Қайғысыз, байқуатты, ештеңеге зәрусіз рахат тірлік. ~ Ауқанның байлығын, табысын, шалқыған тұрмысын, сұлу әйелін қызғанады. Д.Қуат ~ Шырынкүл сонда… қайтіп қарабет болды? Ештеңеге зәру емес еді. Шалқыған тұрмыстың ортасында отырды. О.Сәрс.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ШАЛБАР БЕТ
Бет-әлпеті әжімденіп, тым кәрі көрінетін адам туралы. * Төртбақ, теке көз, шалбар бет қараны көрсең, бұл Арыстанбайдың Мұқышы екен де қой. Мұқыш екенін сездіруге өзі де құмар. Қызмет басындағы адамды көрсе, шырғалап соның маңынан шықпайды. Б.Майл. * — Бүгін қанша қап әкелдің, қара батқам? «Қара батқасы кім?» — жігіт жан-жағына алақтап қарады. Селдір сақалы селкілдеген шалдың күн жеген шалбар-шалбар беті жыбырлап, күліп жатыр. М.Қаб.
ШАЛҒАЙДАН ТАРТТЫ
Ілгері бастырмады, алға басуына кедергі жасады. * Атамекен, ата кәсіп, ата-баба салты мен дәстүрі, есіңде болсын, ілгері талпынған ұрпақты шалғайдан тартып, ойы мен өрісін өсірмейтін нағыз кертартпа қылық. Ә.Нұрп. СИН: ЕТЕКТЕН АЛДЫ
ШАЛҒАЙЫН ҚАЙЫРДЫ
* Туған ауыл, ел-жұртын емешегі үзіліп сағынғандықтан емес (қайбір екі туып, бір қалғаны бар), жыл бойғы табан ет, маңдай тердің құнын шығарып, ұшы-қиыры таусылмас шаруасының шалғайын қайыру үшін етектегі елге – Үлкен Жерге асығатын. О.Бөк. * Қазан түсіріліп, ас келгенше біраз әңгіменің шалғайын қайырған шалдар енді Жылқайдардың ауызына қарады. Ұ.Дәлей. // ЕТЕК-ЖЕҢІН ЖИНАДЫ
ШАЛҒАЙЫНА ЖАБЫСТЫ
Алдына оралып, жібермеді. * Оған орта жолда Әбду қарсы ұшырасты. Көре сала, дереу шалғайына жабысты. Б.Алдамж. * Тікелей тарта берсе, біреу шалғайына жабысып, ұстап қала ма? Ұстап қалғанда екеуара әңгіме қай тақырыпта өрбімек? Қ.Жиенб. * Дәмеш атасының шалғайына жабысып, айырылар емес. Осы кезде Ғабең: “Дәмештің ауылдан алып келген өз репертуары бар”, – деді баппен ғана. Өмір Есқали.
ШАЛҒАЙЫНА ЖАРМАСТЫ
~ Маңайындағы құжынаған көпке, бірі «аталап», бірі «көкелеп» шалғайына жармасып жібермейтін қарадомалақтарға көңілі толмай, елемей, ескермей, «ища–ай!» деспей жүргенде – бақыт деген үлкен сөзді жүрегіне ұйытып үлгермеді. Д.Дос. ~ Шер ойын–шыны аралас сақ–сақ күліп, қайтсе де Исабековтың алмасын қолға түсірмек боп, шалғайына жармасты. Ш.Ай. ~ Базар, вокзалдарда ертелі–кеш қайыр садақа сұрап, алақан жайып өткен–кеткендердің шалғайына жармаса кететіндердің де қарасы жиі байқалады. Ж.Аяз. ~ Түк те болмас еді. Жаңа заманның шалғайынан жармасқаны кімнің арқасы? Күн демей, түн демей жарқын болашақтың іргесін қалап жатқаны кімнің арқасы? Ждақайдың арқасы. С.Ел.
ШАЛҒАЙЫНА ОРАЛДЫ (ОРАТЫЛДЫ)
~ Онан жауынгерлердің бойына қарай сапқа тізіліп жатқанын көріп, саптама етік киген аяғы күпінің шалғайына оралып сүріне–қабына кеп өзіндей өңкиген ұзын бойлы біреудің қатарына тұра қалды. Ә.Нұрп. ~ – Құдайдан ұялсаңшы! – деп сүйретіліп кеп шалғайына оратыла берген Әлизаны ол бір теуіп тастады. Ә.Нұрп.
ШАЛҒАЙЫНАН ТАРТТЫ
~ Мұнда жеңіп алған әр адым жер зор жеңіс болмаса да, фашисті Сталинградқа жібермей, оның шалғайынан тартты. М.Кәрім.
ШАЛҒЫ ЖҮЗІ ТАСҚА ТИДІ
~ "Орманов кінәлі болса, Күләй да сау емес, тықақтап жұртты тұқыртуға құмар– ақ. Адам намысын салу, ұстаздарға оқушылардың көзінше айқай салып, абыройын айрандай төге салу ол үшін түкке тұрмайды. Шалғы жүзі тасқа тиді деген осы. Мен Ормановты жақтамаймын, кекірейген тәкаппар жан. Ә.Тар.
ШАЛҒЫ ТҮСТІ
* Арғы жағалаудағы шабындыққа да шалғы түскен- ау, тегі? Пәледен машайық қашыпты дегендей, соларға жанаспай- ақ аулақ жүргені жөн шығар. Ә.Асқ.
