Табыс тапты. ~ Олардың бірі қыруар мал ұстап, оның жүнін, терісін, етін сатып пайда көрді. С.Бақб. * Жалғыз-ақ бұл ажалдардан пайда көрген Сарғыт-Шиман Маңғыт болды ғой. І.Ес.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ПАЙДА КӨРДІ
Табыс тапты. ~ Олардың бірі қыруар мал ұстап, оның жүнін, терісін, етін сатып пайда көрді. С.Бақб. * Жалғыз-ақ бұл ажалдардан пайда көрген Сарғыт-Шиман Маңғыт болды ғой. І.Ес.
ПАЙДА КӨЗДЕДІ
Әлдебір істің игілігінен дәметті. ~ Абай ұғымынша, не нәрседен де пайда көздеп, не нәрсенi жасаса да мақтан үшiн жасап, не нәрсеге де елiге әуестенiп кететiндер, яғни құлқыңдық та, моральдық та, нәпсiсiн тыя алмайтыңдар да Алланы да, адамзатта да, әдiлеттi де сүйе алмақ емес. Т.Мед. * … ол ханның әр баладан тараған екі немересін қосудан екі жақ та түрлі саяси пайда көздеп отыр еді. Ұ.Досп.

ПАЙДА КЕЛТІРДІ
Оң нәтиже әкелді. * Адамға пайда келтіретіні ара мен жібек құрты. А.Байт. ~ Екінші пікір: «Дәл қазіргі қыс келіп қалған қысылтаяңда былай ету іске пайда келтірмейді» — дегенді ескертті. М.Иман.

ПАЙДА ІЗДЕДІ
Табыс табудың жолына түсті. ~ Малдан айрылған ауыл азаматтары пайда, кәсіп іздеуге Семей қаласына шұбыра бастады. Әкемде үн жоқ. Пайда табуға бар деуге бойым өсіп, бұғанам қатпаған мені қимайды, оқу ізде деуге қолында пұлы жоқ. C.Бег.

ПАЙДА ЖОҚ
Қайыры жоқ іс туралы. ~ Жиенбаев аяқ астынан «жартылай жеңіс» пен бір ұпайдың иесі болып шыға келді. Енді қорғаныстан пайда жоқ. Ашық шайқасқа бел байладым. Қ.Әбіл. ~ Жалған сөз, жадағай мақтаудан авторға да пайда жоқ, ал қалың оқырман сене де қоймайды. Ә.Жәм.