Posted in

ОН САУСАҒЫ МАЙЫСҚАН

Аса шебер, өнерлі. ~ Құсаланба, қайным! Әлгі келін он саусағынан бал тамызған күйші дейді ғой. Бір үйге біреуі де жетер. Құсаланба, қайным! Әлгі келін он саусағынан бал тамызған күйші дейді ғой. Бір үйге біреуі де жетер. «ҚҚҚ».

Posted in

ОН САН ОЙМАУЫТ, ТОҒЫЗ САН ТОРҒАУЫТ

Күллі қалмақ елі. ~ Жас кезінде жеке батыр атанып, қара құрттай қаптаған жауға қарсы шауып қамал бұзған он

сан оймауыт, тоғыз сан торғауытты қойдай ықтырып, қояндай бұқтырғ- ан, не бір апай төс алпауыт ойрат нояндарын жекпе-жекте жер қаптырған, жауын дуалап тастайтын көз байлағыштығы және бар. Ө.Кәр.

Posted in

ОН САН ҚОЛ

Өте көп, құжынаған, мол (әскер). ~ Халқыңыздың халі қыл үстінде тұрғанда келгеніңіз — бізге он сан қол қосылғаннан кем болмас! — деді Науан ұста. — Ісіміз оң болар. І.Ес. ~ Жиыны он екі, он үш қара борбайлар алдына түскенге он сан қолға қолбасылық еткендей, ысқырынып шыға келсін. К.Сег. ~ Ақылманын бас қылған, Айбатын айға асырып, Оймауыттың он сан қол, Торғауыттың тоқсан қол, Ойрат, қалмақ, манжуды, Ойран салып, састырған. «Манас».

Posted in

ОН САН ЖҰРТ

Көп рулы, қалың ел. ~ Ортекедей ойнақтап, Орғып, орғып өткен күн, Өр оғланның оғындай, Зырғып, зулап кеткен күн, Оғыз, қыпшақ ұрығы, Ордалы он сан жұрт болып, Тарам-тарам таралған, Бір тамырдан жаралған, Жарты әлемді жайлаған, Жанартаудай қайнаған, Қаһарына мінгенде, Қара тасты шайнаған, Бірі кеткен Ұрымға, Бірі кеткен Қырымға, Бірі кеткен тау жайлап, Бірі кеткен су бойлап, Бірі кеткен ну бойлап, Түбі бірге түріктің, Текті ұлдары таңырқап, Байырғының жырына, Байқап құлақ салсын де, Байыбына барсын де! «Манас».

Posted in

ОН САН БАЙТАҚ

Cан рулы, қалың ел. ~ Қарындаспен кетісу, ағайынмен араздасу, алаштан ауа көшу, қарға тамырды шорт үзу әрқилы заманда небір себептен орын алыпты. Талай рет он сан байтақ бүлген күн өткен. М.Аз.

Posted in

ОН САН (АТТЫ) НОҒАЙ (НОҒАЙЛЫ)

Бүкіл ноғай жұрты д.м. ~ Қырық таңбалы Қырымның, Он таңбалы Ұрымның, Сегіз санды Сейілхан, Он екі баулы Өзбектің, Бұрынғы он сан Ноғайдың, Кетейін десе, жөн таппай, Адыра қалғыр үш қиян, Қол ұстасып жүрген жер. Дулат Баб. ~ Қарадан туып, қан болдың, Ерлігің мен билігің Он сан атты ноғайға Көрсе, күнде таң болдың. Жаяуларға жол болдың, Аттыларға тіл болдың. А.Байт.

Posted in

ОН ОРАП АЛҒАНДАЙ (АЛАДЫ)

Әлдеқайда артық д.м. ~ — Сіз екеуіңіз осы жігітті он орап алғандай байсыздар және уәзірмін деп дүние-мүлікке қожасыңдар! Сонда мүсәпірге жасаған қайырларыңыз мына қаспақ пен бір жапырақ күйген нан болды. Қаз. Ерт.

~ – Сұлуы сұлу. Лиданы сұлулығы он орап алғандай, мінезінің қандай екенін білмеймін, — деді Терехин салмақты пішінмен. Б.Бұл. ~ Ал енді сол Мәншүк қазақтың қасиетті қара сөзіне келгенде Оралханның өзін он орап алғандай еді. Ш.Мұр. * Сәулетайдың ашуланғандағы түрі керім екен! Жоқ, Сәулетай әлсіз емес. Сәулеш, қарада тұр, Майсараны әлі- ақ он орап алады. С.Смат. * Сен хандыққа қызықпайсың, байлығың мені он орап алады. С.Смат.

Posted in

ОН ОЙЛАНЫП, ТОҒЫЗ (ТОҚСАН, ЖҮЗ) ТОЛҒАНДЫ

Қалың ойға шомды, ойланып-толғанды. ~ Ең соңында айтарымыз. Он ойланып, тоғыз толғанып, күдік-күмәнмен арпалысып, тәуекелге бел байларда біз “Демиург” программасына нұқсан келтірмеуді де ескердік. Ш.Айт. ~ Ол енді өзінің не айтарын, не деп ақталарын он ойлап, тоқсан толғады. Т.Ахт. ~ «Менің сүйегім сау, шешесінікі сау, тұп- тұқияны сау, сүйегіне қайдан залал келді екен?! » деп Жапал он ойланып, жүз толғанды. Қ.Жиен

Posted in

ОН ҚОЛЫНАН ӨНЕРІ ТӨГІЛЕДІ

Асқан шебер, өнерлі. * Жеңешемді сөз қып кеттім-ау! Оны айтатын да жөнім бар. Ағатайымнан да маған оның қызметі асты. Мені адам қылған со ғой… Он қолынан өнері төгіледі. Шаруаға да біртүрлі көріпкел. Ж.Айм. * Сөйлесе — түбін түсіреді, он қолынан өнері төгіледі, күлсе — аузынан дүр шашылады. Ән шырқаса —сүйегіңді шымырлатады. Ж.Айм.

Posted in

ОН ЕКІДЕ БІР НҰСҚАСЫ ҰҚСАМАЙДЫ (КЕЛМЕЙДІ)

Еш ұқсастығы жоқ; шындыққа жанаспайды. ~ Күліп отыр, әзіл етіп отыр-ау деуге тіпті он екіде бір нұсқасы ұқсамайды. Жүзінде күлкінің ныспысы да жоқ. Шынның шыны… М.Әу. ~ Бетіне байқатпай көз қиығымды тастап ем, түсімдегі арбаңдаған жел тиірменге он екіде бір нұсқасы келмейді. М.Қаб. ~ Орысша әннің он екіде бір нұсқасы келмейді, анда-санда кейбір сөздердің нобайын әрең аңғарып қалмасаң, басқа түк түсініп болмайды. С.Жүн.