~ Ол өзі тілді, батыл жан еді. «Мендей ақылды тапқыр болмағансын шамаңды байқасайшы». «Оу, сен боркемік, жасық неме қашаннан бері кемеңгерсің?» .«Мен саған қарағанда ұстамдымын, айлалымын». «Аңғалсың… Иә-иә, өгіз бұзаулапты десе сенетін ашық ауызсың…» «Жә, сен сөзге қонақ бер. Тыңда… Досымсың ғой, өзгеге айтпасам да, сенен сара ақылымды аямайын-ақ. Оқу-тоқуың да аз адамсың. Ғайшаның байысың, обал шығар…» «Кет-ей шайтанның сапалағы. Саған еріп адасқаным аз ба? Әрі жүр». М.Сүн.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ШАЙЫ КЕСІЛДІ
Шәйі сұйылып, ағарды. ~ Әй, кемпір, шайың кесіліп қапты ғой, қызартарыңнан салсаңшы былай! – деп Қалиасқар Байсұлтанның кесесіне қол жалғады. Ә.Асқ.
ШАЙТАН (САЙТАН) АЗҒЫРДЫ
~ Шайтан азғырғанда — адам іші алатайдай бүлінеді. Шайтан түрткенде — отбасының ойран-топаны шығады. И.Сап. ~ Адам азғырды ма, шайтан азғырды ма, кім білген, сол Сарыбай сенің атадан жалғыз туғаныңды желеу етіп: «Алпамыс олай-бұлай болса, жалғыз қызым әменгерлік жолымен Ұлтан құлға қор болады»,— деп, бөліне көшіп кеткен. А.Сей. ~ Мектепте, жалпы, өмірде оның ешбір бұзақылығын көрмеп едік, бір сайтанның азғырғаны да… Жәрдемдесуіңізді өтінемін. Ә.Ыб.
ШАЙТАН КІРДІ
~ Төртеуіне кезек телмірген сайын көзім шұбартып, басым айналып, кеудеме бір шайтан кіріп алды. Т.Сәу. ~ Құдды араларына әзәзіл жын-шайтан кіріп кеткендей, шалғайымен қағып: "Өй, найсап! Өй, патшағар, кет! Аулақ, аулақ!" деп, бұны араларынан аластамақ болып еді, бірақ бұл көнбеді… Ә.Нұрп.
ШАЙТАН ТҮРТТІ
Жын қақты, жамандыққа бастады, жөнсіз іске итермеледі. ~ Не шайтан түрткенін өзі де білмейді, аяқ астынан тамағының жыбырлап қоя бергені. Қайдағы аяқ астынан болсын…Ә.Кек. ~ Кім тост көтерсе де, бұны мақтап, буын құрт бойына түсті ме, тост кезегі жағалап бұған келгенде, сол арада не шайтан түрткенін қайдам: – Сен сайланасың. Мына отырған академиктердің соңыра шар саларда қайтерін қайдам, ал өз дауысымды тек саған берем,– деп еді-ау… Ә.Нұрп. * Ауруханада жатқан еркектер аяғына мініп кеткенше теңізге шығасыңдар! Балық аулайсыңдар! Бұл партия, Отан алдындағы парыздарың… Не шайтан түрткенін, сол арада мырс етіп күліп жібергені. Онсыз да бұған күдікпен қарап, басқан ізінен пәле іздеп жүрген өкіл дір етіп, оқты көзін өңменіне қадап: – Неге күлесің?– деді. Ә.Нұрп. * Не болса содан ілік іздеп, өз намысын неменеге соншалық жанып ұшынғанын да түсіне алмай әлек. Шайтан түртті ме, неге ерегестім? Қырсық шалайын десе өзі оп-оңай екен ғой. Жаңа беті бері қарап, іш тарта бастаған елді тағы үркітпесем неғылсын?! М.Сүнд. БЕС ПОПУТАЛ // лукавый попутал //загубить душу //взять грех на душу // хватить греха на душу // загубить свою душу//погубить душу //враг попутал// погубить свою душу//нечистый попутал //| бес попутал // впасть в грех //грех попутал//
ШАЙТАН ШЫРАҚТАЙ
Өшіп-жанып, өлместің күнін көрді д.м. ~ Расында да колхозшылардың әл-тұрмысы анау айтқандай емес-ті. Шайтан шырақтай қылп-қылп етіп отырған әйтеуір бір өлмес тірлік. Қанды соғыстың ауыртпалығы алыстағы момын ауылдың да жүрегін сыздатты. Т.Берд. ~
ШАЙТАНҒА ЕРДІ
~ Әйтеуір олар суға кеткен кісі, Соңынан кетейін бе мен де «шолп!» Әйтеуір мен шайтанға ерген кісі, Ұят жоқ, ашпайтұғын бата көріп. С.Тор. ~ Бір ғажабы, сонау (түнекте емес) түбекте жатқан Бекет әулие (Пір) осы сауал төркінін елден бұрын аңғарып, оған елден бұрын жауап тапқан сияқты: “Шайтанға ерген пендені Шариғатпен жазала…” Жоқ, кешірерсіз, бұл жауап емес, үкім, кесім! И.Сап.
ШАЙ КЕСІЛДІ
Шай сұйылып кетті, қызылы азайды. * Еркек шайдың қадірін білген бе? Қой, несін сұрайсың… Есіл шай кесілмеген күйі қалды да барды. М.Сүн.
ШАЙ ҚАЙНАТЫМ (УАҚЫТ, МЕЗГІЛ, ЖЕР)
1. Қазақы өлшем, шай қайнатуғакететін уақыттай д.м. * Өткен іс қой, несін жасырайын, бораннан жол тауып жүре алмай, шай қайнатым уақытта сүмірейіп қайтып келмесі бар ма. Т.Әл. * «Үш қасқаның» екеуі Алақайдың екі жағына отырып алып, оны тырп еткізбеді. Ал, үшіншісі машинаның руліне отырып, шай қайнатым мезгіл ішінде Зиратсайға жеткізді. Ш.Мұрт. * Шай қайнатым болмай-ақ, жетіп келген дәрігерлер Ләйләні машиналарына мінгізе бере … Айнамкөз көзі қарауытып, табалдырыққа отыра кеткен. Қ.Мүб. 2. Атпен шай қайнағанша жететіндей қашықтық. * Олар аттарын жетелеп әкеліп ерттегенше, осы ауылдан шай қайнатым жерден жылқышыларға хабар жеткенше, бірталай уақыт өткен еді. Б.Тоғ.
ШАЙДАЙ АШЫҚ
Төбеде титтей де бұл жоқ. * Неше күннен бері үдей соққан боран басылыпты. Аспан шайдай ашық. Қ.Жұмад. * Өлке жым-жырт, тым-тырыс. Құлақ шыңылы естілгендей. Шайдай ашық көк аспан төңкеріле жалтырайды. Ж. Ахмади.
