Анасы Күмісай ажарлы, орта бойлы ғана, ұршықтай домаланған етженді, ақ сары кісі. Қ.Ысқ.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ҰРТ СӨЗДІ (ТІЛДІ)
Ойына келгенін айтып салатын, шәлкес мінезді. * Қатипа бұрын бала көтермеген, сымбатты сұлу әйел екен. Қазір жылап, қазір күле салатын, тез иланғыш, жеңіл мінезді, ұрт сөзді, ақкөңіл кісі болып шықты. Ғ.Біл. * Ежелден ұрт тілді, қыңыр міңезді, жолдастарымен ылғи ерегесіп жүретін ол бұл жолы да кемшілігін құп алған жоқ. Е.Мұх.
ҰРШЫҚТАЙ ҮЙІРДІ (ДӨҢГЕЛЕТТІ)
Әлдебір жұмысты оп-оңай іліп әкетті; еңбегі жанды. ~ * Мырзабектің ауыз байлығы болмаса, қызды ұршықтай тез үйіріп әкететін өнері болмайтын. Лөляға оның қолын жеткізген адам — құрдасы Қасым. Әне ол бір көргенде -ақ, қызды құйындай үйіріп әкетеді. С.Мұқ. Жеңгемнің қимылы менен гөрі ширақ та тегеурінді. Мені сілкиді де аяғымды жерге тигізбей ұршықтай үйіріпәкетеді. Б.Соқп. Мырзабектің ауыз байлығы болмаса, қызды ұршықтай тез үйіріп әкететін өнері болмайтын. Лөляға оныңқолын жеткізген адам — құрдасы Қасым. Әне ол бір көргенде -ақ, қызды құйындай үйіріп әкетеді. С.Мұқ. Пах! «Кесте тігеді, киіз басады, сөйтіп шағын бизнесін ұршықтай дөңгелетіп отыр, әнекей!» деп нанға май жаққандай адамның жүзі шыдамайтын қайдағы-жоқты жылпылдатып жібермесе не қылсын! Бұлардан ондайларды да күтуге болады. Қ.Жиенб. Оны түбінен қопарған томардай дөңгелетіп ұршықтай үйіріп жықса да, бұлт-бұлт етіп, аунап түсіпЖолдыбайдың астында жатпай қойды. Т.Рыс. Азамат… Жарайсың. Ыраш та зерделі. Машинаны ұршықтай иіріп кеткен жоқ па? М.Сүн.
ҰРТ ТОЛТЫРА СӨЙЛЕДІ
~ Онымен ағайынды екі азаматтың жомарт атағы жайылмады. Бұрын Мәші-бай, Ашақ-сал дегенді ұрт толтыра сөйлейтін былайғы ел енді екеуіне бір-ақ ат, бір-ақ айдар тақты: есуас! Ж.Нәж.
ҰРШЫҚТАЙ ҮЙІРІЛДІ
* Көңілі кенет бет ажарына ауған Нәргүл қолындағы көйлегін тастай беріп, шар айна алдында ұршықтай үйірілді. Р.Рай. ~ — Сіз боссыз, — деді ол осыдан кейін. — Мен ұршықтай үйіріліп, кейін бұрылдым да, аяғымды дік-дік басып, генералдың кабинетінен шықтым. Жарай ма осы деталь? Б.Мом. ~ Қозғалыстың, қимылдың барлығы да жылпың қағып, ұршықтай үйіріліп, танымастық тездікпен құлдырап тұрған сияқты. М.Әу.
ҰРТТАП ІШІП, ШАЙҚАП ТӨКТІ
Дәурені жүрді, өмірдің қызығына белінен батты. ~ Содан не керек, екеуі қол ұстасып ала қыстай қыдырды. Жұбын жазбай бозбала шақтың баз қуанышын ұрттап ішіп, шайқап төгісті. Ә.Асқ.
ҰРТЫ ҚАНҒА ТОЛЫ
~ Адам ары, оның тағдыры көрінген күшігеннің, ұрты қанға толы қасқырдың, екі аяқты, екі жүзді хайуанның қолындағы қуыршақ емес! Р.Рай.
ҰРТЫ ҚОМПАҢДАДЫ
Асықты жіліктің көк етін түгел аузына тығып жіберген Тойбазардың ұрты қомпаңдап: − Орын.. ба… — деп келе жатып, екі ұртына алма-кезек жүгіріп жүрген кесек ет шайнауы жетіспегендіктен жұтқанда тамағынан өтпей қалды ма, екі көзінен жас парлап қоя берді. Н.Дәу. Ендігі жауапкершілігі мына жігіттің мойнында, бірақ әр нәрсенің міндетін басқаға итере берсек іс біте ме,бір адам емес, бәріміз көтеруге тиістіміз, осының салмағын! — Оның ұрты бір толып, бір солып қомпаңдап кетті. Қ.Ысқ.
ҰРТЫ МАЙ
~ Парықсыздардың ұрты май, Бұзуда елдің шырқын-ай. Адамдар дағы сендердей, Тату боп жүрсе, шіркін-ай! С.Қамшы.
ҰРТЫ МЕН МҰРТЫН МАЙЛАДЫ
Әбден тойды, пайдаға батты, аузы-басы майланды. ~ Оның үстіне мемлекет малына алақаны ашық мырзалар біраз адамның, біраз адамның болғанда көңіл жетерлерінің ұрты мен мұртын майлап та тастады. Б.Қыд. ~ Жүріп кеткен ізіне Барлау да жасадық: Бір із жортып жайлауға кетіпті, Мұрты мен ұртын майлауға кетіпті. Қымызға тойып, Бағланды сойып, Күн-түн карта ойнауға кетіпті. А.Тоқ.
