Posted in

ЫНДЫНЫН ЖАПТЫ

~ «Қонақтардың» құрыған ындынын жабуға қызметшілері міндетті. Әсіресе олар уыстарына байлардың, үлкен бастықтардың балаларын түсіргенді қалайды. Ә.Ыб.

Posted in

ЫНДЫНЫН ҚҰРТТЫ

~ Алдаштың немересі бар білгенін бірден ақтара да салмай, әр сөзін суыртпақтап аузына қарап отырған жұрттың ындынын да құртпай әңгімені әп-әдемі айта алатын жігіт екен. Керек кезінде тосып та, жосып та, тіпті кесіп те айтады. Е.Әл.

Posted in

ЫНДЫНЫН САЛДЫ

~ Осындағы сарайдың бірінде жатып, таңның атысы, күннің батысы демей ындынын салып жұмыс істеді. Жұмыс ауыр. Бұрын мұндай жұмыс істемеген Қыдырбайға оңай соқпады. Д.Шал.

Posted in

ЫНТ-ЖЫНТТАРЫ КЕТТІ

* Сары ала шатырдың іші толы адамның ешқайсысында үн жоқ. Осы бір тізерлесе тізілісіп қалған айғыр топ екі адамның егесін емес, екі төбеттің таласын көріп отырғандай ынт-жынттары кетіп, телмірісе қалыпты. Ә.Кек.

Posted in

ЫНДЫЗЫ ЖАРЫМАҒАН

~ Ішекқарыншы қатындардың некесіне басылған шақпақ ет, шажырқай, ұйқы, бел тамыр, шолақ кеңірдек, талақ сияқтыларды да: — Бері әкел, бермен? — деп, танауы желбеңдеп, астауға сала берді. Өрік қырындаған кезде, қатындар біріне-бірі қарап, еріндерін шығарып: — Мынау бір, ындызы жарымаған шіркін ғой!.. — деп күңкілдесті. Ж.Айм.

Posted in

ЫНДЫН БЕРМЕДІ

Құлақ аспады; назар салмады, ықылас қоймады; бағаламады. * Сонда айтты: «Қайран, Салон, келмедің ғой! Сөзіңе бұрын ындын бермедім ғой, Данышпан, қасиетті жан екенсің, Аман бол! Енді менің өлгенім ғой!» Шәкәрім

Posted in

ЫНДЫН ҚОЙДЫ

Ынта қойды; ықыласын аударды. * Өлең мен сөзді шеберлеп, Айтқаным мақұл келер деп, Ындын қойып ентелеп, Жарайды деп осыным. Ш.

Posted in

ЫНДЫНЫ АШЫЛДЫ

Араны ашылды; ашқарақтанды. * Жоқ, елес емес, қолына жуа сабағы ілікті. Жұлғанша шыдамай еңкейе құлап қарш-қарш шайнады. О, паруардігер! Тал жуаның өзінен-ақ кәдімгідей өмір нәрі тамғандай таңдайына. Құлшынып, ындыны ашылып, көк шөпті аралап еңбектеп келеді. Тағы да, тағы да қарш-қарш шайнағысы келеді, көк жуа сабағын. С.Елуб. СИН: ЫНДЫНЫ КЕПТІ