңсаған, құмартқан нәрсесіне қолы жетіп, көңілі жайланды д.м. * Ақын — елдің ақыны Оған қарауыл, керей деп екі араны бөлер деңгей жоқ. Халықтың шөлін қандырып, бас қосқан жиынның көркі болу, жаңа ән, жаңа сәнмен күйге қосу ақын парызы. С.Жүн. * Көптен бастары қосылмай ындыны кеуіп, «сусап» жүрген кәрілерге күні-түні шариғат айтып, шөлдерін қандырған. С.Жүн.
ШӨПШЕҢ ҚАҚТЫ
~ Әсіресе, Рецті алыңыз. Арық тауықты қанша жек Көрсе, семіз тауықты сонша жақсы көреді. Аппақ төс етін, санындағы бос етін жегенде шөпшең қағады. Құсты асырап, жемдеуін ауырсынғанмен, жақсы жемделген тауықты, жемсауы майлы үйректі жеуді қиынсынбайды. Б.Қыд.
ШӨМІШ ҚАҒУ
Көнеден қалған ырым-кәде. Көктем туғанда әйелдер қолдарына ағаш шөміш алып, "Сүт көп, көмір аз" деп, ақтың мол болуын, мал-жан аман болуын тілеп, шөміш қағып, отқа ақ құяды. ~ Бекең кемпірінің қытымыр жүзіне тура қарай алмай қипақтап қалды. «Бәтшағар, сол жағынан тұрды ма, сонша қуырып» деп күңкілдеп қойды. Балсары ауыз бөлмеде ыдыс– аяқтарды даңғыр– дұңғыр еткізіп шөмішті ала шықты. Үйді айнала жүріп: «сүт көп, көмір аз, сүт көп, көмір аз» деп ырым қып шөміш қақты. С.Мұр. ~ Дала… төрт тұяқтың тозаңынан айырылып, тынысын кең алғандай еді. Онымен бірге кеше күн күркіреді! Күн ерте күркіресе ырысты жыл боларын шалдар бал ашпай біледі. Кемпірлер үй айналып, шөміш қағып, отқа ақ құйды. О.Бөк.
ШӨРЕ-ШӨРЕ БОЛДЫ
~ Қайран бұлықсыған мырза, бақтиярларым-ай, марапатқа ғана лайық бауырларым-ай, қор болды-ау. Ішінен ірепдел ойып таңдап алып тасқа салсаң, тауды бұзып беретін ақиықтарым-ай, кәссіз, ессіз қалды-ау, шөре-шөре болды-ау. Б.Қыд. ~ Вагонда жұрт алғашқы күні-ақ шөре-шөре болып, екіден, үштен үйір құрып, әр топ өзінің "бетін ашып" алған. Карта ойнайтындары — картаға, ішетіндері — ішімдікке, әңгімешілдер — әңгіме-дүкенге, ұйқышылары — ұйқыға берілген. Ә.Тар. Не істеп, не қоярын білмей басы қатты, әрі-сәрі күйге түсті. * Жұртқа мәлім,Ақмырза Сәбет үкіметіне қарсы көтеріліс ашқанда‚ ел қай жаққа шығарын білмей,шөре-шөре болды. Б.Алд. * Атасы мойнына тәспиық салғанда, бұл шіркін о баста сүндетке отырғызылмай қальш, не сәждеге жүгіне алмай, не шоқына алмай шөре-шөре боп жүрген түрі мынау. Қ.Ысқ. * Ішінен ірепдел ойып таңдап алып тасқа салсаң, тауды бұзып беретін ақиықтарым-ай, кәссіз, ессіз қалды-ау, шөре-шөре болды-ау. Б.Қыд. * Сендер өзара қырқыссандар, шөре-шөре боп, елдің берекесі кетеді. Б.Алд.
ШОРТЫНАН ҚАЙЫРДЫ
Қысқа қайырды; бетін қайтарып тастады. * – Ерке бала, түнде дауыстап ұят қылғаның не? – деп келе жатыр еді, Күнікей түсін бұзып: – Жеңеше, менімен тату болам десең, о жағына аузыңды ашпа! – деп шортынан кайырды. Ж.Айм.
ШОТ ҚАҚТЫ (ТАҚЫЛДАТТЫ)
Есеп-қисаппен айналысты; есепшілік (бухгалтерлік) қызмет атқарды. * Ал өмір бойы шотты тықылдатып, ауыр еңбекпен күн кешкен Қауғабай ұрпағының бір бүйірі шығып, дүниені оңды-солды еркін жұмсаған күні болды ма? О.Сәрс.
