Теріс қарап солқылдап жылап жатқан абысынын Дәмелі аяп кетті. Бәтимадай ажарлы, қолы ұзын, үстінентүйе жүріп жатса мыңқ етпейтін кең адам еді. І.Ес. Барлық жағынан келісті сондай жанды енді кездестірмеспін де. Үстінен түйе жүріп өтсе де сабырынсақтайтын, ашу-ыза деген оған мүлде жат. Сэлиндж. Оның үстіне анасы Мәрзия үстінен түйе жүріп өтсе үндемейтін, қап түбіне еш нәрсе сақтамайтын кеңадам. Кең адамды кім сыйламасын, кең адамға қаңғырған ит те үйірсек. Қ.Ысқ. Талай жиналыс, талай жанжалды басынан кешкен атақты даукес, жалғыз қалса да айтқанынан қайтпайтын, жұдырықтай мықты адам бүгінде үстінен түйе жүрсе де ыңқ етпейтін жуас, момын. З.Шаш.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
САЛҚЫН ҚАБАҚПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ
Келгеніне қуана қоймағанын байқатты. ~ …Әрдайым көк шұға жапқан үлкен столына екі қолын айқастыра асылып, бұқшиыңқырап отыратын директор Арынды салқын қабақпен қарсы алды. Н.Сер. ~ Бұлар жаққа тіпті назарын да аударғысы келмейді. Өткенде де осылай салқын қабақпен қарсы алған. Ә.Ыб.
ҮСТІНЕН ТҮСТІ
1. Дәл келді, уақытында келді; тап болды. * Жүктерін тиеп, бір жаққа көшіп кеткелі жатыр екен. Дәл сол көштің үстінен түстік. Олар қарусыз. (Қ.Бегм. — Ж.Баб.) – Нұртаза бүгін жабағы сойған, аузыңның салымы бар екен, тура жас еттің үстінен түстің. С.Жүніс. Бас амандап Баркөлге, Әліп үкірдай ауылына жеткенде қызылжоса қан, шашылған өлік, ауырқырғыншылықтың үстінен түсті. Ғ. Біләл. 2. Ұстап алды; қолға түсірді, қылмысына куә болды. Абдоллаға «Аттардың көзін құрт» деп, сіз бен бізден жасырын шаптырып жіберген кісісінің үстінен түсті. Ж.Ахм. – Жо-жоқ, о не дегеніңіз! – деді Бахтияр ұрлығының үстінен түскендей қызарақтап. Ішінен «Шіркін,осындайда тартып жіберер жүз грамм болса ғой!» деп ындыны құрып-ақ отырған. – Астан үлкен дәм бар ма! Т.Сәу. 3. Ойын, көңілін дәл тапты; қателеспеді. * Тоқсанның не айтқалы отырғанын тұспалды сөзінен түсіне қалған Құрымсы: Сондағы атағалы отырғаның Есеней ме? – деп сұрады. Үстінен түскен сөздің несін қайталайын, – деді. С.Мұқ. * — Жегжатыңыз әлгі Ситан емес пе? — Үстінен түстің. Қ.Ысқ.
САЛҚЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Ықылас танытпады. ~ − Бүгін, Жәмила, тым жүдеусің ғой, бірдеңеге ренжулісің бе, қалай,- деді жайшылықтағы даусын көтермей сөйлейтін әдетімен,- әлде күйеуіңнің операсын көрермендердің салқын қабылдағанына жүдеп отырсың ба? І.Ес. ~ Ғазиз Құлтанович өзгелер тарапынан туындайтын осындай кезексіз кездесулерді жаратпайтын. Майсараны салқын қабылдады. С.См. ~ Не заманда бұлардың да кезегі келді- ау ақыры. Бүгін Ши- амбының ажары келіспей, қабағы қатыңқырап отыр екен. Халдайларды сол түйілген қалпында, салқын қабылдады. Қ.Жұм. ~ Өзбекстан Ресей президенті Владимир Путиннің газ одағы ұсынысын салқын қабылдады. БАҚ.
ҮСТІНЕН ШЫҚТЫ
Әлдебір оқиғаға оқыстан куә болды; дер кезінде пайда болды, тап болды. Бірақ бастық күлімсіреп қарсы алады. Тіпті кейде терезелерді өзі ашып, кабинетінің ауасын тазартыпжүргенінің де үстінен шыққан. К.Қазыб. Хансұлудың жүрегі лүпілдеп кетті. Құдды жаюлы дастарқан, мол тағамның үстінен шыққандай Дәу апаныңдауысы ширақ шығып еді. С.Елу. Іздеп барғаны құрысын, ол екі көзі жасқа толған қаралы жандар қайғысының үстінен шықты… Н.Сер.
САЛҚЫН ҚАНДЫ
Салмақты, сабырлы; немқұрайлы. * Неге екенін білмеймін, бұ жолы Ақбаян менің жүрегімді өртемеді, жай салқын қанды пішін көрсетіп сыпайы ғана сөйлестім. І.Ес. * Әдетте сабырлы, салқын қанды Әлфия Юлаевна да қатты толқыды. М.Қаб.
ҮСТІҢГІ ЕРНІМЕН КӨК ТІРЕП, АСТЫҢҒЫ ЕРНІМЕН ЖЕР ТІРЕДІ
~ Наполеон үстіңгі ернімен көк тіреп, астыңғы ернімен жер тіреп, даңқы әлемді тітірентіп тұрғанда, қыз құрып қалғандай, Жозефина деген жесір әйелге үйленіпті. Ш.Мұр.
САЛҚЫН ҚАРАДЫ
Іш тартпады, бөтенсіді, ұнатпады. * — Шынында білетін адам еді. Қызыл маман болмаған соң, мен оған салқын қарадым, егер бұл болжауы келсе бишараның басына ескерткіш орнату керек. Игі жолда өлді ғой. Ғ.Мұст. * Бұрынғыдай емес Буянжав шешейге де салқын қарай бастауы шын жетімдігін білген қасірет нышанын аңғартады. Е. Мұх.
ҮТІРЛІ ЖЕРДЕН ҰСТАТТЫ
* — Апам әңгімені неге созып барады дегендей едім. Енді аңдасам; ол создің ыңғайын баққан екен ғой. Жүсіп қарт та үтірлі жерден ұстата қойса… М.Сүн.
САЛҚЫН РАЙ
Қабағы қату, жылусыз кейіп. ~ Осы бір сезім Дүйсен қарттың есіне марқұм анасын түсірді. Онда ол бала еді. Болмашыға тіл алмай қасарып, жатып қалған. Ертеңіне шешесі салқын рай танытқанда қатты күйзелді Дәп қазіргідей жүрегі сыздап қоя берді. М.Сүн. ~ Сеземін салқын рай жүзіңнен де, Тумаған көктемің боп күзің мен бе? Аяулым, айлық жерден ләззат берген, Жүректің антенасы үзілген бе? Ж.Аман.
