Posted in

ЫНДЫНЫ КЕПТІ

Шөлдеді; қатты сусап, қаталады. Апыр-ай, бұл жарықтықтар да адам секілді ындыны кеуіп өліп бара жатқанда тұщы су исін жер түбіненсезетіні-ау! Ә.Нұрп. — Ғашығым! … Жаным! — деп, қабан желке Бұқабай Нарқызды ұмар-жұмар бауырына басып мойыннан,алқымнан өліп-өшіп сүйе бастады. Шөлдеп ындыны кеуіп қалғандай. С.Елуб. ~ … еркек атаулы әйел тәніндегі Тәңір ие “тартуын” осы күнге дейін тәрк еткен емес, керісінше, көргенше ындыны кебеді, көрген соң ынтығы артады!.. И.Сап. СИН: ЫНДЫНЫ ҚҰРЫДЫ

Posted in

ЫНДЫНЫ ҚАНБАС

Тойынбады; қанағаты жоқ, ашқарақ, обыр адам туралы. * Астам өкімет, артық қатыгездік түгілі орынсыз сахилықтың өзі күпірлік. Барша күпірліктің ар жағында ындыны қанбас тойымсыз құштарлық жататын. Мақтан сүйгіштік, ләззат құмарлық, бақ құмарлық – бәрінің атасы бір. Ә.К.

Posted in

ЫНДЫНЫ ҚҰРЫДЫ

1. Ашқарақтанды; шөлдеді; қатты сусап, қаталады.. * Жылқы аңырайып тыраңдап жатпайды. Малдың ындыны құрып барады, «атау кересін» жеуге асыққан немеше. Ж.Айм. 2. әлденеге құмартты, қызықты, аңсары ауды. СИН: ЫНДЫНЫ КЕПТІ

Posted in

ЫНДЫНЫН ЖАПТЫ

~ «Қонақтардың» құрыған ындынын жабуға қызметшілері міндетті. Әсіресе олар уыстарына байлардың, үлкен бастықтардың балаларын түсіргенді қалайды. Ә.Ыб.

Posted in

ЫНДЫНЫН ҚҰРТТЫ

~ Алдаштың немересі бар білгенін бірден ақтара да салмай, әр сөзін суыртпақтап аузына қарап отырған жұрттың ындынын да құртпай әңгімені әп-әдемі айта алатын жігіт екен. Керек кезінде тосып та, жосып та, тіпті кесіп те айтады. Е.Әл.

Posted in

ЫНДЫНЫН САЛДЫ

~ Осындағы сарайдың бірінде жатып, таңның атысы, күннің батысы демей ындынын салып жұмыс істеді. Жұмыс ауыр. Бұрын мұндай жұмыс істемеген Қыдырбайға оңай соқпады. Д.Шал.

Posted in

ЫНТ-ЖЫНТТАРЫ КЕТТІ

* Сары ала шатырдың іші толы адамның ешқайсысында үн жоқ. Осы бір тізерлесе тізілісіп қалған айғыр топ екі адамның егесін емес, екі төбеттің таласын көріп отырғандай ынт-жынттары кетіп, телмірісе қалыпты. Ә.Кек.

Posted in

ЫНТАСЫ АУДЫ

Назары түсті, қызығушылық танытты. ~ Аз қолмен шығып аң қағуға ынтасы ауған. Құс салып, құмай тазы жүгіртіп сергіп қайтпақ-ты. Ақ ордасынан адым оздырмай құйрық талдырыпты. Есігінен сығалап иіліп-бүгілген елшілер мен дәргейіне бас ұрған жұрттан қажып бітпеді ме?» Р.От. ~ Үстіден үңіліп, екпеттеп жатып алған еңкіш қабырғаны оңдысолды қиып, айқыш-ұйқыш тартылған бау-шуға ептеп ынтасы ауа бастаған сыңайлы. С.Үс.