~ …əлгідей ғажайып сұлу жазулар мынау қара дүрсін саусақтардан қалай сусып түсіп жүр деп, көңіліме тағы да шалағай шалық ұялай бергенде көзім қайтадан «ортаң қолдың» бүйіріндегі мүйіз– сүйелге түсіп, тағы да дір ете қалдым. З.Қаб.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ШАЛАҢ-ТОПАЛАҢ ҚЫЛДЫ
* Осының бәрі жазғы көңілді көктемге үн қосып тұрғандай жайбарақат. Жайбарақаттықты да, күйлі-дилылықты да біз шалаң-топалаң қылдық. Қалай дейсің бе, інім. Қалайы сол, бізді көрген біреу «келіп қалды» деп дабыстады. Б.Қыд.
ШАЛАПТАЙ ШАЙҚАП БІТІРДІ
~ Әйтпесе Қара Шал: "ғашықтық жолы бір басқа" деп неге айтты екен? Ғашық болу — пенде шіркінге екі қайтып келмейтін ұлы сезім еді. Оны да шалаптай шайқап бітірдік!.. Қ.Ысқ.
ШАЛБАР БЕТ
Бет-әлпеті әжімденіп, тым кәрі көрінетін адам туралы. * Төртбақ, теке көз, шалбар бет қараны көрсең, бұл Арыстанбайдың Мұқышы екен де қой. Мұқыш екенін сездіруге өзі де құмар. Қызмет басындағы адамды көрсе, шырғалап соның маңынан шықпайды. Б.Майл. * — Бүгін қанша қап әкелдің, қара батқам? «Қара батқасы кім?» — жігіт жан-жағына алақтап қарады. Селдір сақалы селкілдеген шалдың күн жеген шалбар-шалбар беті жыбырлап, күліп жатыр. М.Қаб.
ШАЛҒАЙДАН ТАРТТЫ
Ілгері бастырмады, алға басуына кедергі жасады. * Атамекен, ата кәсіп, ата-баба салты мен дәстүрі, есіңде болсын, ілгері талпынған ұрпақты шалғайдан тартып, ойы мен өрісін өсірмейтін нағыз кертартпа қылық. Ә.Нұрп. СИН: ЕТЕКТЕН АЛДЫ
ШАЛҒАЙЫН ҚАЙЫРДЫ
* Туған ауыл, ел-жұртын емешегі үзіліп сағынғандықтан емес (қайбір екі туып, бір қалғаны бар), жыл бойғы табан ет, маңдай тердің құнын шығарып, ұшы-қиыры таусылмас шаруасының шалғайын қайыру үшін етектегі елге – Үлкен Жерге асығатын. О.Бөк. * Қазан түсіріліп, ас келгенше біраз әңгіменің шалғайын қайырған шалдар енді Жылқайдардың ауызына қарады. Ұ.Дәлей. // ЕТЕК-ЖЕҢІН ЖИНАДЫ
ШАЛА ЖАНЫ ҚАЛДЫ
Өле жаздады. * Әлде тағының жымын, ұрының ізін қуып үйренген егерь жұрты жансебіл ме, әйтеуір, төбесі көрініп тұрған Аюлыға жеткенше Бекеттің шала жаны қалды. Қ.Ысқ.
ШАЛА ҚҰРСАҚ
~ Чердояқтағы Үлкен бастық шүлендік танытты. Шала құрсақ үй ішіне Егор шошқаның алақандай-алақандай төстабан “саласын”‚ екі жүз грамм сары май‚ бес бірдей ет бұқтырулы қалбыр алып қайтты. А.Алт.
ШАЛА ҚҰРСАҚ, ЖАРЫМ КӨҢІЛ
~ Шашымнан сипағаны есіме түссе, әлі күнге дейін елжіреп, жылағым келеді. Шала құрсақ, жарым көңіл жетімге басыңнан сипаудың өзі де үлкен бақыт. Ш.Мұр.
ШАЛА МАС
Не сау емес, не мас емес. * Әйел жиған үйірлеп, «Әйел!» деген күбірлеп Өңінде де түсінде. Шараптан ылғи шала мас, Тажындағы тізген тас Гауһар, күннің көзіндей. М.Жұмаб. * Пай- пай, киікотының иісі — ай! Адамды шала мас қылып, десте үстіне кішкене қисайғанда әсіресе әтірдей аңқиды. Ш.Мұрт.
