Posted in

САДАҒАҢ (САДАҒА,САДАҒАСЫ) КЕТЕЙІН!  

Айналып-толғану, емірену; сен үшін шыбын жанымды да құрбан етуге дайынмын д.м. ~ Ділда. Садағаң кетейін, қарағым…

Айтайын мен оған, айтайын… Бірақ тілімді алмайды, менің өлігімді осыдан ал деп тағы айтайын. М.Әу. ~

Әсіресе, мосқалдау,

қазақша киінген бір әйел: — Ой, садағаң кетейін!.. Ой, қыбырлаған аяғыңнан айналайын!.. Ой, құрмалдығың болайын!.. — деп өзінен-өзі сөйлеп, балалардың соңын ала жүріп барады. С.Мұқ.  Уай, садағаң кетейін, сөз-ақ! — деп лепіре айқайлап

ахунды қошеметтеп қояды Шәріп. С.Елу. ~ Ой, түріңнен айналдым, келіншек әкелуге жараған, жігіт болғаныңнан садаға кетейін, қарашаңырағымның иесі… – деп бастап келе жатыр еді… С.Досж. ~ Айналмайсың ба ондай қыздан! Садағасы

кетейін! «Бойыңызға тоғытпайтын шығарсыз» дейді… Бәлкім, мен сенің теңің емес шығармын… жасық адам жанып тұрған отқа қалай астар болсын, өртеніп өлейін жалыныңа! С.Нұғ.

Posted in

САДАҒАҢ (САДАҒА,САДАҒАСЫ) КЕТЕЙІН!  

Айналып-толғану, емірену; сен үшін шыбын жанымды да құрбан етуге дайынмын д.м. ~ Ділда. Садағаң кетейін, қарағым…

Айтайын мен оған, айтайын… Бірақ тілімді алмайды, менің өлігімді осыдан ал деп тағы айтайын. М.Әу. ~

Әсіресе, мосқалдау,

қазақша киінген бір әйел: — Ой, садағаң кетейін!.. Ой, қыбырлаған аяғыңнан айналайын!.. Ой, құрмалдығың болайын!.. — деп өзінен-өзі сөйлеп, балалардың соңын ала жүріп барады. С.Мұқ.  Уай, садағаң кетейін, сөз-ақ! — деп лепіре айқайлап

ахунды қошеметтеп қояды Шәріп. С.Елу. ~ Ой, түріңнен айналдым, келіншек әкелуге жараған, жігіт болғаныңнан садаға кетейін, қарашаңырағымның иесі… – деп бастап келе жатыр еді… С.Досж. ~ Айналмайсың ба ондай қыздан! Садағасы

кетейін! «Бойыңызға тоғытпайтын шығарсыз» дейді… Бәлкім, мен сенің теңің емес шығармын… жасық адам жанып тұрған отқа қалай астар болсын, өртеніп өлейін жалыныңа! С.Нұғ.

Posted in

САДАҒА КЕТ (КЕТСІН, КЕТКІР)

Тырнағына да татымайды, басқан ізіне тұрмайды, қолына су құюға жарамайды д.м. ~ Тәйт!.. Тәйт!..- деп Сүйеу қарт күпісінің

ұзын жеңімен жасқап,- омәй, омәй, шіркін-ау… Сен ақ жолдан… ата-баба жолынан садаға кет. Қарғыс жолынан басқа жол

бар ма сенде,- деп жекіріп тастады. Ә.Нұрп. ~ Шакен апа ол жоқта оны қарғайды жылап отырып. –

«Қожайынымнан садаға кеткір. Заман осы арамтамақтікі болды. Біреудің дайын дүниесіне ие болып. Құдай жазасын берер әлі. С.Досж.

~ Ерасыл. —

Қыз емес, сурет қой мынау. Әлгі әлем аруы деп әспеттеп жүрген мисс қыздар бұдан садаға кетсін. С.Дос. ~ Ғайнидің түсі

суық, ызғарлы. Қанатты жеп қоятындай, қадала қарайды. — Е-е!.. Бұған да жеткен екенбіз! Әкел былай баланы! Сәбиден

садаға кеткір! Ғ.Сл. ~ Жәкемнің шыққан тегі көпке мәлім, Керек емес сандалып оттағаның. Садаға кетсін әрі

Кеней-сеней,

Өзімнің үкілеген ақтабаным! М.Қаб.

Posted in

САҒЫНЫШТАН САРҒАЙДЫ

Сағыныш сезімі бүкіл бойын билеп, жүрегіне жара салды, өшпес мұңға айналды. ~ Теңіз жағасында жападан– жалғыз қалған

ақсақ балықшының басынан осындай бір ахуал өтті. Балық– әйел сол кеткеннен қайтып көрінбеді. Ал, балықшы байғұс сағыныштан сарғайып, мүлдем азып кетті. Ш.Айт. ~ Сағыныштан сарғайып өлсе қайтесің?— деді Қайсекең жоқ жерден

шытынап. Шолақ саусағын тағы сермеледі. М.Қаб. ~ Әскерден жаңада қайтқан сүр бойдақ сағыныштан сарғайған қарындасқа нендей лебіз білдірер? Онымен қалайша көрісіп, қалайша сыр ақтарысар? Т.Әл. ~ Екі көзі төрт болып, күте– күте сағыныштан сарғайған анаң байғұсты, Оксушамды қуантармыз. М.Сүн.

