Posted in

САП АЛТЫН

Қоспасыз, мінсіз, тап-таза (алтын). ~ Аналық сонда толғайды: — Бір жылқыдан кем шаппас, Келінжан баққан бурыл ат. Денеге мылтық тигізбес, Үстіңе киген алаңқат, Қынаптары сары алтын, Ұстаған жері сап алтын, Балдағы алтын шар болат, Шырағымның шыбын жан — Бәріңе бірдей аманат! "Қобыланды б." `А.Байт.) ~ Не тілесең менде бар: Сансыз қызық көп нәсте. Хош иіске толтырар. Березе, гүлді маңайын: Бұлақтарым мерует, Сап алтыннан сарайым — — Жан- ата, орман патшасы Сөйлеседі менімен. Мерует, маржан, қуаныш, — Жаным, жаңылыс естисің — Береді алтын кенімен! — (Береген патша ол неткен?) А.Байт. * — Осы елдің өзі консерваторияда екенін білмейтін бе едің? Мұндай сап алтын елде жиі кездеседі. Ғ.Слан. ~ Мақал-мәтелдер сол себепті де сезімді селт еткізіп, ақыл-ойға сәуле шашады. Сап алтындай таза, қоспасыз асыл сөздер. Ө.Айт.

Posted in

САНДА БАР (ДА) САНАТТА ЖОҚ

Қатар жүргенмен, сенім артуға болмайтын, жұрт онымен пәлендей есептеспейтін абыройы төмен адам туралы. ~ Көпшілік сорлы ғой. Санда бар да санатта жоқ. Егесте сойыл соғар, еседе құм қабар. Атаусыз, жоқтаусыз кеткені ғой. Бүгін міне, аппақ сүйек боп қырылғалы отыр. М.Әу. * Құқың жоқ. Айырып қойған. Құқынан айырылған адам ендігі жерде санда бар, санатта жоқ. Н.Дәу. * Қаршадай қарағым Қарашаш та аудандағы мектеп-интернатқа алынды. Жаз айларында ғана төбе көрсетеді, қалған уақытта санда бар да санатта жоқ. М.Қаб. * Осыған оянған мен дереу өзімді- өзім осы арадағы санатта болмағанмен, санда бар сезініп, сол баяғы бұғып отырған күйімде белімді жазып, кеудемді көтеріп шыға келемін. З.Қаб. * Көк карточка. Әне, үстел үстінде жатыр шаң басып. Санда бармыз, санатта жоқпыз. М.Қаб.

Posted in

САП БАСЫЛДЫ (БОЛДЫ)

Көңілі оқыс бұзылды; тез тиылды; қайтып қалды. ~ … сұрағына жауап тосып қалған бейкүнә райын көргендене дерін білмеді; әлденеге шамданып, ызаланғандай болған, ілезде сап басылды. М.Сүн. ~ Айкүмістің үйіне келе жүре бал аның айналасына баруды қояды, өзінен туған бала екенін білдіретін әрекет атаулыдан сап болады. Ғ.Слан. Оқыс тоқтады, саябырсыды. ~ Көрініс ұзаққа созылған жоқ. Шытынай сынған әйнектер мен төрт-бесмәрте атылған мылтық дауысы сап басылған шамада қоқыс арқалаған сарбаздар енді автобустан адамдарды демеп шығара бастады. Т.Әлж. ~ Жүрегін шарпыған қызғаныш Болтан марқұмды есіне алуы мұң екен, сап басылды. Ө.Кәр.

Posted in

САНДА БАР ДА САПТА ЖОҚ

Керек кезде тиісті орнынан табылмайтын адам туралы. ~ Биікбайдың көз алдына өз зәріне өзі айналып соғып, өз сасырын мұрын шиыра иіскейтін, санда бар да сапта жоқ, әрнеден ақ тауы қайтқан кәрі бұқа келген-ді. С.Бақ.

Posted in

САП ЕТТІ (ЕТЕ ҚАЛДЫ, ЕТЕ ТҮСТІ)

