Біреуге тапсырылған істің ойдағыдай орындаларына күмән келтірмеді, сеніп тапсырды. * Қасым төренің оқыс аталған Кенесарының атын хош көргендей болуы ортаншы ұлына үлкен сенім артатынын танытты. Жұрт та мұны аңғарса керек. І.Ес. * Сөзден қадыр кеткеніне қарным ашып, күлкімнің астарындағы мұңды, ашуымның тасасындағы махаббаты көре алатын, үнсіздігімнің себебін түсінетін адамға сенім артармын,- деп тілімді тістегенмін. С.Әбік. * Сенім артқан ежелгі серігі амалынан айныды! Осы бір жазбас қағиданың арқасында талай қыспақтан құтылған-ды, осы рет қолқабыс ете алмады! С. Нұғ. * Қ а с б о л а т. Иә, иә. Жөн-жосықты білетін тәжірибелі-ақ қойшы еді. Біз өзіне үлкен сенім артып жүрсек… Т.Ахт. * Ең бастысы ақынға сенесің, сеніп отырып сенім артасың. Сенім артқасын ақынға деген сүйіспеншілігің оянады. Ш.Сар.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
СЕҢ СОҚҚАНДАЙ СЕНДЕЛДІ
Ес жия алмады, есеңгіреп, не істерін білмей қалды. * Есік ашып кіре берген қыз өкшесінің таныс дыбысын естуі-ақ мұң екен, Исабеков өз жүрегінің дүрсіліне өзі теңселіп, ес-түссіз, қызға сең соққандай сенделе қарады. Ш.Айт. * Ақтоқты сөзін қимаса да, өзі көзінен аттандырып салуға дәті бармай, сең соққандай сенделген ақын Құлагеріне мініп, Сырымбетті бетке алып жүріп кеткен. С.Жүн. * Соңына арбиған үлкен әріптермен «Әсем» деп қол қойыпты… Дәнеш сең соққан балықтай сенделіп тұрып қалды. Қ.Жұм.
СЕНІМ БІЛДІРДІ
Үміт артты, әлдебір істі тапсырды. ~ «Болдомошын» әлгі сарынды сөйлеп- сөйлеп, аяқ кезінде жастарға сенімін білдіріп, заман жастікі, ортақшылдық тұрмысты, еңбекшілер қожалығын жастар орнататындығын айтып, қыздырыңқырап: —Жасасын кеңес өкіметі! Жасасын ортақшылдар партиясы! Жасасын Қазақ республикасы! — деп сөзін бітірді. Интернационал өлеңімен мәжіліс жабылды. Ж.Айм.
СЕҢДЕЙ СОҒЫЛЫСТЫ
Сапырылысып; біріне-біріне соқтығысып, абыр-дабыр болды. * Құдайдың дес берісінде, қара нөсер төгіп берсе, сонда ғана басылады. Әйтпесе, сеңдей соғылысқан халықтың өлгені өліп, өлмегені жан сауғалап, бетінің ауған жағына босып кете береді. С.Шайм. * Мың-мыңдаған адам-хайуан бірінің арасында бірі қалып, сеңдей соқтығысып, өмірі көрілмеген сүренді сүргін қалыптастырды. Ғ.Біл. ~ Көшелерде адамдар сеңдей соғысады. Ш.Мұр.
СЕНІМ ЖОҚ
Көңілінде күдік бар. ~ Тұршабай екеуі ертемен тұрады да, құлағын радиоға түреді. Оған да сенім жоқ секілді, ертеңгі дәмді іше салысымен почтаға қарай жүгіреді, жаңа келген газеттерге үңіледі. С.Шай. ~ Әттеген-ай, ашыған айран болсам, ащысыраған біреу-міреу сіміріп салар ма еді?! Е елге себім жоқ, е ертеңге сенім жоқ. И.Сап. ~ Халелжан-ау, байқап жүрсеңші. Кім біледі, сенім жоқ. Тайып кетіп, жазым боп жүрме. С.Жүн.
СЕҢДЕЙ СОҒЫСЫП, ҚИДАЙ ҚИРАДЫ
Иін тіресіп, аласапыран болып арпалысты. ~ Міне, сеңдей соғысып, қидай қираған найсаптар да сондай нәпсінің қызуына құштар, әрі көздеріне қан құйылғанда тасбауыр, қатыгез. Ә.Ыб.
СЕНІМ ОРНАДЫ
Үміті ақталарына күмән келтірмеді. ~ Бахтияр апыл-ғұпыл аты мен жұмыс телефонын жазып, блокноттың тілдей бетін төрт бүктеп, табақ шетіне қыстырып жіберді. «Қалай да хабарласады» деген біртүрлі берік сенім орнады көкірегіне сол сәт. Т.Сәу.
СЕҢІ БҰЗЫЛДЫ
Қозғалысқа келді, тізгіні босады. ~ Қазақ әдебиеті менің бір досым әзілге сүйеп айтқандай «жапырақтың дірілінің өзін жарты беттен асыра суреттейтін» лирикалық прозаға қол артты. Оқиға мен табиғат көрінісі арасындағы бұрынырақта олқы соғып келген байланыс әлсіздігінің сеңі бұзылды. А.Нүс.
СЕНІМІ КӘМІЛ
Еш күмәні жоқ. * Шекарадан өтсем, мені кері қайтармайтынына сенімім кәміл. Қ.Жұм. * «Ергене ұлысының» Ергене-бегімге сенімі кәміл екенін көріп, алдаусыратып сенімге кіріп, жасырын жақтастар іздейді. Сол жылы тамыз-қыркүйек айында Ергенебегім де дүниеден өтеді. Т.Жұрт.
СЕҢСЕҢ БӨРІКТЕЙ
Үп-үлкен боп дудыраған шашқа қатысты айтылады. ~ Жүрегім атқақтап кеудеме сыймай кетті. Өй, жарығым сол! Сорайып өсіп кетіпті-ау өзі. Дудыраған қара шашы сеңсең бөріктей. Кәдімгідей жігіт болып қалыпты таралып. Т.Сәу. ~ Сол келіншек күлгенде сенсең бөріктей дудар басын шалқайта, көзін кейін қарай төңкеріп тастап, рақаттана күледі екен, ал оның өзі тынымсыз күле бергендіктен бе, көзі шел басқандай соқыр болып көрінеді екен. В.Рас.
