Титтей де қарсылық жасау қолынан келмеді, тірі екенін көрсете алмады. * Дінің мен тілің жойылып, мектебің жабылып, ел-жерің азып-тозып жатқанда тұяқ серпуге жараған біреуі болды ма? Жоқ. Т.Сәу. * Бесікке тас қылып бөлеп тастаған баладай тұяқ серпуге шамасы жоқ, шалқалап жатқан аспан жаз жайлауда жылқы бағып жүрген әдемі бір сәттерін есіне алды. О.Бөк. * — Сен түгіл колхоздың қойын жеген адамды да аяп көргенім жоқ, — деп, үзеңгімен тұмсыққа тағы бір беріп жіберіп еді, қасқырдың тұяқ серпуге де шамасы келген жоқ. Ә.Әбіш.
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ТҰТЫНҒАН ЖОЛ
Ұстанымы, көбіне саяси бағыт-бағдары туралы. * – Ей, байғұс, белетіңді бетке ұстап қоқиланғың келді ме? Сонша қоқиланғандай қанша білімің бар? Қандай тұтынған жолың бар? Ж.Айм. ~ Жөтелі басылған соң, тасымалдап тағы сөйледі: — Бұлардың тұтынған жолы, идеясы жақсы ғой, кедейге пайдалы. Түбінде қазақ ел болатын болса, балшабектердің арқасында болады. Тірі болсақ, көрерсің. Мен көрмеймін ғой…Ж.Айм.
ТҰЯҚ ТИМЕГЕН (ЖЕР)
Мал жайылмаған, оты мол жер. ~ Едәуір ұзап барып артыма қарасам, шаңдатып өткенім болмаса, тұяқ тимеген, бос қалған жер көп. Колхозда табыс аз. С.Бақ. ~ Бөкен бай әкесіне асты әрі тұяқ тимеген соны, әрі ат шаптыруға лайық жазық, әрі тұщы су шығатын топырағы асыл жерде өткізбекші. Ә.Кек. ~ Аспан қызыл – күреңітіп, күн көзі кіреуке тартты. Құм етегінің тұяқ тимеген изені мол екен. С.Ел.
ТҰЩЫ, (ТӘТТІ) ЕТІНЕ АЩЫ ТАЯҚ ТИДІ
Нақақ күйді; жазықсыздан жазықсыз соққыға жығылды. ~ Ендеше ұрыңдар, соғыңдар, қинаңдар! Тұщы етіне ащы таяқ тисе долданып, ашынып сөйлейтұғын, бойында бір бөлек айтатұғыны бар шығар! — деп, дүрсілдеттірді дейді. Жанына таяқ батып бара жатқан соң: – Тақсыр, дат!- дейді. "ҚЕ". ~ Тәтті етіне ащы таяқ тие берген соң келінжан да ашынған болуы керек. Көрші ауданда тұратын төркініне хабар айтып, Теріскендідегі басқарма ағасын шақырып, бірақ-ақ түнде түп көтере көшіп кетіпті. Б.Бол.
ТҰЯҚТЫҒА ІЛДІРМЕ, ТҰМСЫҚТЫҒА ШОҚЫТПА
Көлеңкеңмен қорғай жүр дегенге саяды. * Артымда көзсіз көбелектей болып балам қалып барады, тұяқтыға ілдірме, тұмсықтыға шоқытпа, бой жетіп келеді, өз қолыңнан шығарма… Қане, осыған бата қылалық. Б.Тоғ.