1. Оқыстан есіне түсті, ойына келе қалды; көңіліне оралды. * Дала. Дала деп атын айтсаң-ақ ойдағы ерік, ендік, құлпырып тұрған көкорай шалғын, төбесі мұнарланып, тұманданып көкке тірескен асқар тау, күмістей таза бұраңдап ағып жатқан өзен, тағы санап түгесілмес жасағанның жаратқан табиғатының әдемілігі көңілге сап ете түседі. М.Жұб. * Есіне анау жолғы түнде ханымның бөлмесіне барғаны сап ете қалды. Ә.Кек. * «Қап, аристократ болған не теңі еді, аузынан-ақ қылғыта салмай. Енді не істесе екен?» Бір әдіс сап ете қалды есіне. Т.Сәук. * Содан «ойпырмай, мынау Дәу қара» болмаса қайтсін еді, деген ой сап ете түскені. Өтіп кеттім де, бірақ шыдай алмай қайта оралдым. Т.Ахт. * Аққұмның суын мұқым сағыныппын; арада күн өтпей жатып сайтанша сап еткен бұл неткен сағыныш, білмеймін, әйтеуір, түбіне дейін тамшы қалдырмай, сарқып іштім. М.Қаб. 2. Жетіп келді. * Міне, бүгін де ол көп ұзамай тағы да атқа қонатын келесі жорығы туралы ойланғалы келіп еді, есіне қайдағы бір алма сап ете қалды. Ә.Кек. * Ойда жоқта сап ете қалған комиссарды да көрген жоқ. Ә.Нұрп. * Кешкілік апақсапақта, айтқанындай-ақ Жәмила Сапабектікіне сап ете қалған. Жымыңдап, оны сыртқа шақырды. Қолына қағаз ұстатты. Ш.Құм.

Posted in

САНДЫҚ ТАС

* Бурабай тауының күзгі түні аса сұсты. Бір-біріне міңгесіп, иек артысқан түйе өркеш, ит жон таулар, состиған шыңдар мен құзар басындағы жақпар-жақпар сандық тастарды жарып шыққан қарағайлар қазанның түп күйесіндей қара бұлтпен астасып, тұтасып алған. С.Жүн. * Ол мені аңдып, терезеден қарап тұра ма, болмаса аяқ басқан дыбысымнан тани қоя ма, дереу атып шығады. Күттірмейді. Қақпаның күн батыс жақ түбінде дәл Гауһар үйінің іргесінде үлкен бір бөрте шұбар сандық тас жатыр. Б.Соқп.

Posted in

САП СОҚҚАНДАЙ ҚЫЛДЫ

Түгін қалдырмады, тып-типыл қылды. ~ Мен ет пісіруге кірістім. Тірі бесеуге «біреуі ақ, төртеуі қызыл» бауырды алып, тұздықтап бердім. Олар әп-сәтте-ақ бауырды сап соққандай қылды. Б.Қыд.

Posted in

САНАТҚА КІРДІ

Ел қатарлы болды. ~ Нөсер соғыс әлемге жетіп жатыр, Ақ патша жұртқа пәрмен етіп жатыр. Ол пәрменде санатқа қазақ кіріп, Шот, қорегі жылтыңдап кетіп жатыр. Ж.Айм. ~ Басыбар. Не дейсің, кім таласыпты Арыстанмен. Ол Жетіру қашан санатқа кіріп еді Шекті жүрген орында? (Арыстанға.) Қайсысы еді алмағың бұнысының? Жалғыз дара шықпай, сен бе едің сарапқа түсіп сөзі екі болатын. М.Әу. ~ Ойынға кірген күндерде: «Есіктен биік жоқ! деп ем. Санатқа кірген жылдарда: «Ауылдан биік жоқ!» деп ем. Көз тастап қарлы шыңдарға: «Тауымнан биік жоқ!» –деп ем. М.Әлім. ~ Біз Таң екеуміз жұрттың бәрінен: «Есіктен кіріп төрге озғанымызға» қысылсақта, нұсқаған дастарқан столының ең басындағы бос тұрған «құрметті» екі орынға беттедік. Қ.Сім.

Posted in

САНСЫЗ КӨП

* Ақтөс өзі бұрын- соңды көрмеген жаңағы сансыз көп аппақ хай¬уандарға тағы бір дүркін бұрылып қарап еді … К.Сег.

Posted in

САНАТҚА КІРМЕДІ (ІЛІНБЕДІ)

Өз қатарынан қалыс қалды, еленбеді, бағаланбады. ~ Сонда Қызыл үйіктің басындағы ант ошаққа басындағы тәжін тастасын, астындағы атын ұстасын, ал әлгіндей бүкіл рулы жұрттың тілегі бір өзінің үстіндегі ала бөтен аяулы перзентті қайдан табады? Бөкенбай ол санатқа кірмеді. Есет ол санатқа кірмеді. Мұның өз тұқымы ол санатқа кірмеді. Сонда кім? Әлгілерден кем болмасын дейді? Ондай кім бар еді? Ә.Кек. ~ Саптан шығып, санатқа ілінбей қалған қазіргі мүскіл шағымда да мен кектілікті тектілікке, тебірлікті тебіздікке бағындырамын. Б.Қыд.