Posted in

САҒАТЫ САНАУЛЫ (ТАУСЫЛҒАН)

Ажалы жақын д.м. ~ Сенатор Марат Қазыбековтің атағы аспанға шығып, алдынан бұдан да даңғыл жол ашылмақ. Бірақ көр… өзінің көрін қазып қойған. Күні біткен, сағаты санаулы, сағат емес, минуттар ғана қалды. М.Мағ.~ … қыста да қарап жатпай атын жемдеп, арба, әбзелдерін жөндейді, соқасын қайрайды, қамбасын әзірлейді. Әр күні, есептеулі, сағаты санаулы. М.Қаб. ~ Сенген шеріктерінің түрі анау болса, олар әлден –  ақ өмірден үмітін үзіп, сағаты таусылған, кесігі айтылған жандардай жазмышқа мойынсұнып қалыпты. С.См.

Posted in

САҒАТЫ КӨП

Мұғалімнің жұмыс кестесі тығыз, беретін сабағы көп. * Шешесі – мұғалім, районо бастығының әйелі, сағаты көп, қолы тимейді. Ж.Нәжім.

Posted in

САҒАТ САНАП

Әр сағатпен, уақыт өткен сайын. ~ Итбайды Амантай тобының өлтіргенін, оның ішінде Темірбек те болғанын Ботагөздің құлағы шалған еді, сондықтан сағат санап ол жақтан қауіп күтетін, міне, келді сол қауіп!… С.Мұқ. ~ Көшпелі ел түйесін біржола шөктіріп, осы ойпатқа біржола орнап, іргесін берік жайған. Сағат санап өкірген завод айғайында «Өткен сағаттың есебін бер!» деген әмір де бар. Ғ.Мүс. ~ Бабаларымның неше әулеті осы Державаның қуатын арттыру, іргесін кеңейту, абыройын көтеру жолында қаны мен тсрін аямап еді. Ендігі менің сиқым мынау. Бірақ өзімді қор санағанмен, бүратаналарды кінәлай алмадым. Ж.Ахм.

Posted in

САҒАН ӨТІРІК, МАҒАН ШЫН

Сенсең сен, сенбесең қой д.м. ~ – Әлі, жаман құрғыр-ау, осы сен бар емес пе ең, анада айттым ғой, тапа-тал түсте Жұбан

атам аян берді деп? Сонда жарықтық үлкен молданың өзі, саған өтірік, маған шын, осы Тұрекеңнен қалған құрымның сыртында «мілдәрт, мілдәрт» деп тұр екен. Ж.Нәж. * Саған өтірік, маған шын, бір отарлас қайран қошқарлар ешкімге мұңын

шаға алмай тіл тартпай көз жұмып жатты. М.Раш. ~ Сонда деймін-ау, әлі көз алдымда, орынынан ордаң етіп тұрып кеп, міне, тап мына мойынымнан құшақтай алды. Көзіне қарасам, саған өтірік, маған шын, мына шұбар қасық толғандай жас тұр екен.

Артынша: «Қап, жақсы көретінімді сездіріп қойдым-ау»,– деп өкіндім. Ж.Нәж.

Posted in

САҒАН НЕ ЖОҚ

Біреді кемсіту, қорлау, аузын жауып тастау ретінде айтылады. ~ — Осы сенен басқа келін қайынатасын сағынбайтын шығар.

Әй, баласы мен сағынбай отырғанда, саған не жоқ?! Б.Ыбыр. *  Оны пәлендей ел адамдары қақпайлап: «Әй, саған не жоқ?»

— демейді.  М.Сүн. * – Ә, Ерден Сандыбай ұлы, Тұрлыбек керей ақсары құрсарының таланған малына жаны ашып, қимасы

қышитын шығар, ал бағаналы, саған не жоқ?  С.Жүн. * — Әй, пұшық неме! Саған не жоқ! — деп қазақ шалы едірейіп шыға

келіп еді, шалдың көңілін аулағысы келді ме, серігі: — Биыл аю мен қасқыр деген жыртылып айырылады, — деп назарын

бөліп жіберді.  Қ.Ысқ. * ─ Жарайды, жарайды, айтысты қояйық. Тағы кім жазылады? – Бәйдәулет тізерлеп маңайына

мойнын соза қарады. – Ау, ана жақта… Бөкен, сен не? Басқа басқа, саған не жоқ, а? Т.Әбд. * Екі төсектің бел ортасындағы екі ақ жастық: «Саған не жоқ, ей» дегендей, екі құлақтары  едіреңдеп, маған қарай қалысты. Ә.Нұрш.

