Өзен-көл бетіндегі мұз еріп, қозғала бастады. ~ Көктемде мұз еріп, сең жүріп жатқан кезде Іле станциясынан біз жаққа баржа сүйреген пароходтар қатынай бастады. Б.Тоғ. ~ Сең жүріп аласұрған өзен арнасына ұзақ қадалып тұрамын да қоямын. Қияли адам секілдімін. Н.Сер. ~ Көшелерде адамдар сеңдей соғысады. Мәскеудің көшелері қыс бойы тоң болып сіресіп жатып, бүгін кенеттен сең жүріп, таудай-таудай тасқын толқындары тулағандай. Ш.Мұр. ~ Мезгіл март айы, Іледен әлі сең жүріп жатса керек. Б.Тоғ.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
СЕРГЕЛДЕҢГЕ САЛДЫ
Әуре қылып, ығырын шығарды. ~ Бір заманда дастарқанға тартылған тамағын әрең алып ішетін маңғаз әкемді сергелдеңге салып қойғаныма өкіндім, аптаға жақын жүріп аман келгенше береке таппадым. М.Мағ. ~ Соған дейін, сегіз жыл бойы, Қазақстанға патша болып, қазақтарды қойдай қырып, сергелдеңге салған екен. Ш.Мұр. ~ Әлде, бақытсыздыққа өз аяғыммен бардым ба? Арты өшпес жалынға айналып, сезімді сергелдеңге салды… Т.Рыск. ~ Әли әйелі мен баласы жарты ауыз сөзден немесе қас-қабағынан түсінетініне іштей риза болса да, осынша сергелдеңге салған кеңес өкіметіне қаны қайнап-ақ тұр. Б.Тоғ. ~ Қоршаудағы әскерді сергелдеңге салып титығына жететін де, шыдам шегінен асырып ашындыратын да аса бір қиын ұрыс басталды. Т.Ахт. ~ «Махаббатымның маздаған шырағын тағдырдың қара күйесі өшірді ме? Әлде, бақытсыздыққа өз аяғыммен бардым ба? Арты өшпес жалынға айналып, сезімді сергелдеңге салды… Т.Рыск.
СЕНЕР-СЕНБЕСІН БІЛМЕДІ
Шын-өтірігін айыра алмай дал болды. ~ — Сонда қай уақытта көз ілеміз? Адам да, мал да сонша уақыт бойы ұйқысыз жүруге қалай шыдайды?! — Қараман сенер-сенбесін білмей, тағы да қырыстанып, қабағын түйді. Б.Ыбыр. ~ Ханның ойын біреулер аңғарғандай болды, біреулер сенер-сенбесін білмей, дүдәмәл тұрды. Б.Нұрж. ~ Сенер-сенбесін білмей жүрген Жамал апай шынымен де сасқалақтайын деді. С.Ғабб. Көргенінің шындығына күмән келтіргендей дал болды. ~ Нұркен мына сөзге сенер-сенбесін білмегендей абдырай аттап, машинаға жақындап, есіктің тұтқасын таба алмай, сипалап жүріп зорға ашты. Ә.Кек. ~ Иығыңа тағы бір жұлдыз керек қой. Әкел қағаздарыңды, дедім қолымды созып. Ол сенер-сенбесін білмей, жылан көздерін жыпылықтата берді. К.Адырб. ~ Жас жігіттің сүйген қызы сол сәтте Әуенді де, бишіні де күлкі етті. Құлағына білмей сенер-сенбесін, Жігіт тұрды жиғандай боп енді есін. А.Бақтыг. ~ Омардың орнынан түскенін Әли газеттен оқыған, бірақ іс сотта болады, қызметсіз қалар деп ойламаған, қалалық бақтың ішіндегі жаздық ресторанда тамақ ішіп отырып, дастарқандас болған кісілерден әлгі жайды естігенде сенерсенбесін білмеді. Ә.Тар.
