Posted in

ҮМІТІ ДАЛАҒА КЕТТІ

~ . Өзімнің кім екенімді білместен әнімді сыйлағаны үшін оған айтар алғысымды айттым. Мені өзінің қасына алар деген үмітте едім, ол үмітім далаға кетті. Ә.Әб.

Posted in

ҮНІ ҚҰЛАҒЫНА ТИДІ

* Көз жауын алған арам дүние демің біткен күні басқа тебеді. Нұртайдың жүзі қара күреңденіп, сырт айналды.Әлде кімнің аянышты үні құлағына тиді. З.Шүк.

Posted in

ҮМІТ (ҮМІТІН) ҮЗДІ

~ Мейір, шапқат кем болып, Шын сөз кетті сырластан, Ойын кетті құрдастан, Жастар үміт үзіпті Жұрт тосынған жолдастан. Шортанбай. ~ Үздің бе үміт сен менен, Ертегім болған ертеңім. Тербетер ерке желменен, Жүректі нәзік желкенім. Қ.Бұғ. ~ Екеуінің күн сайын, сағат сайын мені жерден алып жерден салатыны сонша, кейде қорыққанымнан мұнан да асылып өлгенім артық шығар деп те ойлаймын. Мырзекесі, мен олардан үміт үздім. Ф.Дост. ~ Түңіліп барып, үмітін үзіп барып, өз тілеуін өзі ғана тілержалғыздықтың, жанашырсыз жетімдіктің зарын тартып, запысын шеккен қайран көзсіз ерлік– ай… О.Бөк. ~ Сол кезде әлденеден үмітін үзгісі келмей тімтініп жан– жағын шолып жүрген Ештайдың үні тым қатты шықты. К.Сег.

Posted in

ҮМІТІ КЕСІЛДІ

~ Жаңа сұрақшы сөзінің тұсында іштей көтеріліп қалған Мамозы қазір біржолата үміті кесіліп, өзінің шын тотиғанын бір-ақ, аңдады. Ж.Ах.

Posted in

ҮНІ ҚҰЛАҚ ТҰНДЫРДЫ

* … төбеңнен төнген сансыз шамдар көздің жауын алса, «чачалаған» ышқынды музыка үні құлақ тұндырар; барын киіп, бақанын қолына алып шыққан қыз-жігіт жаздың мол-мол қызығы ағаш жапырақтарындай мінтеліп, күздің сұрғылтым жуас күндеріне ойыса бастаған соң, мейлін- ше ұтып қалуға жанталасқан сыңайлы … О.Бөк. * Бұл жолы көпке ұзамай гүр етті; төңірек көк ала бензин түтіні, машина селкілдеп тұр. Мотор үні құлақ тұндырардай. М.Сүн.

Posted in

ҮЛГІ ТҰТТЫ

~ Оның Боранбаев есімді қорқақты жазалағанын да жөн көрдік. Оның Бозжанов, Рахимов сияқты серіктерін де өзімізге үлгі тұттық. Ә.Нұрш.

Posted in

ҮЙТІП ЖЕ!

Қолыңнан келгеніңді қыл д.м. Ол итінді бұл ауыл көрмегелі алты ай болды ма, немене? Қайда тентіреп жүргенін білген кісі көргем жоқ. Ұстап ал да, үйтіп же! Арылғаным сол!- деді. М.Әу. Білгеніңді аяма! Қазақ қатындарының" күнтимесінен" талай рет дәм татқан "ызбырайымды" айызың қансаүйтіп же! А.Өтег.

Posted in

ҮЛДЕ МЕН БҮЛДЕГЕ ОРАДЫ

Киер киім, ішер астан қақпады; ырысқа кенелтті, рахат өмір сыйлады. ~ Апыннан шүмек ойдырдым, Күмістен түбек қойдырттым… — деп Би Едіге — Ер Едіге айтқандай, кім баласын үлде мен бүлдеге орайын демейді? Ж.Айм.