ТҰЯҒЫ ЖЕРГЕ ТИМЕДІ
Жүйрік аттың шабысы; құстай ұшты. ~ Осы мәрте қолына қалам алып, егжей-тегжейлеп, әр жолын, сөзін қуалап бас алмады. «Қобыланды батыр» жырындағы тұяғы жерге тимеген Тайбурыл тұлпар қатты әсер етті. Оңай жатталады екен, әр әрпі, әр үтіріне дейін көмейіне қорғасындай құюлы, жазулы. М.Қаб. * Кібіртіктеп бастаған директордың тұяғы қыза келе жерге тимеді. Директор болғанына, міне, биыл табаны күректей он бес жыл. М.Қаб. ~ Ақ боз арғымақ Ақбұлыңға қарай заулап келеді. Осы өңір әңгіме қылғандай бар екен, жануардың танауы парылдап шапқанда, тұяғы жерге тимейді. Жүйрік атқа жер алыс па. Досмағанбет түн ортасы ауа Ақбұлыңға да келіп жетті. Н.Дәут.
ТЫҒЫЗ-ТАЯҢ УАҚЫТ
Қарбалас кез. ~ Аңқаубай да аңдымай жүре ме? Дүниесінің бәрі қараң қалатын болса да, үйден аттап шықпай отыруға бар. Бірақ байдың үйінің «тығыз-таяң» жұмысы болып қалып, Аңқаубай соған шақырылады; өз жұмысын істеуге ерініп отырған кісі, байдың үйі шақырғанда аяғын ұшынан басып жөнеледі. Амал қанша, бармаса, күлін аспанға шығарады ғой. Б.Майл. * Генерал қоштасып штабқа жүріп кетті. Мұратқа Ержан осы кеште Кәкібай әнін тыңдамақ ойы бар екенін айтты. – Уақыт тығыз-таяң. Бірақ солдат көңілін қайтарғым келмеді,— деді. Т.Ахт. * Талғардан көпірсіз жерден ешкім өтпейтін болса да, Бақтығұлға тегінде арғы бетке тығыз-таяңдау уақытта өтіп жүретін бір оңайлау жерді біліп қою керек еді. М.Әу.
ТҰЯҒЫМЕН ЖЕР ТАРПЫДЫ
Делебесі қозып, ауыздығымен алысты; шыдамсызданды. * Осылай басындырып қоямыз ба. Біз де ел, жұрт емеспіз бе. Жиналамыз. Қарумен барып, тінтеміз" деп, тұяқтарымен жер тарпиды. С.Жүн. ~ Айғыр құлан тұяғымен жер тарпып, танауы делдие, иегіне өскен түгі сойдиып, көзі қанға толып, адыраңдай басын кекжитті. А.Кем. ~ Сол сәтте Таумаңды таныған Күрең тұлпар кісінеп жіберді. Бастан айырылған дененің гүрс етіп құлағаны болат тұяғымен жер тарпып тұрған тұлпардың шұрқырасуымен қабаттасып Тауман ойлаған қатер бұлтын сейілтті. С.Досан.
ТЫҒЫНЫ АҒЫТЫЛДЫ
Босады, кедергі жойылды. ~ Мен келгенге дейін, — деп шағынатын Купер, — бәрі де тыптыныш болатын. Мен қалай келісімен, бәрінің де тығыны ағытылып жүре берді. К.Паус. ~ Кең дүниенің ысқырып, апшысына қуырды. Содан кейін тығыны ағытылған айқай дауылдайын сырнай дала төсін сырғып, азынап, аңырап ақты. С.Ел.
ТҰЯҒЫН БАСТЫ (ЖАЛҒАДЫ)
Біреудің өмірін (ісін) жалғастырды. * Апырмай, тұяғыңды басады, атыңды жалпақ жұртқа жаяды деп үмыттенген ұрпағың енді он жыл, он бес жыл өткенде де өзіне ұқсап күйбеңдеп тары ексе, түйе сауса – несі қызық?! Д.Досж. ~ Байбөрі қанша бай болып, дәулеті шалқып жатса да, жүрек түкпірінде орны толмай, орындалмай жүрген бір арманы болатын. Ол — тұяғын жалғап, орнын басар, түтінін түтетіп, шаңырағына ие болар бір перзентінің жоқтығы еді. А.Сей.
