Posted in

ҮМІТ ОТЫ (ҚАЙТА) ЖАНДЫ (ТҰТАНДЫ)

Болашаққа қайта сенім артты, күдерін біржолата үзбеді. — Аспан ашық қой бүгін… Жұлдызға қарап қозғалармыз… кешкісін… — деді әлден уақта Пахраддин Сырғаны жұбауратып. Ерінің үнінен сөне берген үміт оты қайта тұтанғандай. Пахраддин айтты — бітті. Оның сөзіне өмірде шүбә келтіріп көрген жан емес қой Сырға. Үміт үзбеді тірліктен. С.Елуб. * … екі жігіттің көзі осы кезде зыр етіп қастарына кеп тоқтай қалған жасыл түсті жаңа "Газикке" түсе кеткенде, көңілдеріне үміт оты тұтанып, серпіліп қалды. О.Сәрс. // ҮМІТ ҚЫЛДЫ (ЕТТІ, АРТТЫ) // ҮМІТ ОТЫН ӨШІРДІ

Posted in

ҮМІТІН ӨРГЕ СҮЙРЕТТІ

~ Міне, ит деп соны айт. Дұрысына кел- сек, тіпті, ол саған қарап үрген де ит емес. Олай болса сақтанасың ғой. Керісінше, үндемей кеп қапқан ит. Үмітіңді біраз күн өрге сүйретіп, ақыры әзіз басыңды көрге итермелеген қорқау қасқыр! Р.Рай.

Posted in

ҮМІТ ОТЫ СӨНДІ (ӨШТІ)

~ Өңім жүдеу болмай қайтейін. Өңшең балық көз надандардың ортасына қамалған соң, амалым не? Бірақ өңім жүдеу болғанмен, жүрегімде тұтанған үміт оты сөнген жоқ, Ақбота,− деп сөз сыңайын түсінген Ақтоқты да тура жауап берді. С.Жүн. ~ Мейлі, апталар, айлар, керек десең, жылдар өтсін, Қаракөз сұлудың жас жүрегінен үміт оты сөнер емес. А.Сей. ~ Кемпірдің нұрсыз көзіндегі жаспен жарқыраған үміт оты сөне берген екен. М.Қаб. ~ Бүгін міне, үміт отын өшіріп тағы да күн батып барады. Тау ішін сызды көлеңке жайлап, лезде көз байланды. Т.Сәу.

Posted in

ҮМІТСІЗ ШАЙТАН

Қашанда жақсылыққа сену керек д.м. Қысқа қашықтық анық жүйріктің айқын бағасын бере алмайды, әрине. Сонда да үмітсіз-шайтан деп жұрт тоқ бәйгеге жүйрігін де, жабысын да жібереді. С.Дос. * Қоспан суға батқан тастай хабар-ошарсыз жоғалып кетті. Үмітсіз сайтан емес пе. Бірақ сонда да күдерімді үзбедім. Т.Ахт. Дәрігердің бір сөзін түсінсе, келесі айтқаны санасына сіңбей дал. Мейлі де. Үмітсіз — сайтан ғана. Д.Досж. Надежда умирает последней

Posted in

ҮМІТ САУДЫ

* * Көзі от шашып, жай атып тұрған ойнақы қыз қос құрдасқа көктен түскен хор қызындай сезіліп еді, бойжеткенге ұмсынысып қалып, тіл қата алмай және тоқтасты. — Оу, қос жігіт! Үміт саумай жым- жырт тұрыстарыңыз қалай? С.Смат.

Posted in

ҮМІТСІЗДІК САЙТАН ІСІ

* Қараңғыда тағы қандай сәуле бар. "Үмітсіздік — сайтан ісі" — демеуші ме еді жан анам. Иә, иә… айтқандайын ер жігіттің үш жұртының бірі — нағашы жұртым бар емес пе? С.Дос.

Posted in

ҮМІТ СӘУЛЕСІ

~ Әпкем жазылады, екен-ау деген үміт сәулесі жүрегімді жылытқандай болды. Ш.Мұр. ~ Аты дейсің бе? Аты Қозыбақ, — кемпір нұры сене бастаған қыйықтау қой көзінен алғашқыда әлсіздеу бір үміт сәулесін жалт еткізді… Ә.Сәр. ~ Әлдебір үміт сәулесі жетектейді ілгері. Барып-барып, бір кең жазираға шығып, кеудесін кере демалғандай болды Нәшекең. К.Қаз.

Posted in

ҮМІТСІЗДІККЕ САЛЫНДЫ

Түңілді, үмітін үзді. * «Осыдан ештеңе шықпай жүрмесін» деп үмітсіздікке салынған бұрғышыларға бой берместен, «нар тәуекел» деп, Қанат екінші жерден бұрғы салды. Ғ.Слан.

Posted in

ҮМІТ СӘУЛЕСІ ӨШТІ

Үміті үзілді, арманы қиылды. ~ «Бүгінгі бізге кездескен жаудың байқаусызда өтіп кеткен ұсақ тобы шығар, алдымызда біздің әскер тұрған шығар» деп көңілге талшық еткен үміт сәулесі өшіп, ендігі жағдайға тіпті көңілімен де көндіге алмай, әйелдер сөзден қалды. Т.Ахт. ~ Әлі де көңіл түкпірінен үміт сәулесі өшкен жоқ. Қ.Жұм.