Желдің үрлеуімен тығыздалған қар. * Сол бір көргенсіздердің боқтық сөзі түк емес-ау, ең қиыны сол үрме қардың үстінде Едіге Қазанғаппен төбелесіп қалды ғой. Ш.Айт.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ҮСТІНЕ ТҮСІП ҚҰЛЫНДАЙ ҚАЛДЫ
* Қапыштан төмендеу отырған Тәшім моллаға бас изей салып, құдасынан құшағы ажырасымен ақ шымылдық ұстаған болскей ақ кереуетке барып, Болаттың үстіне түсіп құлындай қалды. С.Жүн.
ҮРПЕК БАС
Басы жұдырықтай ғана, шүйке бас. * Өз үйірі ортасында. Мезгілінде жатады. Мезгілінде тұрады. Мезгілінде туады. Қазір үрпек бас ақ ботасы бар. С.Елу. * Дәмесін қарай гөр шіріктің». «Бүгін дүкенге бара қалсам, әлгі үрпек бас кішкентай қара бар ғой, Бекберген деген, сол алдымнан шыға келгені. Т.Ахт. *Жоғары оқу орнына кеткен үрпек бастың орнына жаңа киномеханик қабылданды. К.Хамз.
ҮСТІНЕ ТҮСТІ (ТҮСЕ ҚАЛДЫ / ТҮСЕ КЕТТІ)
Елтай соғыс бұрқағын басынан өткерген осы ұрпақтың бір тамаша қасиетіне бала жасынан куә: жетім-жесір десе шұрқырап үстіне түсе қалады. М.Қаб. Басқа бала болса, қанды көріп шошып кетіп, өзінің ызамен ұрғанына өкінер еді. Інісін аяп үстіне түсер еді. І.Ес. Туған бауырындай елжіреп, бәйек боп үстіне түсіп отырған ақ киімді қарындастың бетіне тура қарады. С.Омар. * Тынысы кеңіп, жаңа ғана шырқырап ұшып жоғалуға айналған жаны енді-енді ағзасына қайыра еніп, кірпігі қимылдаған жігіттің бетіне үңілді. — Қалайсыз, пірім? — деді үстіне түсіп кете жаздап. Д.Досж. * Таң сәулесі де жерге жылжи жайылып, тау жақтан соққан салқын самал Қаратайдың кек ала қойдай жаншылған денесін, қабарып, кей жері іскен қолдарын аймалап, үстіне түсіп мүсіркейді. Ш.Айт. Бұрынғыдай айналып-толғанып, үстіне түсе қалу жоқ: "Әке-шешең, әне, соларға барып еркеле!" дегендей, сырт айналып, үй шаруасымен күйбеңдеп кетті. М.Қаб. ~ Күйеуі сау кезінде өзеті үзіліп, үстіне түсіп кете жаздап тұрған кейбір келіншектерді күйеуі мүгедек боп қалғанда көрсең бар ғой, танымай қаласың. Әлгі әйелдер сағымдай құбылып, сабындай бұзылып шыға келеді екен. Н.Кел.
ҮРПЕК БАС ШАҚ
Таң қылаң берген, елең-алаң уақыт. * Таң атқан, үрпек бас шақ, алаң-елең, Көрінді орман, көлдер, ой, қыр, белең. С.Сей.
ҮСТІНЕ ҮЙ ТІКТІ
Қайтқысы келіп қыңқылдаған Нұртайды батыр онан соң да бір жаз ұстады. Қимайды екен. Қатын алыпберіп, үстіне үй тікпек те болды… З.Шүкір
ҮРГЕН МЕСТЕЙ
Қайкы бел, кәрі жирен үстінде бүгінде үрген местей орасан семірген кілбік көз, қабан желке Бұқабай отыр. Көзі тарс жұмулы. С.Елу. Қоқанда бір ноғай мұғалімі аяғын құбылаға беріп ұйықтап жатқанын көрдік деп, қышлақ сарттары үргенместей көмпиіп, сарттан басқа жанның бәрін қырып жібермекке бел байлап, қолдарына пышақ, балта, шот, кетпен, орақ, арқан, жіп, қанжарларын алып, көшеге сыймай күпілдесіп кетті. С.Сей. Жамал бәйбіше дауыс салды. Екі қолымен бүйірін таянып, үрген местей етжеңді бәйбіше дауыс етіптеңселді. С.Елу. Алдында екі күн бұрын сарттан басқаның бәрін қырамыз деп, үрген местей кеуіп жүрген сарттар«қазақсың» деп, өлтірмек болып бір қинап еді. С.Сей.
ҮРІККЕН ТАНАДАЙ ОДЫРАҢДАДЫ
~ Шиыршық атқан Мұқатай танауы желбіреп, үріккен танадай одыраңдайды, қуанған баладай абдырай сөз бастағанда, дуылдаған жұрт тына қалып, өз ықыластарын той бастап жүрген жігіттің ойына бағындырды. Қ.Тол.
ҮРГЕН ТОРСЫҚТАЙ
~ Жалаңаш әйелдің сұлуын адам көрмейді екен ғой! Еті уыздай аппақ, білектері, сандары оқтаудай жұп-жұмыр, мойны құйған шамдай, ақ етіне қара шашы салбырап, қос алмасы үрген торсықтай делдиіп тұрғанда, жұтып қойғың келеді екен! Ж.Айм.
ҮРІККЕН ТҮЙЕ КӨЗДЕНДІ
Қатты қорықты
