1. Оқыстан есіне түсті, ойына келе қалды; көңіліне оралды. * Дала. Дала деп атын айтсаң-ақ ойдағы ерік, ендік, құлпырып тұрған көкорай шалғын, төбесі мұнарланып, тұманданып көкке тірескен асқар тау, күмістей таза бұраңдап ағып жатқан өзен, тағы санап түгесілмес жасағанның жаратқан табиғатының әдемілігі көңілге сап ете түседі. М.Жұб. * Есіне анау жолғы түнде ханымның бөлмесіне барғаны сап ете қалды. Ә.Кек. * «Қап, аристократ болған не теңі еді, аузынан-ақ қылғыта салмай. Енді не істесе екен?» Бір әдіс сап ете қалды есіне. Т.Сәук. * Содан «ойпырмай, мынау Дәу қара» болмаса қайтсін еді, деген ой сап ете түскені. Өтіп кеттім де, бірақ шыдай алмай қайта оралдым. Т.Ахт. * Аққұмның суын мұқым сағыныппын; арада күн өтпей жатып сайтанша сап еткен бұл неткен сағыныш, білмеймін, әйтеуір, түбіне дейін тамшы қалдырмай, сарқып іштім. М.Қаб. 2. Жетіп келді. * Міне, бүгін де ол көп ұзамай тағы да атқа қонатын келесі жорығы туралы ойланғалы келіп еді, есіне қайдағы бір алма сап ете қалды. Ә.Кек. * Ойда жоқта сап ете қалған комиссарды да көрген жоқ. Ә.Нұрп. * Кешкілік апақсапақта, айтқанындай-ақ Жәмила Сапабектікіне сап ете қалған. Жымыңдап, оны сыртқа шақырды. Қолына қағаз ұстатты. Ш.Құм.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
САНДЫҚ ТАС
* Бурабай тауының күзгі түні аса сұсты. Бір-біріне міңгесіп, иек артысқан түйе өркеш, ит жон таулар, состиған шыңдар мен құзар басындағы жақпар-жақпар сандық тастарды жарып шыққан қарағайлар қазанның түп күйесіндей қара бұлтпен астасып, тұтасып алған. С.Жүн. * Ол мені аңдып, терезеден қарап тұра ма, болмаса аяқ басқан дыбысымнан тани қоя ма, дереу атып шығады. Күттірмейді. Қақпаның күн батыс жақ түбінде дәл Гауһар үйінің іргесінде үлкен бір бөрте шұбар сандық тас жатыр. Б.Соқп.
САП СОҚҚАНДАЙ ҚЫЛДЫ
Түгін қалдырмады, тып-типыл қылды. ~ Мен ет пісіруге кірістім. Тірі бесеуге «біреуі ақ, төртеуі қызыл» бауырды алып, тұздықтап бердім. Олар әп-сәтте-ақ бауырды сап соққандай қылды. Б.Қыд.
САМАРҚАННЫҢ КӨК ТАСЫ
Аңыз бойынша, жаздың алғашқы күні балқып, еритін тас. ~ Гүлнардың шешесі Шаһадаттан естуінше, «Самарқанның көк тасы» деген бар. Жаздың басталуын ол араның халқы сол көк тастан біледі. «Күннің де екі көзі бар: біреуі жаздық, біреуі қыстық. Қыс басталарда күн жазғы көзін жұмады, жаз басталарда қысқы көзін жұмады. Күннің жазғы көзі ашылғанда, ең алғашқы сәулесі Самарқанның кек тасына түсіп, отқа қыздырған қорғасындай тас балқиды. Жаздың басы сол күн». С.Мұқ.
САНАДАН (САНАМЕН) САРҒАЙДЫ
Уайым-қайғыдан, ауыр ойдан көзі ашылмады. ~ «Есіл жазым өтті,– деп,– Бәйшешегім кетті!» – деп, Санадан жүз сарғайып, Қасіреті мол жас зайып Қараңғы ұзын түндерде Үстіне қара жамылып, Күрсініп жер жылайды. М.Жұм. ~ Жаңа ғана жайын біліп шықтым. Анау сүйген балаң Әбіштің санадан сарғайған жары, қайғылы Мағыш қазір үзілгелі жатыр! Сені "соңғы демім үзілерде бір көріп, ырза қош айтсам" деп арман етті. М.Әу. ~ Елсіз, жұртсыз Сарыөзектің айналасында балаларым қорғансыз, қолдаусыз қаңғырып қалды-ау, деген санадан сарғайып өлді. Ш.Айт. ~ Институттағы менен басқа қыздардың мен сияқты сүйгендері жоқ па, әлде, бар бола қалған күнде, бәрі де ғашықтарына риза ма, іштерінде мендей санамен сарғайған біреуі де жоқ сияқты… С.Мұқ. ~ Тәңірі тумысынан артық жаратқан ұлы жандардың ақылдан азап шегіп, дүниеден санамен сарғайып пұшайман боп өтетіні содан ба? Ә.Нұрп.
