Posted in
САБЫРЫН ҚАШЫРДЫ
Мазасын кетірді, төзімін тауысты. ~ Кешеден бері соңына ерген қалың қолдан қара үзіп, «хан қорғаны» ықшам жасақпен
ілгерілеп алған. Кеудесіндегі атойлаған намыс оты тызақтатып, сабырын қашырды. Ә.Ыб. ~  Аралдың ертеңі қалай болады?
Ұрпағымыз не істейді, қайтіп күн көреміз? деген сауалдар халықтың сабырын қашырды. О.Жолд. ~ Одан кейін «Тараз»
сапындағы легионер Мирослав Лечич те ара тұра қарсыластардың қақпасына соққы бағыттап, Сидельниковтың сабырын
қашырды. БАҚ. ~ Құдды мұндай наразылықты күнде көріп еті үйреніп кетткендей болған басшының тек тілшілердің аты-
жөнін айтуын өтінген сауалы ғана сабырын қашырды. БАҚ.
Posted in
 
САБЫРЫН ЖОҒАЛТПАДЫ
Шыдамынан айрылмады. ~ Бірдеңе айтқысы келетіні, қиналып тұрғаны қипақтаған түрінен байқалды. Осыны сезсе де Иса
сабырын жоғалтпай: — Танығанда қандай! — деді желпіне сөйлеп. А. Жақс. ~ Ермұқан әз сабырын жоғалтпаған,
Жақтастар қолдауымен қанаттанған. Тұрғызған қара дауыл  қарсыластар Табанды тойтарыс пен жауап та алған. Қ.Аман.
Posted in
САБЫРЫН (САБЫРҒА) ШАҚЫРДЫ
Ашуға бой бермеуге, жөнсіз жағдайларға бармауға үндеді. ~ Сыр бермеуге тырысып, сабырын шақырғанда, көзімен аймалап,
әлі құмарта қарап тұрған Тазабекті көрді. Б.Нұрж. ~ Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыс ушығып барады: Иран мен
Сауд Арабиясы сабырға шақырды. БАҚ. ~ Талғарда болған өрт оқиғасы елді дүр сілкіндірген еді. Нұрымов бұл мәселені заң
аясында шешетінін айтып, елді сабырға шақырды. БАҚ.
Posted in
САБЫРЫ ТАУСЫЛДЫ
Әрі шыдам сақтауға төзімі жетпеді. ~ Солардың тезірек келуін асыға күтті. Олар кешіккен сайын сабыры таусылып, өзінен өзі
тықырши бастады. Шыдамы таусылып, есік алдына шықты. Ж.Сәм.
Posted in
САБЫРЫ САРҚЫЛДЫ
Төзімі таусылды, шыдамсызданды. ~ Сабыры сарқылған адам сенімін жоғалтады, сенімін жоғалтқан адам өзін жоғалтады. И.Сап. ~ Нелер тағаты таусылып, сабыры сарқылған, у ішкендей боп, көкірегі өт татып, жарық жалғаннан түгел түңіліп, сырттап кете жаздап тұрған кездерде сол бір шұғылалы шуақ есіне сап ете қалады. Ә.Кек. ~ Қыздың дауысында қарсылықтан гөрі еркелік басым еді. Сабыры сарқылған жігіт шабуылға көшті. Енді ол қызды шешіндіре бастады. С.Дос.
Posted in
САБЫРЫ МОЛ
Қай жағдайда да сабыр сақтай білетін адам туралы. ~ Хажының түк басқан жүзі өте суық болғанымен кішіпейіл, аз сөйлесе
де шешен, тәуекелі мығым, сабыры мол, құдайдан басқадан қорықпайды. Ғ.Мұст. ~ Тек кетпей Ғазизаны ала кетті,
Саспайды, сабыры мол, ақылы епті. Жанын сақтап, қылышпен басын қорғап, Қақ жарып жүре берді қалың көпті.
М.Абайұлы.
Posted in
САБЫРЫ МОЙЫМАДЫ
Шыдамы таусылмады. ~ Пештен қайтқан, білте шамнан будақтаған улы түтін —аядай үйді мұнартса, Қадишаның сөзі шайдай ашық көңілді мұнартқандай. Мұстапаның сабыры сонда да мойыр емес. Ойын аяқтаған соң ғана әйеліне күлімсірей жауап қайырды. Ғ.Мұст.
Posted in
САБЫРЫ КЕТТІ
Тағатсыздана бастады. ~ Алғашқы сабақтың бірінші үзілісі жақындаған сайын Бағиланың тынысы тарылып, сабыры кете бастады. Д.Ис. ~ Анасының сабыры мүлдем кетіп, одан әрі үрейленгендей. Молдаға жасқаншақтай қарап, бұны ұшықтап жіберуін өтініп еді-ау сонда, қайран анасы. Ш.Бейс.
Posted in
САБЫРДЫҢ СУЫН СЕПТІ
Өрекпіген көңілін басты, сабырға шақырды. * Теңгебайдың бір жыны: «Тап қазір көзінше лақтыр» деді, біраз ысынып-
суынып тұрды да қайта басылды, «нем кетті, оқталып тұр¬ғанда бітіріп тастайын» деген оймен үндемей аяқ астынан ұстай
салатын қырсығына сабырдың суын сеуіп буынып, бірақ ләм-мим деместен бұрылып жүре берген. М.Қан. * Мұндай да қызық
сезім болады-ау, аса езіліп сүйсінген жоқ, секемі мол қасаңдау оймен қозданған сезіміне сап-сап тілеп, сабырдың суын септі.  
О.Бөк. * Өзіне өзі сабырдың суын сеуіп, көрпе-жасты¬ғын орап құшақтап алып, жолай сыбаған күйі тәнтіректеп арғы
бөл¬меге кетті. «Білгенін істесін әбден». М.Қан. ~ Сақалын қырып жатып, қолдарының дiрiлдегенiн анық байқады. «Сонша
беймаздана бермейiншi. Өне-бойым қалтырайтындай жағдай емес қой бұл». Осындай алдамшы оймен сабасына түсуi үшiн
дегбiрiне сабыр суын себуге тырысты. Ә.Ыб. ~ Доғдырдың әдейi бұлардың қашқан құтына сабыр суын себейiн дегенi ме,
алғашқы ләмiн осылай бастады. Ә.Ыб. ~ Жанын қоярға жер таппай қарадай булығып барады. Әйткенмен амал қанша, қазiр
өлiп кетсе де бұдан басқа қайласының жоқтығын бiлiп қана, шыдамына сабыр суын септi. Ә.Ыб.
Posted in
САБЫРДАН АЙРЫЛДЫ
Шыдамы таусылып, ашуға ой берді. ~ Тақат, сабырдан айрылған Абай Түйеөркешке қалай жеткенін аңғарған да жоқ. Ымырт
жабыла бере екі жігіт тау ішіндегі Ербол аулына келді. М.Әу. ~ Сен… сен Эльвираны бақытсыз еттің! – Жігіт лезде сабырдан
айрылып, беті түтігіп қалшылдап шыға келді. Т.Сәу. ~  Бәйтен сабырдан айрылып, жалт қарағанда, шилердің арасымен бұға
түсіп, келе жатқан Хадишаны көрді. Т.Әбд.