Жоғалғанның өтеуі болсын д.м. тілек. ~ Қайғырған қара түннің қараңғысы, Томасарған тоғайдағы тораңғысы. Жалғыз-ақ жылқышы құс көңіл айтып, «Жоғыңның болсын, — деген, — оралғысы»!..» І.Жан.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ОРАҚ ТҮСТІ
Егін орағы басталған уақыт. ~ Бір аптадан кейін тарыға орақ түседі. Мамыт жиын-терін қамына кірісті. З.Шүк. ~ Ақ егіс орылып біткен. Енді тары қалды. Тары да пісті. Әне-міне, орақ түседі. Колхоз сүдігер жырта бастады. Ш.Мұр.
ОРАҚ ТІЛДІ, ОТ АУЫЗДЫ
Тілі өткір, адуынды адам туралы. * Күні кеше колхоздастыру кезінде бүкіл бір болыстың елін аузына қаратып, соңына ерткен, орақ тілді, от ауызды, бетіне жан қаратпаған жігіттің сұлтаны еді ғой Нұғыман. С.Мұр. * Бұл арада мен ауыл арасына, немесе белгілі бір аймаққа ғана аты мәлім ақындарды айтып отырғам жоқ, барша қазаққа танылған, ауыз әдебиеті тарихына енген орақ тілді, от ауызды жүйріктерді айтамын. Б.Тоғ.
ОРАҚ МҰРЫН
Дөңкиген, имек келген мұрын. ~ Әйтеуір арасынан Бөйбектің едірейген мұрты мен орақ мұрыны алыстан мен мұндалайды. Ә.Кек. ~ Орта бойлы, орақ мұрын, от жанарлы сол шымыр шалдың төртінші перзенті — менің әкем Момыналы екен. Б.Мом.
ОРАҚ АУЫЗДЫ
Тілге шешен, ділмар, тілі өткір. * Түйенің иір мойнына, салбыраған астыңғы ерні мен қылтиған құлағына қарап, өз үйінің сауын маясын жазбай таниды. «Қандай шебер еді Құзыр» деп таң қалады. М.Сүн.
ОРАҚ АУЫЗ, ОТ ТІЛДІ
Тілі өткір, мінезі тік, адуынды. ~ Ондай орақ ауызды, от тілді боламыз деп, бір–біріне шікірейе қарағанды мерей түтқан жұрттың неге үрына–тынын бүгін кеп өздері көріп отырған жоқ па? Ә.Кек. * Әсіресе орақ ауыз, от тілді үлкен ағам Құсайын Ақаңмен тез тіл табысып кетті. Ж.Баб. ~ Менен де нашарлар шіреніп– ақ жүр ғой жер құдайыңдай боп. Солар қай бір асқан білімімен, орақ ауыз, от тілімен озып жүр. С.См.
ОРАЙЫНА ҚАРАЙ
Ретіне қарай, орайы келіп тұрғанда д.м. ~ Ойда орыс, қиянда қытаймен арақатынасты осылай ұтымды ұстап, еліне, жеріне
нұқсан келтірмес үшін оны орайына қарай өзгертіп отырған Абылайдың бір бүйірінен Орта Азия билеушілерінің алакөздігі де
шыққан жоқ. С.Ақт. ~ Айна-қатесіз. Тәңірімнің Нұры, Қаған-Атамның алқау батасы. Қиял жетпес ғаламат. Бұл арада
орайына қарай еске салдым, алдағы бір күндерде арнап жазармын. Осы және басқа да ғажайыптарды. М.Мағ. ~ Бұл тәсіл
көбінесе, омонимдік қатарларда жұмсалатын сөздердің жасалуында қолданылады. Бұл ретте дыбысталуы бірдей сөздер
сөйлемде қолданылу орайына қарай әр түрлі сөз табын құрайтын болады. А.Аман. ~ Жалғас кезеңде советтен айрықша
қысым, қудалау көрсе де, тұқым-жұрағаты үзілмепті, тағы қаншама жақсы азаматтар шықты. Әрине, мұның бәрі көлденең
әңгіме, орайына қарай айтылып қалды. М.Мағ.
ОРАЙЫН ТАПТЫ
Ыңғайын келтірді; жолын тапты. * Ауылға болсын, жылқышысы ояу жүрген жылқыға болсын, жақындап тұрып, қадалып келгенде, көбінесе-ақ көрінбей, орайын тауып кіріп кеткіш. М.Әуез. ~ Күндiз-түнi бiрге қосанжарласа шапты, шаптырды. Орайын тауып Нұрмира мен Гүлмираларды да ұшырастырып, сөйлесiп қалып жүрдi. Ә.Ыб.
~ Разия шыдай алмай орайын тауып оған бір рет сөйлеп те қалды:
— Сақан, саған не болған?- деді нараулау қабақпен. Ж.Сәм.
ОРАЙЫН КЕЛТІРДІ
Амалын тапты, қиыннан қиыстырды. ~ Сақан екеуіміздің саған отауымыздан бір дәм татырайық деп ақылдасқанымызға қашан? Соның бір орайын келтіре алмай жүр едік. Ж.Сәм. * Содан кейiн орайын келтiрiп жиi кездесiп тұруға тырысатын. Жайдары, ашық мiнез. Бетiн қайтарып көрген емес. Бұл да буынға түсiп, қалай сөйлеудi бiледi ғой. Екеуi тез тiл табысып кеткен. Т.Сәук. * Қалай орайын келтіргенін кім білсін, Сәбираға дәл Шықаңдардың жанындағы үйден бұйырыпты. Тұмсық түйістіріп көлденең тұр. Т.Сәук. ~ Құдай орайын келтіріп, бұлардың сапары оң болып, барымташылар өздері олжалаған малды қасына қосақ, соңына жетек дегендей артығымен қайтарады. Міне, бұл жай әлгі жолаушыларды «шынында бізді әулие қолдады» деген сенімге нық байлайды. Ұ.Досп.
ОРАЙЫН БІЛЕДІ
Тілін біледі, амалын меңгерген, тәжірибесі бар.
* Өмірде өзіне лайықты жолды жаңа тапқандай болып Бақтығұл алғашқы қыс бойында тыным таппай, болыстың үлкен шаруаларын басқарды. Қай жұмыстың болса да, орайын өзгеден артық біледі. М.Әуез.
