* — Апам әңгімені неге созып барады дегендей едім. Енді аңдасам; ол создің ыңғайын баққан екен ғой. Жүсіп қарт та үтірлі жерден ұстата қойса… М.Сүн.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
САЛҚЫН РАЙ
Қабағы қату, жылусыз кейіп. ~ Осы бір сезім Дүйсен қарттың есіне марқұм анасын түсірді. Онда ол бала еді. Болмашыға тіл алмай қасарып, жатып қалған. Ертеңіне шешесі салқын рай танытқанда қатты күйзелді Дәп қазіргідей жүрегі сыздап қоя берді. М.Сүн. ~ Сеземін салқын рай жүзіңнен де, Тумаған көктемің боп күзің мен бе? Аяулым, айлық жерден ләззат берген, Жүректің антенасы үзілген бе? Ж.Аман.
ҮРМЕ ҚАР
Желдің үрлеуімен тығыздалған қар. * Сол бір көргенсіздердің боқтық сөзі түк емес-ау, ең қиыны сол үрме қардың үстінде Едіге Қазанғаппен төбелесіп қалды ғой. Ш.Айт.
ҮСТІНЕ ТҮСІП ҚҰЛЫНДАЙ ҚАЛДЫ
* Қапыштан төмендеу отырған Тәшім моллаға бас изей салып, құдасынан құшағы ажырасымен ақ шымылдық ұстаған болскей ақ кереуетке барып, Болаттың үстіне түсіп құлындай қалды. С.Жүн.
ҮРПЕК БАС
Басы жұдырықтай ғана, шүйке бас. * Өз үйірі ортасында. Мезгілінде жатады. Мезгілінде тұрады. Мезгілінде туады. Қазір үрпек бас ақ ботасы бар. С.Елу. * Дәмесін қарай гөр шіріктің». «Бүгін дүкенге бара қалсам, әлгі үрпек бас кішкентай қара бар ғой, Бекберген деген, сол алдымнан шыға келгені. Т.Ахт. *Жоғары оқу орнына кеткен үрпек бастың орнына жаңа киномеханик қабылданды. К.Хамз.
ҮСТІНЕ ТҮСТІ (ТҮСЕ ҚАЛДЫ / ТҮСЕ КЕТТІ)
Елтай соғыс бұрқағын басынан өткерген осы ұрпақтың бір тамаша қасиетіне бала жасынан куә: жетім-жесір десе шұрқырап үстіне түсе қалады. М.Қаб. Басқа бала болса, қанды көріп шошып кетіп, өзінің ызамен ұрғанына өкінер еді. Інісін аяп үстіне түсер еді. І.Ес. Туған бауырындай елжіреп, бәйек боп үстіне түсіп отырған ақ киімді қарындастың бетіне тура қарады. С.Омар. * Тынысы кеңіп, жаңа ғана шырқырап ұшып жоғалуға айналған жаны енді-енді ағзасына қайыра еніп, кірпігі қимылдаған жігіттің бетіне үңілді. — Қалайсыз, пірім? — деді үстіне түсіп кете жаздап. Д.Досж. * Таң сәулесі де жерге жылжи жайылып, тау жақтан соққан салқын самал Қаратайдың кек ала қойдай жаншылған денесін, қабарып, кей жері іскен қолдарын аймалап, үстіне түсіп мүсіркейді. Ш.Айт. Бұрынғыдай айналып-толғанып, үстіне түсе қалу жоқ: "Әке-шешең, әне, соларға барып еркеле!" дегендей, сырт айналып, үй шаруасымен күйбеңдеп кетті. М.Қаб. ~ Күйеуі сау кезінде өзеті үзіліп, үстіне түсіп кете жаздап тұрған кейбір келіншектерді күйеуі мүгедек боп қалғанда көрсең бар ғой, танымай қаласың. Әлгі әйелдер сағымдай құбылып, сабындай бұзылып шыға келеді екен. Н.Кел.
ҮРПЕК БАС ШАҚ
Таң қылаң берген, елең-алаң уақыт. * Таң атқан, үрпек бас шақ, алаң-елең, Көрінді орман, көлдер, ой, қыр, белең. С.Сей.
ҮСТІНЕ ҮЙ ТІКТІ
Қайтқысы келіп қыңқылдаған Нұртайды батыр онан соң да бір жаз ұстады. Қимайды екен. Қатын алыпберіп, үстіне үй тікпек те болды… З.Шүкір
ҮРПИЕ ҚАРАДЫ
~ Дариғаның әдеті, бірақ сәлден кейін күбірге ауысып, одан қыза келе бөгде кісі отырса да елемей, дауыстап кетеді. Мен бүйірінен шымшып алғанда бейкүнә кескінмен бетіме үрпие қарап, таңырқап қалады да содан кейін өз қылығы есіне түсіп, сыртқа сүйрей жөнеледі.Т.Ахт. ~ Оқта-текте бір ұшырасатын шағын ауылдар соңдарынан үрпие қарап шығарып салғаннан басқа еш қайран танытпайды. Ә.Кек.
ҮСТІНЕН АУЫР ЖҮК ТҮСКЕНДЕЙ БОЛДЫ
~ Құлындай ойнап жүрем. Сабақ басталар алдында жылап — еңіреп шешем келіп кетті. Көзі бұлаудай анамды аяғанмен, Мақпалдың үйден кеткеніне қуандым. Үстімнен ауыр жүк түскендей сезіндім. Н.Сер.
