Posted in

ШОРТ ҮЗІЛДІ

~ Ұнайды өмір ынтымақ, күресімен, Құр қалмайды ешкім де үлесінен. Өліп-талып жеткенде бақытына, Шорт үзіліп, кей тағдыр түгесілген. М.Мақ. ~ Күн – сыңар көзілдірік сары әйнекті, Санаса, тек сол мертті санайды епті. Ішектей шорт үзіліп ән-күйлері, Қалпақтай суға толы сарай кетті. Ж.Молд. ~ "Мұндайды атақты қанішер қатарына қосуға болмас…" Менің бейбіт ойым шорт үзілді, қыдырып келген мырза қызу екен, қыңыратқи жөнелді Нұрасылға. Қ.Шабд.

Posted in

ШОРТЫНАН ҚАЙЫРДЫ

Қысқа қайырды; бетін қайтарып тастады. * – Ерке бала, түнде дауыстап ұят қылғаның не? – деп келе жатыр еді, Күнікей түсін бұзып: – Жеңеше, менімен тату болам десең, о жағына аузыңды ашпа! – деп шортынан кайырды. Ж.Айм.

Posted in

ШОТ ҚАҚТЫ (ТАҚЫЛДАТТЫ)

Есеп-қисаппен айналысты; есепшілік (бухгалтерлік) қызмет атқарды. * Ал өмір бойы шотты тықылдатып, ауыр еңбекпен күн кешкен Қауғабай ұрпағының бір бүйірі шығып, дүниені оңды-солды еркін жұмсаған күні болды ма? О.Сәрс.

Posted in

ШОТ МАҢДАЙ

~ Жаман текемет үстіндегі қызыл шыт көрпеден монтиған қолдары шығып, домаланып, томпиған үш жасар Медеудің көкшіл танауы делдиіп, аузы ашылып, езуі қожалақтанып, шот маңдайы тоқырайып, жылтырап жатқаны да жарастықты көрінді. Ж.Айм. ~ — Ал, мен жаздым!— деп еңкейе түсті кекілді, шот маңдай сары бала жігіт. Х.Есен. ~ Кішкентай адамдардың көбісі — ақ шелтеңдеген пысық болады ғой — бұ да сондай. Шекесі жұмырықтай, сопақ бет, аласа шот маңдай, су ішуге мойнын созған аттың басы сияқты иегі ілгері ұмсынып біткен. Т.Ахт.

Posted in

ШОШАЙЫП ЖАЛҒЫЗ ОТЫР (ТҰР, ҚАЛДЫ)

Жападан жалғыз, бір өзі ғана. * Есеңгіреткен ойлардан есін жиғандай кезде өзінің шошайып жалғыз отырғанын көрді. С.Смат. * Осылай тұрып, залдан Гауһарды іздеп, тауып алдық. Әне, ол екі бос орынның ортасында шошайып жалғыз отыр. Б.Соқ. * Шихалдай төрдегі үстел басында шошайып жалғыз отыр екен. Қ.Жұм. * Жұрт: «Әйтсе де Бәтиманың осынысы ақыл болды, шошайып жалғыз отырғанша екі әйел бір — біріне көз қара, бір дос» десетін. Т.Ахт. * Шорт сынған сағы, шошайып жалғыз Түке тұр, Күңірентіп жүрген күрең ат қайда мақтаулы?! М.Мақ. * Бір үйде шошайып жалғыз қалған қайғылы Күлжекей басындағы әлемет ауыртпалық өз үстінен зілбатпандай басып, күйретіп бара жатқандай. С.Омар. * Арлан бөрі қиыр шошақ басында қан құсып шошайып жалғыз қалды. Д.Дос.

