Posted in

ОҢ ЖАҚТА (БОСАҒАДА) ОТЫРЫП ҚАЛҒАН

Уақытында тұрмыс құра алмай қалған. * Жасы отыздарға таяу, оң жақта көбірек отырған кәрі қыз еді. О.Сәрс.

  • Оң босағада отырған қызға бұдан артық қорлық болсын ба, онсыз да ызаға булығып келген әпкем лезде тәкаппарланып

кеткен екен. Б.Момыш. ~ Болашақ күңгірт. Сол күңгірттік мінезіне де көлеңке түсіреді. Оң жақта отырып қалған кәрі қыздай

шәргез. Әзіл айтса — дарынсыз актердің рөліндей шиі шыға береді. Ашуы да тез. М.Қаб.

Posted in

ОҢ ЖАҚТА

Қыздың өз үйінде, тұрмысқа шықпай тұрғандағы кезі. ~ Алты-жеті жыл оқып, міне адам болды. «Жат жұрттық бала ғой; бізбен қанша жолдастығы бар? Оң жақта аз күн тайраңдап, дәурен сүрсін!» деген бәйбішенің тілін екі қылмай, Ақбілегін маңдайға шерткен жан емес еді; оның тана-моншағына,

сән-салтанатына дүние аяған жоқ еді. Ж.Айм. ~ — Ұрын бару дегенді білмейсің ғой сен. Баяғыда күйеулер ұрын барушы еді. Ол бір дәурен ғой. Қыз оң жақта отырғанда ойнап — күлесің… Н.Сер. ~ Жәми асып кеткен әнші болмаса да, қайдағы бір зарлы әндерді күңірене шырқады. Бейне жанын жайлаған қайғы-қасіретін соңғы рет шығарғандай, оң жақта өткізген еркін жастық шағымен осы сағатта біржола қош айтысқандай. С.Ом.

Posted in

ОҢ ЖАҒЫНА ҚОНДЫРДЫ

Қамқорлыққа, қанатының астына алды д.м. ~ Әкемнің мені асыға күткендегі өзінің бірнеше жылдан бері тілеу етіп күткен оң жағына қондырар отауы. С.Бег.

Posted in

ОҢ БОСАҒАДА ОТЫРҒАН ҚЫЗ

Тұрмысқа шықпаған бой жеткен қыз. * Сол беделдің ар қа-сында ғой… көрші ауылдың үстін ертеңді-кеш ша-ңытып шауып, оң босағада отырған қызды оң тайлап жібергені… Р.Отар. ~ Мұның себебiн де бiлетiн. Аңғал қыз кезiнде от басып, алдауға түсiптi. Абыройдан айырылып, оң босағада отырып жүктi болу — әке-шешесiн тiрiдей жерлеумен тең. Ә.Ыб.

Posted in

ОҢ БАТА АЛДЫ (БЕРДІ)

Үлкеннің игі тілегін, батасын алды. ~ Жиналғандар тегіс алақандарын жайысты. Әкемнің оң батасын алғаннан соң, серуен тобы жолға шықты. Б.Мом. ~ Абылайдың оған «қолыңды жәй!» деп тізерлетіп отырғызып қойып түсін жорып, оң бата беруі аға Жәнібекке емес, өзінің тұрғылас інісіне жасайтын ілтипаты екені анық көрініп тұрған жоқ па!? Ж.Шәк.

Posted in

ОҢ-ТЕРІСІН АЙЫРМАДЫ (ОЙЛАМАДЫ)

Бірдеңені жете түсінбеді. ~ – Осы әйелдер қызық, бірдеңенің шетін білсе болды, оң-терісін айырмай-ақ ар жағына өздері тон піше салады. Көз жастары да арзан. Ж.Шәк. ~ … бұл кезде орындығын қасыңа тақап, тақымдасып отырып алып ыңылдаған жұлын құрттың ертелі-кеш құлағыңа құйып жатқан бір сөзінің

оң-терісін ойламайды; ойлағысы да келмейді… Ә.Нұрп.

Posted in

ОҢ-СОЛЫН ТАНЫДЫ

Ақылы толды, есейді. * Жол көрсетіп жөн сілтейтін әке қырғын соғыстың құрбаны. Анасының демеуімен оң-солын таныған. Ө.Кәр. ~ . Ана Бибекен Бәтеннің айтқанынан шыға алса жарар еді. «Көкте байлау, жерде тұрағы жоқ, бір жалаң аяқтың, немене, мылтығына қызықтың ба? Қызың оң-солын танысын. Аталы ауылдың кісі салған сөзі бар емес пе еді. Мыңқыш ауылын олқысынып отырмысың. С.Бег.

Posted in

ОНЫСЫН ОҒАН, МҰНЫСЫН БҰҒАН ЖҰМСАДЫ

Әрі-бері жұмсады. ~ Сен, неғып тұрсың, бозбала жігіт боп сіресіп; қымыз ішкенде сондайсың… қолыңа жұғып кете ме? Бар, ана түйені бас арқанды тарт, атты ертте!.. – деп Қара бәйбіше көрші жігіттердің онысын оған, мұнысын бұған жұмсап, бұйырып тұр. Ж.Айм.

Posted in

ОНЫҢ НЕСІ ОҒАШ

Сөгетіндей ештеңе жоқ, әбестік емес д.м. ~ Шырағдандай жалп өшер мына жалған өмірде хақ-тағала бір-ақ рет кеудеңе сүю құдіретін құйса – оның несі оғаш? Ш.Айт.

Posted in

ОНЫҢ ЕСЕСІНЕ

Оның орнына. * Сөйтіп, лирикадағы Мағжан дәстүрі, өз жалғасын таппай біраз дағдарысқа ұшырады. Оның есесіне қазақ поэзиясында бір кездері Жамбыл дәстүрі орнады. Ш.Сари. * Оның есесіне, Сарысу бойында, Қаратаудың күнгейі мен Сырдың төменгі ағысын жайлаған Кіші жүздің Тама, Табын, Алшын, Жаппас руларының біраз батыр, билері ежелгі ата салтын бұзбай, кеңеске дер кезінде келіп жетті. Қ.Жұм. * Оның есесіне сол күні одан асқан ынталы, одан асқан тіл алғыш, одан асқан қайырымды кісі болған жоқ. Ш.Айт. * Әйтсе де қыз алдында қылымсып жөнді тамақ жей алмады. Оның есесіне «батыл болу үшін» деген ішкі бір есеппен алғашқы бірер рюмкені түк қалдырмай түбіне дейін ішті. С.Досан. * -Қолыңыз салқын ғой,-деді Гүлнұр. -Оның есесіне жүрегім ыстық,-деді Күрлеу. С.Досан.