Posted in

ШАҚПАҚ ТАСТАЙ (ШЫМЫР)

* Көп жыл ел басқарып тізгін ұстап қалған машығы ма, әлде өзгеден қашан да бір демі артық, пысы басым жаратылған өктем жан ба, түр — түсін көрмесем де, маған ол шақпақ тастай шымыр, шақар адам боп елестейді. Т.Ахт.

Posted in

ШАҚША БАС

Тайқы маңдай, сопақ бас. Көбінесе кекесін ретінде қолданылады. * – Ана жолы ауылдан сөк келгенде, соған қосып былғайтын май таппай сарсаңға түскенімізде, өзің амалын тауып едің ғой. Шақша басыңды тағы бір шайқап көрсейші, көкежан. О.Сәрс. * Көсе шал отыр. Тақиясы шошайып. Шоқша сақалды шақша бас шал отыр. Жаңылтпаш. * Мына шақша бас, қушық шеке қулар мұндай істі ойлаушы ма еді, – деп, түлкі тауықтарға ожырая қарайды. ҚЕ.

Posted in

ШАҚШАДАЙ БАСЫ ШАРАДАЙ БОЛДЫ

Миы ашыды; не істерін білмей, ойы сан-саққа жүгірді; басы мең- зең болды. дұрысы: ШАРАДАЙ БАСЫ ШАПШАҚТАЙ БОЛДЫ Қатты абыржыды; не істерін білмей, састы, дал болды. * Сөйтіп, Адам санасында екі үн тайталасқа түседі. Арпалысады. Сенің шақша басың шарадай болады. Адамға сол екі үннің бірін таңдау еркі берілген. С.Елуб. * Шақша басы шарадай болған Бақытжан өлердегі сөзін айтып жіберген соң және тойдан түсетін ортақ «қазынаның» қақпағын да толығымен өз қолына берген соң, Мақай келіннің бетін ашуға еріксіз көнеді. С.Мұқаш. * Көненің көргені көп. Даудың қилы-қилысы алдына келеді. Шақшадай басың шарадай болады (С. Төл.). * Жұлқынып жұмыс істеймін деген кісіге – ауыл аймағында нан табар қарекеті болмай, жұмыс іздеп, ел-елді шығандап кезіп, шақшадай басын шарадай етіп жүрген өзбекті көреміз. Д.Досж. * – Саған көптен бері айтпай жүрген бір сырым бар. Ол сырды ана екі қатынға, әзір білдірме, олар білсе, шақшадай басымды шарадай ғып ойран салады. Ә.Шәр.

Posted in

ШАҚЫРЫЛМАҒАН ҚОНАҚТАР

* Кеудесіне нан піскен мынау сонакөз пристав әлінен асып, қазақ әйеліне қырындапты. Қорқытып зорлық жасауға ұрыныпты. Бұлар бізге шақырылмаған қонақтар. Ғ.Біләл

Posted in

ШАЛА-ЖАНСАР

* Әйтеуір қыбырлап тоқтамай, шала-жансар жүріп тұратын бір сағаттар болады ғой. Шешемнің денсаулығы сол тәрізді. Б.Соқ. * Жар астында шала-жансар болып жатқан кәрі бурасының бейшара халін көріп, Қазанғап шыдай алмай кетті. Ш.Айт.

Posted in

ШАЛА БАЙЛАДЫ

~ Мақандікі қоқан-лоққы емес. Ол сені ертең- ақ қуғызады. Жай қуса жақсы… Шулатып, күйе жағып, анкетаңды былғап, шала байлап жібермесін де. Оған да барады ол. Өйткені сен оған жұрттың алдында тіл тигіздің. Ол ондайды кешірмейді. С.См.

Posted in

ШАЙТАННЫҢ САПАЛАҒЫ

~ Ол өзі тілді, батыл жан еді. «Мендей ақылды тапқыр болмағансын шамаңды байқасайшы». «Оу, сен боркемік, жасық неме қашаннан бері кемеңгерсің?» .«Мен саған қарағанда ұстамдымын, айлалымын». «Аңғалсың… Иә-иә, өгіз бұзаулапты десе сенетін ашық ауызсың…» «Жә, сен сөзге қонақ бер. Тыңда… Досымсың ғой, өзгеге айтпасам да, сенен сара ақылымды аямайын-ақ. Оқу-тоқуың да аз адамсың. Ғайшаның байысың, обал шығар…» «Кет-ей шайтанның сапалағы. Саған еріп адасқаным аз ба? Әрі жүр». М.Сүн.

Posted in

ШАЙЫ КЕСІЛДІ

Шәйі сұйылып, ағарды. ~ Әй, кемпір, шайың кесіліп қапты ғой, қызартарыңнан салсаңшы былай! – деп Қалиасқар Байсұлтанның кесесіне қол жалғады. Ә.Асқ.

Posted in

ШАЙЫРҒАЛ БОЛДЫ

~ – Әй, оның қолынан келер ме екен? Оның бір сенген адамы Мақыштар еді, олармен әнеугі екі бие туралы шайырғал болып қалды десіп еді ғой. Ж.Айм.

Posted in

ШАҚ-ШӘЛЕКЕЙІ ШЫҚТЫ

* Оспан бастаған ерлердің күресін қолдап Баркөл елі атқа мінген болса жауыздардың шақ-шәлекейі шығар еді ғой. Әттең, арамыз тым шалғай, ұшарға қанатым жоқ. Ж.Шәк. 6 Әлегін аспаннан келтіргендей күйге жеткізіп бара жатқан. Қатын- баланы да таңдамай ұрып, ұлар — шу ғылып сабаған. Тұс-тұста ұстағанын кергілеп сабауда. Аз үй кедейдің шақ-шалакейін шығарып, түтіп бара жатыр еді. Ж.Ахм.