Posted in

ШОПАҚ ҚҰРЛЫ КӨРМЕДІ

~ Күш сынаса келе, Шауыпкелдің бар қаруы уысында екендігі байқалды. Оның денесін шопақ құрлы к өрмей көтеріп алып, жерге оңай құлата салған Алтынсары, қанша қару жұмсағанмен, жұмған уысын жаза алмай қойды. С.Мұқ. ~ Орынбасар. Сіңбек түгіл шым батып кетер. (ІІІыға жөнеледі. Тасқара ере кетеді.) Ырысбала (сәнденіп сылана бастайды). Шопақ құрлы көрмеген Шоқпарбайым, шонжар боп шықты міне. Ғ. Мұст. ~ Аяғымның үші қолдауына сәл тиіп кетсе еліктей орғи жөнеледі. Мені шопақ құрлы көрмей, бой бермей ала-ала жөнеледі. С.Ом.

Posted in

ШОШҚА ТАҒАЛАДЫ МА

Не бітірдің, не істедің, қайда болдың д.м. * Мен жоқта жұмысты бітіріп қойыңдар деп Мұрда жоғалып кеткелі қашан. Ол шошқа тағалап жүрді ме? Жоқ, одан да бетер жұмыста жүрді. Ж.Айм. * – Сонда балшықты мезгілімен жеткілікті етіп дайындайтын кім?! – Әрине, өзіміз ғой… – Ендеше, кешелі бері шошқа тағаладыңдар ма?! О.Сәрс. * − Құдай ақы. − Тогда что, как қазақтар говорят: шошқа тағаладың ба? − Жәй, қонып шықты. Н.Дәутай. * – Мен саған не дедім? Өз қолыңмен тапсыр дегенім қайда? Ал сен не істедің? Шошқа тағалап жүрсін бе? Мияу-мияу мысығым дегенге мұртпен ойнайсың, несі деп иә. Тәлкек қылма. М.Қабанб.

Posted in

ШОРТ БАЙЛАДЫ

~ Шәкіман жығылған кезде-ақ, өзі қызығып отырған Дәрмен кербез киімін жұлып тастап, белбеуін шорт байлап өзі түрегелді. Ж.Айм. ~ Ала тақиялы шайханашы жас жігіттің қолдары лыпылдап, өзі зыр жүгіреді. Шекесін орамалмен шорт байлаған біреулер қою шайды бір ұрттап қойып, көзін жұмып, кәйіп сүріп, мүлгіп отыр. Т.Берд.

Posted in

ШОШҚА ТАҒАЛАП ЖҮРДІ МЕ (ТАҒАЛАДЫ МА)

~ Мен жоқта жұмысты бітіріп қойыңдар деп Мұрда жоғалып кеткелі қашан. Ол шошқа тағалап жүрді ме? Жоқ, одан да бетер жұмыста жүрді. Тұлшені қыстап шығуға лұқсат ала алмай, табанынан таусылып жүр еді. Ж.Айм. ~ Соны сендерден сұрайын деп едім! Көрші фермада не істедіңдер? Шошқа тағаладыңдар ма? Тілекке қой сатып алуға полицей келгенде, менің фермамнан азып-тозған үш бейшара келді деп айтыпты. Енді шалдың өлгені еді жетпегені! АҚ "Ақпан". ~ "Біз Қарағанды сайында шошқа тағалап жүр екенбіз ғой" деп әнеугүні орыс офицерінен үйреніп алған оспақ сөзді қайталады ішінен. АҚ "Арпалыспен…"

Posted in

ШОРТ КЕСІЛДІ

* Бұл жолы үздігіп, үзілмей келген жіңішке сағыныш шорт кесілгендей болды. Оны да өзге емес, әлгі бір жарық істеді. М.Сүнд. * "Кеден — кеден болды, кедергі неден болды?" дегендей. Әйтеуір Көпжасар екеуінің жүрегін жалғастырған жол шорт кесілді. Т.Рыск. * Адамның емес, малдың сүйегі сияқты. Бір жерде әйелдің шорт кесілген қап-қара қос бұрымы жатыр, ұзын-ақ әрі жуан. Ж.Баб.