Posted in

САҒЫНЫШПЕН ЕСКЕ АЛДЫ

Өткенді қимастықпен ойына түсірді. ~ Осы екі жол ылғи ойыма оралады. Екеуін де сағынышпен еске алып отырамын. А.Жақ.

~ Бір жыл бойы туған елден жырақта жүріп қайсы бір түндері кірпік қақпай сарылып ойлағанда осы үйді әрқашан

сағынышпен еске алатын. Ә.Нұрп. ~ Мүмкін сондықтан болар, әлде басқа да себептері бар ма екен, бүгінде мен әжемді

соншама бір қимастықпен, сағынышпен еске алуым аз. Д.Әш. ~ Түрлі ағымның жетегінде жүрген елдің Жарылқаушысын жаттан тапқаны да көп. Атам қазақтың адами болмысы сағынышпен еске алатын сағымға айналғаны қашан. Ы.Дәб.

Posted in

САҒЫНЫШ КЕРНЕДІ

Бүкіл жан-дүниесімен аңсады. ~ Қимас жандардай қол қысыстық. Артық сыпайылық әрине, соны біле тұра бойымды

сағыныш кернеп бара жатты. Д. Сэл. ~ Қырық көз. Қырық от. Тек қана от па екен? Арман, үміт, үрей, уайым, махаббат, сағыныш…  Кештің осы бір көгілдір шағында тау бөктерін, бүкіл Жуалыны сағыныш кернеп өткендей болды.

Ш.Мұрт. ~

Қараңғы түнде қалғыған тау-тас күңiрене жаңғырып, аспан астын мұң мен сағыныш кернедi. Ұлы махаббат өксiп, кең дүниенi кезiп жүр.Т.Сәу.

Posted in

САҒЫН СЫНДЫРМА!

Қорлама, намысын таптама д.м. ~ Соқталдай жігітті төмен етек әйелдердің алдында сабап, сағын сындырма!  Біз көрмесек

етті!  Мұндай сұмдықтарыңды бізге неге көрсеттіңдер?   Ә.Тар.  Ұрласаң да‚ жырласаң да соның еккен күріші ғой бала-

шағаңның жеп жатқаны. Олай сағын сындырма.  Қ.Түм. ~ Уай, сен жарықтығым, Бұл жаратқанға жазған ба едің, нені көріп, неден жасқанып жүрсің. Сындырма менің сағымды! Бойкүйез меңзең азбан болмасаң, ең жақсысын таңдап ал мынау арудың?  М.Әу.

Posted in

САҒЫН СЫНДЫРДЫ

Намысын аяққа басты, қорлады, бетін қайтарды. ~ … сөйтіп, тәкаппар ақынның қарын сындырмақ болған мырзаның өзінің

сағын сындырғанына іштей шүкіршілік етті. О.Сәрс. ~ … ат жетер жерге түгел хабар салып атығай-қарауылдың игі

жақсыларын түгел жиып, қызының да, елінің де сағын сындырмай жөнелту еді ғой. С.Жүн. ~ — Білгір тұқым ең… Білгірлігіңе

болайын! Кінәлінің тілі қысқа ғой. Тілім қырқылып отыр! Айтпағанымды өзің ұқ. Сағымды сындырмас деп, санаңа сеніп келіп ем…  Ж.Ахм.

Posted in

САҒЫМДАЙ СЕЙІЛДІ

Ыдырап, көрінбей кетті, ізін жоғалтты. * Соңғы жылдары ол тұңғыш рет өлім жайын дегбірсіздене есіне алады. Өмірдің мән-

мағынасы өлімде деп ұғатын ұшқалақ балалық шақ сағымдай сейіліп жоқ болды. К.Пауст. ~ Өшті бәрі, Сағымдай боп сейілді,

Із таппаймын Сорабымнан кейінгі. Қалай енді толтыра алар екенмін Күншуаққа құмар көңіл пейілді? Т.Зік.

Posted in

САҒЫМДАЙ ҚҰБЫЛЫП, САБЫНДАЙ БҰЗЫЛДЫ

Адам танымастай өзгеріп, айтқан сөзінен, берген уәдесінен айнып шыға келді. ~ Басшысы болмаған елде елдік бар ма?

Сағымдай құбылып, сабындай бұзылып, іріп-шіріп өте барады да? Жақсы деген оңай ма, ол жиі кездесе ме?

Кездеспейді.

Талай жан бар, аузымен айды алады, қолымен қосаяқ соға алмайды! — деп, тыңдаушының санасына қонарлық аса бір өтімді

сөздер айта бастады. М.Әу. ~ Күйеуі сау кезінде өзеті үзіліп, үстіне түсіп кете жаздап тұрған кейбір келіншектерді күйеуі

мүгедек боп қалғанда көрсең бар ғой, танымай қаласың. Әлгі әйелдер сағымдай құбылып, сабындай бұзылып шыға келеді екен. Н.Кел.