Posted in

РЕҢ БЕРМЕДІ

Түсін жылытпады, жақтырмады. * Мен оны аяп кеттім. Бірақ колхоз белсенділері тіс жарып ештеңе демеді, сырғытпа жауаппен рең бермей қалды.  С.Шайм. * Осындай жағдайда Шыңғыс онымен қалай тілдеспек. Оның үйіне неліктен соғып отырғанын қалайша айтпақ? Рең бермеген Сатыбалды Шыңғысты сыбағасынан қаққан жоқ.  С.Мұқ.

Posted in

РАХАТҚА ШОМДЫ

Дүниенің қызығын молынан көрді. ~ Соқырша көрмеген, саңырауша естімеген, тасша сезбеген адам рахатқа шомғаны, достым, тамағым жібітуге маған тағы су алып берші, – деді Пурана. А.Байт. * Мен июль айының қалың ортасында көздің жауын алып құлпырып тұрған ғажайып бір жасыл түсті тау бөктеріне тамашалай қарап, рахатқа шомдым. Т.Әбд.

РАХАТҚА КЕНЕЛДІ

Құмардан шығып, жаны жай тапты. ~ Манадан бері рахатқа кенеліп, күлкісін тия алмай тұрған Ұлан Асанұлы: Рахмет, достар. Мың да бір рахмет! Дәм тартса міндетті түрде бара-мыз, — деді. С.Ғабб. ~ Жетпістен асып,  көкірегі салбыраған Қалтайдың шешесі емшегін аузына салғанда ана сүтін татып көрмеген шарана кеуіп қалған кеудені қылқ-қылқ сорып, сәбилік рахатқа кенелді. Қ.Түм. ~  Кәрі ібіліс пен жанындағылар құрақ ұша бәрін азғырып бақты. Сондағы мақсаты, айналып келгенде – Байрамды күнәнің шалшығына құлату, абыройсыздықтың лайына аунату, сөйтіп, рахатқа кенелу, атақ-даңққа бөлену, дәрежелерін өсіру. Ж.Баз.

РАХАТҚА БӨЛЕДІ

Құмарынан шығарып, ләззат сыйлады. ~ Өсімі көп жылдары, қалың жуанын, қышқылтым иісі, желдің ық жағынан алыстан аңқиды. Сол кезде жұлып ап жесе, ауызды толтыра көпіршіп, қышқылтымы мұрынға атып, адамның иіскеу және тату сезімдерін ерекше бір рахатқа бөлеп жібереді… C.Мұқ. ~ Ал «Назқоңыр», «Телқоңыр», «Әсемқоңыр», «Қоңырқаз», «Ақсаққоңыр», «Мырза қоңыр», «Алпыс екі қоңыр», «Қорқыттың қоңыры», ән-күйлер алпыс екі тамырыңызды балқытып, ғажайып бір рахатқа бөлейді! Ж.Аяз.

РАХАТҚА БАТТЫ

Ләззатқа бөленді. ~ Мынау жатқан ылдиды кеп тұрғанда аттағың, Білгің сенің келгенде кімнің мұнда жатқанын, Алтын шапан жамылып, рахатқа батқамын. М.Мақ. ~  Енді Ғазиз да шыдап тұра алмады. Суға секірді. Қалтылдаған қайық бос қалды. Екеуі де қоңыр салқын су ішінде рахатқа бата балықша «қуаласпақ» ойнады… А.Алт. *   Бәрін, ең алдымен, өзі көргісі келеді, өзі білгісі келеді, өзі рахатқа батқысы келеді. Сол үшін басын тауға да, тасқа да ұрады, қорлық-сұмдыққа да барады, қорлық-сұмдыққа да төзеді. Ж.Аяз.

РАХАТ ТАПТЫ

Ләззат алды, құмарынан шықты. ~ Өзі құшағында өскен табиғаттың қилы-қилы құбылысын ынтыға қызықтайды. Содан рақат тауып, соны мерей санайды. Қ.Тол. ~ Су ағатын құбырдың бәрі жаңа, бұрандасына дейін күміспен күптелген, жаның тазалықтан рахат табады. Қ.Түм.