Posted in

САЛМАҒЫ АУЫР (ТҮСЕДІ)

Зауалы, зияны, кесірі көп. ~ Бәрінің төркіні, бәрінің ымы–жымы бір, достарым. Соғыстың салмағы ауыр, зілдей басып тұр. Ғ.Сл. ~ Ойпыр-ай, Зоя мені таныды ма екем? Көз қарасынан байқаймын, ауруханадағы қабылдаудай емес. Бұл жолғы кездесудің салмағы ауыр тәрізді. Т.Бер. ~ Бидің өзі келсе, салмағы ауыр түсетініне түсінген біздің елдің билері лайықты жөн–жоба таба алмай, қиналып отырғанда. Б.Мом.

Posted in

САЛҚЫН КӨЗ

Ойлы, байыпты қарас. ~ Мәкішке тағы бір рет көз тастап, ойлана түсті де Құнанбай үн қатты: – Ей, менің балаларым, дос- жарым, іні-туғаным! – деп, ойлы, салқын көзбен айнала жұртты шолып өтті. М.Әу. ~ Ағасы болса да Жұман төрге кеп отырғанша, қадалған салқын көзін одан алмастан, жағалай қарап өтті. М.Әу. ~ Ағылшын генералы жауап бермес бұрын әуелі Черновқа жүзін жайлап бұрып, жанары салқын көзінің астынан сүзіле бір қарады. Ә.Нұрп.

Posted in

САЛМАҒЫ АУЫР, МӘНІ КӨП (ТЕРЕҢ) СӨЗ

Маңызы көп, ауыр тиетін сөз. ~ Базаралыға ентелей түсіп, көзіне көз қадап, «осынымды ұмытпа» дегендей етіп Оразбай салмағы ауыр, мәні көп сөздер айтып кетті. М.Әу. ~ Нұрлы ажарында кәрілікке онша жеңдірмеген отты өжеттік бар. Жасыған шырай білінбейді. Елдің береке– бірлігіне, мың өліп, мың тірілген халықтың ендігі тағдырына қатысты салмағы ауыр, мәні терең сөздер айтады. Т.Рыск.

Posted in

САЛҚЫН КӨЗ ТАСТАДЫ

Жақтырмай назар салды. ~ Шұбар сөз қатпаса да ызаланып, Көкбайға салқын көз тастап, сырт айналып, атына міне берді. М.Әу. ~ Қораның алдындағы мама ағашқа атын қаңтара байлап, ішке кіре берген, қолына балта ұстаған Рәзия қарсы соқты. «Неғып тез оралдың?» — демеді, келерін білгендей, салқын көз тастап, тұрып қалды. М.Сүн.

Posted in

САЛМАҒЫ БАТПАНДАЙ

Өте ауыр. ~ Уақыт текке кетпесін деп Иван Петрович стойканы көтере бастады. Оның әрқайсысының салмағы батпандай, бірден әңгелек аттыра алмайсың. В.Рас. ~ Ажал дегенің айбарлы ұстаз, ол өз парызын орындау үстінде, жақсылықты қолдай ма, әлде жамандықты қолдай ма, әйтеуір қай жақты қолдаса, со жақтың салмағы батпандай басып жүре береді. В.Рас.

Posted in

САЛҚЫН ҚАБАҚ

Жақтырмағанын, ұнатпайтынын сездірген көңіл. * – Жамағат жиналмасын, мұсылманшылық қарызын ада қылмасын дейсіз бе? Сармолла бұларды тыңдап болып, салқын қабақпен, қысқа, қатаң жауап берді. М.Әу. * Бәкизат басын көтерді. Салқын қабақ астынан сұлық қарады. Ә.Нұрп.

Posted in

САЛМАҒЫ ТҮСТІ

Қиындығын көрді; тізесі батты. * Сүйтіп ендігі зіл салмағы түсетін жер тағы Жігітек. Оның ішінде Қараша, Қаумен айналасы болды. М.Әу. * Ол қатысар шаруа – сауық-сайран емес пе еді?! Бұл арада не жұмысы бар оның дымы кеппеген жас басына, қатпаған бұғанасына ауыр салмақ, ел салмағы түсіп, қабырғасы қайысып, омыртқасы майысып жасып кетсе қайтер ек? Ғ.Біл.

Posted in

ҮСТІНЕН ТҮЙЕ АТТАП ӨТСЕ ДЕ

~ Қайда барады, амалсыз көнген. Апасы марқұм расында да кісі таниды екен. Айша мінезі жайлы, жақсы адам болып жолықты. Үстінен түйе аттап кетсе де қыңқ демес сабырлы. Баласын тауып, қазанын қайнатқаннан басқада ша-руасы жоқ. Т.Сәу.

Posted in

САЛҚЫН ҚАБАҚ ТАНЫТТЫ

Селқос, суық пейіл байқатты. ~ Оны өткен жолы байқады. Бір кездесуде қасындағыларды «атақ-даңқын» шұбырта таныстырып, өзіне жеткенде жай ғана «ақын» деп өте шығып еді, отырғандар немкетті ғана қол соғып, салқын қабақ танытты. С.Әб. ~ Кеш түсіп, манаурай бастаған қала да бұрынғыдай салқын қабақ танытпайды, көп қабатты үйлер жарыса зорайып, Агбамен бірге еңселерін көтере түседі. А.Смай. ~ – Ал қойғанын суып бара жатса келдік, мінеки, — деп Демежан да салқын қабақ танытты. — «Ханзадаң» не айтып отырған? Қ.Жұм.