Posted in

ҮСТЕМ БОЛДЫ

Билігі жүріп, сөзі өтті. — Біз жеңеміз, өйткені ісіміз ақ. Барлық адам баласы бізбенен жақ. Дүниеге зұлымдық үстем болып, Тұрмақ емес, әділдік жеңуі хақ! Ә.Нұрш. Осы тұқымдардың қайсысы үстем болса, нақтырақ айтсақ, қай тайпаның қызы «алтын тізгінді» қолынаалса, сол ұлыс сарай саясатына белсене араласты. Т.Жұрт.

Posted in

ҮСТІНЕН ҚҰС ҰШЫРМАДЫ

Қызғыштай қорғап, бағып-қақты. Тегінен балажанды кісі, ұлдан көрген үш немересінің үстінен құс ұшырмай, мойнына мінгізіп еркелетіпұстаушы еді. О.Бөкей. Гүлияны жанындай жақсы көретіні рас-ты. Үстінен кұс ұшырмай қызғанатын. О.Бөк. Құдай-ау, менің жазығым не? Үстінен құс ұшырдым ба, тамақтан, киер киімнен тарықты ма? О.Бөк.

Posted in

ҮРКЕР ЖЕРГЕ ТҮСТІ

~ Енді бағанағы айтқан Үркерімізге байланысты тағы да есіме түскенін айтайын. Қазақ атам «Үркердің батуы» дейді. Үркер батқанда қайнаған шілде айы басталады. «Үркер жерге түспей, жер қызбайды» дейді халқымыз тағы да. Яғни Үркер 40 күн көрінбегенінен қайнаған шілденің басталғаны деп біледі. Ал енді айдың жауын-шашынды болуын өларадан білген. Ж.Баб. ~ Үркер жерге түскендей аспаннан алты түскенде, сағаттың тілін бағып отырған біздің төзімтал қызметкерлер кинодан шыққандай тарай бастайды. Саудасы жаңа қызған саудагердей Құдайымды ұмытып, шұқшиып отыратын мен. О.Әуб.

Posted in

ҮСТЕН ҚАРАЙДЫ

~ Нұрғали ойындағысын жасырмай айтуға кірісті: —Жоқ, менімен араз. Мені адамға санамайды. Олар коммунистер ғой, төре ғой, үстен қарайды, — деді. Б.Май.

Posted in

ҮСТІНЕ ЖАПСЫРДЫ

Бар жақсысын үстіне ілді (киіп алды). Тапқан-таянғандарын соның қолына ұстатып, жылтырағанның бәрін соның үстіне жапсырды. Кәмиләданқалғанын киді, Кәмиләдан қалғанын ерніне жағып қанағат етті. Ғ.Біл. Апасы жылтырағанды Күнікейдің үстіне жапсырады, шашын жылтыратып тарайды, өреді, омырауынқызыл, жасыл жіппен кестелейді, тана моншақты камзолына тағады, уақ күмістен сылдырмақтай шашбау да істейді. Ж.Айм. Айтолқын тіпті ешнәрсеге абыржымады да, әбігерленбеді де. Тоқалдың ерекше сыланып-таранып, жылтетерін үстіне жапсырып жатқанын байқады, бірақ байқамаған болды. Б.Қыд. Үйдегі барлы-жоқ аз ғана дәулет қолында болды. Өзі де қолына жылтырақ бірдеңе түссе осының үстінежапсырғанша асықты. Сонда бұл неден жазды? Ә.Нұрп.

Posted in

ҮРКІН ЕЛ (КӨШ)

Басына ауыртпалық түсіп, берекесі кетіп, үдере көшкен ел. Бес- алты жастағы бала не біледі дейсің? Ойпыл- тойпыл заманда, аштық жайлаған үркін елдің шұбырындыкөші көз алдында әлі тұр. Т.Рыск. Соңдықтан да үркін ел хандықтың орталығы Тәукенің әкесі — Жәңгірдің тұсында иелік еткен Түркістанқаласының маңайы мен Жиделі Байсынға сығылыса келіп орналасқан да, көп батырдың көші- қоны жапсарласа қалған- ды. С.Смат. Туған інісінің баласы тұрмақ, үркін көштің үстінде, өлі ананың емшегін кергілеп жатқан жерінде, жолдантауып алған Жолдыбайды да жат көрмеген. Т.Рыск.

Posted in

ҮСТІНЕ КІРДІ

* Асановтың алдындағы хатшы қыз таныс екен: «Атқару комитетінің председателі Бегимов Ербол отыр, ол кісі бір кірсе, жуырмаңда шыға қоймайды, үстіне кіре бер!» — деген соң, есікті ашып, бірінші секретарьдің алдына жетіп барды. З.Шаш.