СЕҢ СОҚҚАН БАЛЫҚТАЙ
Не істерін білмей абдырап қалды; әлсіреп, күштен айрылып, әрекетсіз қалды; не істерін білмей сасқалақтады. Биені желі басына айдап келіп, Иманқұлға сөйлесті де, Орманбас жылқышы құрығына таянып, сілейіп тұрып қалды. Ел сең соққан балықтай. Ж.Айм. * Ли- Танг- Пунг солай соқты. Дүние сең соққан балықтай аузын аш-ып, демі құрыды, құты ұшты. Ж.Айм. Бұрын бірін- бірі боқтап балағаттап жататын «уголовниктер» сол күні сең соққан балықтай болды. М.Дәул. Сең соққан балықтай есеңгіреп не істеп, не қоярын білген жоқ. Басы ауған жаққа қарай сенделіп жүріп келеді. Т.Сәук. * Ол сең соққан балықтай теңселіп, салы суға кетіп, есікке қарай жылжыды. Ә.Нұрш. * Сең соққан балықтай мына қазап сәтте бұл да болса аш көңілге азық. М.Қаб. ~ Студенттер біріне бірі адырая қарсып, аң-таң болып жүр. Бастары салбырап, сең соққан балықтай есеңгіреп отырғандар да бар. Б.Тоғ. ~ Бұрын көңіліне әлдене ұнамай қалса, бұрқылдап сөйлеп- сөйлеп алып сабасына түсетін, жер- жебіріне жетіп барып басылушы еді, енді сең соққан балықтай өзімен өзі мәңгіреді де жүреді. А.См.
СЕРГЕЛДЕҢГЕ ТҮСТІ
Әбігер болып, мазадан айрылды. ~ Табысудың, қайтадан достасудың жолын іздейді. Жолымбет көп сергелдеңге түседі. «Неге бүйттім» деген ой ішін жегідей жейді. Н.Әбу. ~ Әлдеқайдан машинасымен құйындатып, Алтын тіс жетіп келді. — Ойбай-ау, қонағымыз жоғалып, сергелдеңге түсе жаздадық қой. Жападан-жалғыз не ғып жүрсіз? Той басталғалы жатыр,— деген. Т.Әл. ~ Бақытгүлдің ұйқысы келер емес, бүгін келуге уәде беріп кеткен күйеуі әліге жоқ, көзін қаншалық жұмса да, миы тынымсыз жұмыста, отағасының дала безер болғанына налып, сан оймен сергелдеңге түсіп жатты… Н.Абд. ~ Жаз бойы сергелдеңге түсіп, өзіне дамыл бермей, уайымнан түтігіп кеткен Нұрдәулет, Торғай даласында және одан шет алыс жерлерде сенделіп жүре берді. С.Дос. ~ Қайып біраз уақыт зорлықпен айырылып, сергелдеңге түсуі — қас дұшпанға тілемес тағдыр тәлкегі болды. Ү.Жәл. ~ . Екі көзі қанталап, жұқа ернін тістеніп, жалғыз сергелдеңге түсуіне қарағанда ол енді бір батыл шешімге келген жан секілді. І.Ес.
СЕНІМ АҚТАДЫ
Тапсырылған жұмысты, артылған үмітті ойдағыдай атқарды. ~ Партияның сенімін ақтадың, көптеген жұмыс істедің және барғаныңа да көп жыл болып қалды. Адам бір орнында отыра берсе, етене боп міндетіне салқындап кету қаупі бар ғой. І.Ес. ~ Дер кезінде жасағымен жау артынан келіп тиіп, жеңіске көп көмек көрсетті. Қысқасы, бұл басшылар әр қайсысы да өз тараптарынан, халқының сенімдерін ақтады. І.Ес. ~ Өзің бері қарашы, 37 жылы осы жылқы екеумізге тапсырылған күні мен саған не дедім, есіңде ме? «Ей, Дәдебай, партия мен өкімет екеумізге сенген екен, енді екеуміз сол сенімді ақтайық. Ә.Әб. ~ Соны теріске шығару үшін жарқ етіп бой көрсетіп сенімді ақтаймын деген жақсы ниетпен Нагорныйдың кеңсесіне дәмеленіп кірген-ді. С.См. ~ Бастық «Жақсы, ә?» дегендей орынбасарына бұрылып менмен қарады. — Жуықта бөлім бастығы ғып қойдық. Сенімді ақтаған түрің осы ма? М.Қаб. ~ Иә, сол бір аяулы адамның сенімін ақтау үшін — ақ, бұл толып жатқан жұмыс істеуі керек еді. Қ.Жұм.