Posted in

САҒАН КІМ СӨЗ БЕРДІ

Біреуді сөйлетпей, тиып тастау. ~ Білсең, мына жайлауда қойды сен де желіп жүріп бағуың керек, Бөкен. – Қойсаңшы,

Жәмеш, нең бар балада? – деді Мағира ақырын. – Тыныш отыр әрі. Саған кім сөз берді? – деп Жәмеш оны тыйып тастады. Д.Әш.

Posted in

САҒАН ДЕГЕН СӨЗ ЖОҚ

Сенің сөйлейтін жөнің жоқ, үніңді өшір д.м. ~ Ой, ол әшейін сандырақ қой! – деп Қарабет тағы шап ете қалды.

– Қысқарт, саған деген сөз жоқ. – Малжан баласының бетін тағы қайтарып тастады. С.Жүн.

Posted in

САҒАҒЫНАН ҮЗІЛГЕН

Ерекше нәзіктік, мүсін сұлулығы хақында. * Ол ауылдағы Пiрмақанның тоқалы Нұрсұлудың сағағынан үзiлiп‚ бой жетiп

отырған сұлу қызы Ранайдың Ержiгiтпен сөзi бар екендегендi өткен жолы әйелiнен естiп едi. Б.Алд. * Шоқпарды жерден алып жазылын керегенің басқы көзіне сұқтым. Енді шоқпар сағағынан үзілер құлжа алмадай салбырап тұрды. Шіркін қандай

жанның мүлкі болды екен? Б.Қыд. * Бітеу жатқан жан жарасын тілімен жалаған мұң самалы сағағынан үзілердей,

қалтыраған құба жапырақтарға сыр шерткендей – шешен тілмен көсем сөйлеп, жорғақ басты. Ғ.Біл. * Артынша олардың

біреуі сағағынан үзілген қаракерді жорғалатып, Бесқарағайдағы Байсұлтанның үйіне түсті. Ә.Асқ. * Көзі ақықтай сүзілген,

Маржандай тісі тізілген; Келімі келген кермейық, Сағағынан үзілген … Б. Оңдасұлы.

Posted in
САБЫТЫН САЛДЫ  
Біреуге ауыртпалық түсірді, масыл болды. ~ «Мен осы бір түйір көк жасыққа да тұрмаймын, сендердің ауыздарыңнан
жырамын, сендерге масыл боп отырмын». Ол өзіне міне періштеше осылай қарайды. Біз оны шамамыздың келгенінше бағып-
қағамыз, бірақ, ол мұны сабытын салу деп есептейді.  Ф.Дос. ~ — Болатқа бардым. Болатты алып келдім. Болат әне сыртта
тұр. — Сен әкелуді ғана білесің. Сосын бар сабытын маған салмақсың, ә?! C.Шайм. *  Осы Әспет тақылеттес адамдар болады
— өз басының жайын айтып, шашыла бермейтін адамдар. Ондайлар өліп бара жатса да шағынбайды, біреуге сабыт та
салмайды  С.Шайм. ~  Өле-өлгенше кісіге сабытымды салмаспын, – деді соқыр кемпір. Ж.Молд.
Posted in
САБЫРЫНАН АЙРЫЛДЫ
Шыдамай кетті, сезімге берілді. ~ Бағанадан көк қасқаның үстiнде нығыз отырған Қамбар бар сабырынан әп– сәтте
айрылғандай, қозғалақтап, жүзi сұрланып, жанарынан ызғар шашты. К.Сег. ~ Әлсіз шыққан дыбыстың өзі, құлаққа ұрған
танадай тыныштықты бұзып, бір сәт дүбірлі дүние қайта оянып, орман іші сабырынан айырылады… Д.Аман.