Posted in

САБАДАЙ ПІСІП, АЙРАНДАЙ ҰЙЫТТЫ

Тыңдаушысын баурап алды. ~ Әлдекім екенін Сатан қайдан білсін, бір қағыңғыр әнші боздатып отыр. Олар жұрт көңілін сабадай пісіп, айрандай ұйытады. Мұңды қозғап, зарды төгіп, тұңғиық терең қараңғыны одан әрмен тербеткендей. І.Жанс.

Posted in

САБА ҚҰРСАҚ

Үлкен қарын, семіз. ~ Итбайдың түр-тұлғасын Асқар көзімен тез шолып еді: баяғыдан кеп шарланған екен. Кәдімгі балпиған үлкен денелі, саба құрсақты, ұзын сақалды, байсалды кісі бопты. С.Мұқ. ~ Сары сақалды, салалы саусақты, таңқы мұрын, ала көз би — қаздиып отырып шырт түкіреді. Бұқа мойын, саба құрсақ, үйелмен би жастық қойдырып қор-қор етіп ұйықтап жатыр. І.Жанс.

Posted in

РЫЗЫҒЫ (РИЗЫҒЫ) ТАУСЫЛДЫ (БІТТІ)

Маңдайына жазылған ғұмыры таусылды, өлім сағаты таяды. ~ Әлгі аталған бағалы киімдерді рызығым таусылып, демім біткен күні сүйегіме түскендер алсын дейді. Сол үшін де шаң жуытпай қорып, көзінің қарашығындай сақтайды. Өліп жатып, өлігіне жиналған жұрттан: – Е, бейшара-ай! Бір киер бүтін киімі де жоқ екен-ау! – деген аяныш сөз естігісі келмейді. Б.Соқ. ~ — Қапелімде осылай болды, — деді бала жігіттің қалай апатқа ұшырағанын айта келіп, — ажалына ешкім де айыпты емес. Тек өзі ғана. Ризығы бітіп тұрған ғой. І.Ес.

РУХЫН КӨТЕРДІ

Әлдебір биік мақсатқа жұмылдырды, жігер қосты. ~ Арқадағы қазақ халқы осылай айнала таланып қысылған кезде олардың арасында Абылай хан пайда болып, бытырап жүрген халықтың басын қосып, біріктірді, елдің мемлекеттік рухын көтеріп талан-тараждан құтқарды. С.Мұқ. ~ Сендер қызық екенсіңдер, тылдағылардың рухын көтеру үшін жазғанымды неге түсінбей отырсыңдар. Шынтуайтқа келгенде біздің снарядтар жүздеп, мыңдап жайпап жатты. Ш.Айт.

РУХАНИ ТОҚЫРАУ

Адамның жан жүниесінің күйзеліске ұшырауы. ~ Жайлауға шығып, жылқышылар мен қойшылардың қара қосынан дәм татамын. мүмкін, сонда ғана рухани тоқыраудан азаттанатын шығармын.  О.Бөк. ~ Дәл мұндай жағдай Америка, Франция, Англияда да кездеседі. Жаһанданамыз деп жүргенде жаппай рухани тоқырауға, құлдырауға тап болған сияқтымыз. Г.Бельг.

РУХАНИ СЕРПІЛІС

Биік мақсатқа құлшыныс, жігерлену. ~ Бодандық тұсында бостандықтың отын үрлеп оятқан мұндай рухани серпіліс әкелгені үшін де Мұхтарға тағзым. Т.Жұрт. ~ Әдебиетте, тілде рухани серпіліс бүгінде тек Латын Америкасында анық білінеді. Ол жақта өмір тек футболмен шектелмейді екен. Г.Бельг.