СЕҢ СОҚҚАНДАЙ
Мең-зең болып, есеңгіреу туралы. ~ Ертеңіне кеңсесіне де бармады. Бір күнде сең соққандай боп жүдеп шыққан түрімен ешкімге көрінгісі келмеді. І.Ес. ~ Студенттер біріне бірі адырая қарсып, аң-таң болып жүр. Бастары салбырап, сең соққан балықтай есеңгіреп отырғандар да бар. С.Ел. ~ Сең соққандай Қуан құп- қу боп тұрып қалды: «Уа, бұ қу тағдырға не жаздым- ей?! М.Сүн. ~ Қыз сол қалпы кете берді де бұл сең соққандай жол үстінде серейіп қала берді. Қ.Ысқ. ~ Кішкене балалар не істерлерін білмей, біресе пештің алдына үймелей отырып от жағып, масақ теріп, біресе терезенің алдына барып әйнекке тұрған қалың қырауды тырмалап, сыртқа сығалап сең соққандай күйде. С.Мұр. ~ Осыдан кейін не болғанын Болат онша жақсы білмейді. Ұзақты күнге сең соққандай мең-зең, шала ұйқы адамша сандалды да қойды. Тұла бойы қызып, басы айналды. Қ.Ысқ.
СЕРГЕЛДЕҢГЕ ҰШЫРАДЫ
Әуре-сарсаңға тап болып, мазасы кетті. ~ «Аспай-саспай соңын тосыңыз, міне, біз де сондай сергелдеңге ұшырағамыз, көңілдеріңіз хақ болса, түбі қайырымен бітер, қосыларсыз, қауышарсыз»,- дегенді мегзейтін тәрізді. М.Қаб. ~ Алтындай уақыттарының текке рәсуа боп, жел сөз — өтірік мақтаудың, өтірік қолпаштаудың желкенсіз қайығына мініп, ашық теңіз үстіндегі адуын толқынның қақпақылына түсіп, сергелдеңге ұшырағандарына да бармақ тістеп өкінеді. Қ.Жиен.
СЕНІМ АРТТЫ
Біреуге тапсырылған істің ойдағыдай орындаларына күмән келтірмеді, сеніп тапсырды. * Қасым төренің оқыс аталған Кенесарының атын хош көргендей болуы ортаншы ұлына үлкен сенім артатынын танытты. Жұрт та мұны аңғарса керек. І.Ес. * Сөзден қадыр кеткеніне қарным ашып, күлкімнің астарындағы мұңды, ашуымның тасасындағы махаббаты көре алатын, үнсіздігімнің себебін түсінетін адамға сенім артармын,- деп тілімді тістегенмін. С.Әбік. * Сенім артқан ежелгі серігі амалынан айныды! Осы бір жазбас қағиданың арқасында талай қыспақтан құтылған-ды, осы рет қолқабыс ете алмады! С. Нұғ. * Қ а с б о л а т. Иә, иә. Жөн-жосықты білетін тәжірибелі-ақ қойшы еді. Біз өзіне үлкен сенім артып жүрсек… Т.Ахт. * Ең бастысы ақынға сенесің, сеніп отырып сенім артасың. Сенім артқасын ақынға деген сүйіспеншілігің оянады. Ш.Сар.
СЕҢ СОҚҚАНДАЙ СЕНДЕЛДІ
Ес жия алмады, есеңгіреп, не істерін білмей қалды. * Есік ашып кіре берген қыз өкшесінің таныс дыбысын естуі-ақ мұң екен, Исабеков өз жүрегінің дүрсіліне өзі теңселіп, ес-түссіз, қызға сең соққандай сенделе қарады. Ш.Айт. * Ақтоқты сөзін қимаса да, өзі көзінен аттандырып салуға дәті бармай, сең соққандай сенделген ақын Құлагеріне мініп, Сырымбетті бетке алып жүріп кеткен. С.Жүн. * Соңына арбиған үлкен әріптермен «Әсем» деп қол қойыпты… Дәнеш сең соққан балықтай сенделіп тұрып қалды. Қ.Жұм.
