Сұқ саусақ. * Уықтың қарына шейін ұсталған кестелі шұға тұс киіз; алдында қызыл кардан кеседе сар қымыз, үсік қол мен ортан қолдың арасында қыстырулы (шылым) бопраз, қақ төрде Тұмарбай «төре» отыр. Ж.Айм. УКАЗАТЕЛЬНЫЙ ПАЛЕЦ
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР
Бұл категорияда сөздікте келтірілген 25 мың фразеологизмнің ішінен пайдаланушы іздегендері ретімен көрсетіліп отырады.
ҮСТІНЕН ЕР АЛМАДЫ
Ат үстінен түспеді. * Жүректің тарқап болмай түгел кегі, Үстіңнен ер алмаймын, Шабысыңды Көрсет сен, маған енді бәйгідегі!» С.Мұқ.
ҮСКІРІГІН БОРАТТЫ
~ Қыл үстінде жүргендей анау Барақ, Магомед, Күржіктер қай тұсымнан үскірігін боратады деп қылпылдаған жанынды қайда қоясың? С.См.
ҮСТІНЕН ЖҮРДІ
1. Әйелі бар ер адамның ойнастық жасауы туралы. 2.? Еркек шіркіндер ғой опасыз. Көзі тіріде бақа бас еркектің алтын басты әйелді аяққа басып, үстінен жүріп, өлгесін де төсектегі орны суымай жатып, сұқақтап әйел іздейтінін қайтерсің бұлардың?..» Ә.Нұрп. Сонда Айғанымның имамды қорқытқан құралы: «біріншіден — қазақтардың үстінен жүргізіп тұрған ақындығыңнан жұрдай қылам. Оған өз күшім жетпесе, құдамның күші жетеді… С.Мұқ.
ҮРКЕ ҚАРАДЫ
* Ертай сынды бірер азаматтар болмаса ауқатты ағайын есігінде жүргендердің өзі жат жерден табыс табуға үрке қарады. Е.Мұх.
ҮСТЕЛГЕ ҚОЛЫ ЖЕТТІ
Лауазым алды, жақсы орынға отырды. * Бірақ Нұрлыбайға бір қырсық кездесті. Арыз алатын жер жоғарғының бәрін ашып білгісі келді. Осыны істеп отырған басқа адам болса екен-ау, өзінің жақын көріп жүрген адамының бірі, талай бірге қонақта болып, ең арғысы Нұрлыбай арқылы үстелге де қолы жеткен кісі… Б.Майл.
ҮСТІНЕН ҚАРАДЫ
Әмірі жүрді. «Е, бұл генерал мына ғажап үйдің үстінен қарайды екен ғой» деген оймен иеленіп, сасып -салбырапжайымызды айта бастадық. Б.Соқп. Болмаса өзінің үстінен қарайтын бір әйдіктің әйелі не қарындасы ма екен? Қалай дегенмен ерсі-ақ. Т.Сәу.
ҮРКЕК КӨЗ
~ Үркек көздері "сен кімсің, мұнда неге келдің" дегендей сұраулы, жақтырмаған қалпын жасыра алмады. Ә.Тар. ~ Есін жиса, есеңгіреп есігінің алдында тұрыпты. Түкке түсінбей, кері бұрылды. Тағы да үдірейе қараған үркек көздерді көрді. С.Нұғ. Бір ғажабы, Кольканың әкесі, ұзын бойын тік ұстайтын, кезінде зиялы болған- ау, шамасы, үркек көз кісі, өзінің қарауындағы тапал қарадан қорқа ма, қалай, соған жалтақтап қарай береді. Ә.Тар. ҮРКЕКТЕГЕН БИ ЕДІ, ИТТІ КӨРСЕ ИЕДІ / Мәтел.
ҮСТЕМ БОЛДЫ
Билігі жүріп, сөзі өтті. — Біз жеңеміз, өйткені ісіміз ақ. Барлық адам баласы бізбенен жақ. Дүниеге зұлымдық үстем болып, Тұрмақ емес, әділдік жеңуі хақ! Ә.Нұрш. Осы тұқымдардың қайсысы үстем болса, нақтырақ айтсақ, қай тайпаның қызы «алтын тізгінді» қолынаалса, сол ұлыс сарай саясатына белсене араласты. Т.Жұрт.
ҮСТІНЕН ҚҰС ҰШЫРМАДЫ
Қызғыштай қорғап, бағып-қақты. Тегінен балажанды кісі, ұлдан көрген үш немересінің үстінен құс ұшырмай, мойнына мінгізіп еркелетіпұстаушы еді. О.Бөкей. Гүлияны жанындай жақсы көретіні рас-ты. Үстінен кұс ұшырмай қызғанатын. О.Бөк. Құдай-ау, менің жазығым не? Үстінен құс ұшырдым ба, тамақтан, киер киімнен тарықты ма? О.Бөк.