САМАРҚАННЫҢ КӨК ТАСЫ ЖІБІДІ (ЕРІДІ)
Ызғар кетіп, күн жылыды. * Самалық! Самалық! Самарқанның көк тасы жібіді ме, көрдің бе? Қап тауыныңкөк құсы жүгірді ме, көрдің бе? Самалық! Самалық! М.Жұмаб. * Көк мұз болсам мен-дағы сөгілермін, Қаһан болсам жібірмін, егілермін, Шуағынан көктемнің бүгін, сәулем, Самарқанның көк тасы еріген күн. Ж.Қыд. ~ Сондықтан, аталарымыз айтатын «Самарқанның көк тасы жібіген күн» осы болар деп, тауық жылының мере-келі-берекелі басталғанына қуандық. Д.Қыд. Мейірленді; жүрегі жібіді, ықыласы түсті. * Күйік күй қыздың жанын тәтті қинап, Жастықтатыңдай-тыңдай жылап жатты. Көкке күй өрт жалындай шалқып жатты. Көк тасы Самарқанның балқып жатты. І.Жанс. * Көк базардың көне дуалдарында отырған көп дәруіштің көтермелеуімен бұл ән Самарқанның көк тасын да ерітіп жіберген еді. С.Смат. * Олар да пенде емес пе. Самарқанның көк тасын ерітетін Кремльдің сиқыр күшіне‚ әйтеуір‚ біз бірінші боп бас иеміз. Қ.Түм. ~ Көш, пәлекет, көш енді, бірге алып кет кеселді! Ала таңда азаншы шын жылады, көкке қарап қол жайып қынжылады. … Самарқанның көк тасы еріген күн қара тасы Қағбаның тұнжырады. Ғ.Жай.
САНАҚҚА АЛДЫ
Есепке алды, қатарға қосты. * — Егер балалары жақсы болса, ол кәрілердің аса бір қуанышы емес пе? Оны неге санаққа алмасқа? І.Ес. * Мерген екен! — деді Абдолла жүзінен ешбір қобалжу белгісін көрсетпей. — Тұрымтай өзі ұшқан жоқ атып құлатты ғой, бұл санаққа алынбайды. Басқасын отырғызыңдар. І.Ес. * Сен ұмытпай тұрғанда жирен бие мен торы құнанды актілеп шығарып бер есептен. Санаққа түсіп кетіп жүрмесін. Орыс болсаң да достыққа берік, көңіл жықпас жолдас боп кеттік. Шыны солай-әй! — деп әкең өзеурейді. Д.Досж.
САМАРҚАННЫҢ КӨК ТАСЫН ЕРІТТІ
Ерекше әсер етті, ықпалы күшті болды. * Көк базардың көне дуалдарында отырған көп дәруіштің көтермелеуімен бұл ән Самарқанның көк тасын да ерітіп жіберген еді. С.Смат. * Олар да пенде емес пе. Самарқанның көк тасын ерітетін Кремльдің сиқыр күшіне‚ әйтеуір‚ біз бірінші боп бас иеміз. Қ.Түм.
САНАҚТА БАР, САНАТТА ЖОҚ
Есепте бар болса да, ойда жоқ, яғни ешкім ескеріп, санасып жатқан жоқ д.м. ~ Санақта бар да, санатта жоқ ел, ұрпағыңның ұрпағына кетер айнымас та бұлжымас бақыт жолына бастар жалғыз жалау осы. Ғ.Мүс. ~ Кез келген ауылды алып қарасаңыз да, барлық тұлғалардың 10–15 пайызы заңды тұлғалар, 5–10 пайызы мектеп, аурухана, әкімшілік қызметкерлері де, қалғандары санақта бар да, санатта жоқтар. Н.Асу.
САМАРҚАУ ТАРТТЫ
Ешнәрсеге көңілі болмай, еңсесі түсті, қамықты.* Оның тіршілігін самарқау тарттырып тұрған тоқтық емес болатын. К.Сег. * Алғашында ел таңқалып жүрді, бірте- бірте көзі үйреніп кетті, өмір бойы осылай жазылып жүргендей жұрт бұл кері кеткен құбылысқа самарқау тартты. К.Хамз. * Жанға жайлы ақ жауынның жайбарақат әсерімен жайлаудағы қалың ел самарқау тартып, желідегі жылқы да, өрістегі қара мал мен қаптаған қойлар да бұйығулы. С.Ом.
