Жүзіне қан жүгіріп, шырай берді. ~ Мына жұмыр басты пенде қоршаған ортаның бір бөлшегі. Туған жері құлпырса — реңі кіреді… Д.Дос. ~ Жағына мөрі таймаған сары қиғаш шытыра, бетіне, омырауына қызыл маржан қадаған кимешек ішінде ақсары жүзі бал-бұл жанып, реңі кіріп, ерекше құбылып отыр. С.Жүн.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
РЕҢІ КЕТТІ
Сиқынан айрылды. ~ Жадағайы мен қоян терісі құлақшынын шешіп, дәліздегі ілгішке ілді де су тиіп реңі кеткен бәтеңкесін есік алдына тастады. Н.Сер.

РЕҢІ БҰЗЫЛДЫ
Күн райы бұзылды, сұрғылт тартты. ~ Теріскей, ықтасындардағы ала қыстай мызғымай сіресіп жатқан қаренді кірлеген бәтестей боп реңі бұзылып, сұр тартып, жентектеліп, күн өткен сайын етек-жеңі қусырылып түріле берді. С.Мұр. ~ Күз. Бұлттың реңі бұзылып, әне-міне қар бүркейін деп тұрған шақ. Қ.Ысқ.
2. Көңілі түсіп кетті, жабырқау тартты, түсі суыды. ~ Бұрынғы момын, қалай болса солай киінетін Еркештіңтіпті адам сенбестей өзгергеніне Кеңестің таңырқағаны көрініп тұрды. Реңі бұзылып кетті. К.Өтж. ~ Күн астында аяқ жолдың күміс шаңын шұбалаңдатып келе жатқан Балқияны көргенде Ждақайдың реңі бұзылып қоя берді. С.Ел. ~ Білген орысшамды дестелеп, еңкейіп дипломатты қотарып жатырмын баяғы. Үй иесі түрегеліп кеп төбемнен қарап тұр, кітапты алуын алды, әлгі қылқи мойын шөлмектерді көріп реңі бұзылып оқшырайды. Д.Досж.

РЕҢІ АШЫЛДЫ
Әдемі. қанық түске енді. ~ Үлкен кісінің алдынан, үлкен кабинеттен шығып келе жатқанда аңғарған:жұлдыз бен жалау қатар түзегенде бозғылт костюмнің реңі ерекше ашылып, көздің жауын алады екен. Ә.Тар.
2. Жүзі шырайланды. ~ 33 жылдың көктемінде терістік шеттегі Новосибирск қаласына бардым. Сондағыжаңа ұйысқан қазақша шығатын «Қызыл ту» газетіне қызметке кірдім. Табаным тұрақтап, реңім ашылып адам болып қалдым, жатпай-тұрмай жазамын, көшіремін, үйренемін, оқимын. Д.Дос. ~ Қыздың реңі ашылайын деді, жас тығылған көзі жалт етті. Бірақ лезде қайтадан қатая қалды. Ш.Мұр.

РЕҢІ АШЫҚ
Құлпырып тұр д.м. ~ Үйден шыққанда-ақ таңданды. Жаңа ғана шекесін қыздырып, маңдайын жіпсіткен күн көзі енді көрінбей қалды. Бағанағы реңі ашық, жайдары жасыл жоталарды түгелдей көлеңке басып, шымқай көкжасыл бояуға малынып үлгерді. Б.Ыбыр.

РЕҢ БЕРМЕДІ
Түсін жылытпады, жақтырмады. * Мен оны аяп кеттім. Бірақ колхоз белсенділері тіс жарып ештеңе демеді, сырғытпа жауаппен рең бермей қалды. С.Шайм. * Осындай жағдайда Шыңғыс онымен қалай тілдеспек. Оның үйіне неліктен соғып отырғанын қалайша айтпақ? Рең бермеген Сатыбалды Шыңғысты сыбағасынан қаққан жоқ. С.Мұқ.