* – Ұзын арқан, кең тұсаудың заманы емес. Бүгінде ымыртшының есінде, күзетшінің көзіндегі қияс шақ, Тәке, – деді Еркін нығыздана отырып. О.Бөк.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ЫНДЫЗЫ ЖАРЫМАҒАН
~ Ішекқарыншы қатындардың некесіне басылған шақпақ ет, шажырқай, ұйқы, бел тамыр, шолақ кеңірдек, талақ сияқтыларды да: — Бері әкел, бермен? — деп, танауы желбеңдеп, астауға сала берді. Өрік қырындаған кезде, қатындар біріне-бірі қарап, еріндерін шығарып: — Мынау бір, ындызы жарымаған шіркін ғой!.. — деп күңкілдесті. Ж.Айм.
ЫНДЫН БЕРМЕДІ
Құлақ аспады; назар салмады, ықылас қоймады; бағаламады. * Сонда айтты: «Қайран, Салон, келмедің ғой! Сөзіңе бұрын ындын бермедім ғой, Данышпан, қасиетті жан екенсің, Аман бол! Енді менің өлгенім ғой!» Шәкәрім
ЫНДЫН ҚОЙДЫ
Ынта қойды; ықыласын аударды. * Өлең мен сөзді шеберлеп, Айтқаным мақұл келер деп, Ындын қойып ентелеп, Жарайды деп осыным. Ш.
ЫНДЫНЫ АШЫЛДЫ
Араны ашылды; ашқарақтанды. * Жоқ, елес емес, қолына жуа сабағы ілікті. Жұлғанша шыдамай еңкейе құлап қарш-қарш шайнады. О, паруардігер! Тал жуаның өзінен-ақ кәдімгідей өмір нәрі тамғандай таңдайына. Құлшынып, ындыны ашылып, көк шөпті аралап еңбектеп келеді. Тағы да, тағы да қарш-қарш шайнағысы келеді, көк жуа сабағын. С.Елуб. СИН: ЫНДЫНЫ КЕПТІ
ЫМ ҚАҚТЫ
Ишара жасады. Сейіттің қимылы тез, Жомартқа ым қағып, машинаның ішіндегі қара сөмкені алды да: «Дастарқан жай», – деп желпілдетті. И.Жақан Түн аспаны сансыз жұлдыздай көздерімен сезімді көңілге ым қаққандай болады. Жұлдызды аспанға. анда-санда айтылатын жер жырын, тіршілік ертегісін тыңдағысы келеді. М.Әу.
ЫҚЫЛАС САЛДЫ
~ Ішінде намыс пен кек түйіні сияқты бір наразылық, қарсылық түйіні шиеленіп байланысып алып, бала барынша ықылас салып, оқуға беріліп кетті. М.Әу. ~ Шоқан ол сөздерді ықылас салып тыңдаған жоқ, сондықтан ұққан жоқ. Оның қазіргі бар ынтасы – кадет корпусының үйін тезірек аралау. С.Мұқ.
ЫҚЫЛАСЫ АУДЫ (ТҮСТІ)
Қызығушылық танытты, назарына алды, оң көзбен қарады. * Анадай-мынадай төгіп-шашу емес, көріп-білуге, бабамыздыңерлігін танытуға ықылас ауыпты. А.Жақс. * Ол кісіні бұрыннан танитын ба едіңіз? — Жоқ, танымайтынмын. Әйтеуір, тергеу кезінде мені бір көрді де, ықыласы ауды. Қ.Жұм. Енді көрісеміз бе, жоқ па! Бері келші, балам,- деп Сүйеу карт кенет Еламанға ықыласы түсіп кетті. Ә.Нұрп. Менің күздің сабалақ жауынында арыбері салпылдап жүргенімді көрген Жора аға ықыласы түсіп, бірдүйсенбіде, демалысымызда: – Гүлжан, арт жақтағы заттар қойып жүрген тамды босатып бала-шағаңмен кіріп ал тазалап, – дегені. С.Досж.
ЫҚЫЛАСЫ БАСҚА
Ерекше көңілмен қарайды, көзқарасы бөлек, жақсы көреді. Өзінің күшін сезген сайын сары бала айбат шеге түседі. Тек бұл қанша қатайғанмен мына кісіге анасыныңықыласы басқа. Ә.Нұрп. Жаңа үйленген кісілердің келім-кетімі көп. Және бұл ауылдың Еламанға ықыласы басқа, қазір әсіресе, СудырАхмет келгіш. Ә.Нұрп.
ЫҚЫЛАСЫ КЕТТІ
* Ой, олардың үйінде маған лайық бала жоқ, бәрі кішкентай, – деп Қымбат ұялып қалатын. – Табылады ғой, шынымен ықыластары кетсе. Жеңгелерінің інілері бар шығар, – деп қыздар да қоймайды. С.Досж.
